Леонардо Ди Каприо Қазақстанға келеді
2017 ж. 26 қаңтар
2017
0
Жолбарыстардың басты қорғаушысы, Голливуд жұлдызы Леонардо ди Каприо Қазақстан үкіметі мен Жабайы табиғат әлемдік қоры арасындағы келісімге қол қою үшін Астанаға келуді жоспаралап отыр деп хабарлады G-Global "Жасыл экономика" және даму коалициясы басқармасының төрайымы Салтанат Рахимбекова.
Әлемдік жабайы табиғат қоры Іле-Балқаш өңіріндегі экожүйе мен жолбарыстар популяциясын қалпына келтіру бойынша ірі көлемді жобаның бірінші кезеңінде Қазақстанға 10 миллион еуро бөлмекші. Келісімге 2017 жылы 8-9 қыркүйекте қол қойылады. "Жабайы табиғат қорының делегациясын Нидерланды принцессасы Лауренти бастайды, ол Нидерланды климатының өзгеруі бойынша Қордың төрайымы болып табылады. Сонымен бірге, БҰҰ-ның климат өзгерісі бойынша елшісі және WWF жолбарыс бағдарламасының елшісі Леонардо Ди Каприо келеді", — деді Рахимбекова брифингте.
Дереккөз: Караван