Ғарифолла Есім 70 жаста
2017 ж. 28 сәуір
4172
0
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі ғалым, профессор Ғарифолла Есімнің 70 жылдығына арналған «Биік парасат иесі» атты шығармашылық кеші өтті.
Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Кешке Сәрсенбай Еңсегенов, Сұлтан Оразалин, Тұрсын Жұртбай секілді бірқатар зиялы қауым өкілдері, жас ғалымдар мен оқырмандар қатысты.
Ғарифолла Есім – 1947 жылы 15 сәуірде Павлодар облысы, Лебяжі ауданындағы Жалтыр көлінің шығыс жағалауындағы шағын ауылда туған. Семейдің педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған.
«Хакім Абай», «Санадағы таңбалар», «Абайдың дүниетанымы мен философиясы», «Прошлое в настоящем», «Адам – зат», сияқты кітаптардың авторы. Мұхаммед Икбал сынды шығыс ойшылдарының шығармаларын қазақ тіліне аударған.