Сәмединова қызын пышақтамақ болған сәләфит күйеу баласы туралы айтты
2017 ж. 24 қаңтар
10037
13
Танымал қазақ әншісі Бағдат Сәмединова жеке өмірінде қиындықтарға тап болған қызының тағдыры туралы ашып айтты деп хабарлайды NUR.KZ. Отбасына қатысты жан сырын ол "Қазақстан" арнасының "Әйел бақыты" бағдарламасында айтып берді.
"Менің үлкен қызым Меруерт кішкене тұйықтау. Ол да бала тәрбиелеп отыр. Менің мүмкін жіберген қателіктерім де бар шығар. Меруерттің күйеуі намаз оқитын болды ғой. Онда да бір жаман ағымдардың соңында кетті. Сөйтіп ол қысым көрсетіп, паранжа жамыл деп күштеді. Тұрмыстары өте нашар болды. Қазір бірге тұрмайды. Бір күні баласын дәрігерге көрсету керек болды. Мен оған қанша апар десем де, ол маған "иә" дейді де, бірақ өзі апармайды.
Содан бір күні үйіне келдім де, баланы өзім апарамын дедім. Машинаммен келдім, "жүріңдер" дедім. Күйеу балам шығып амандасқан да жоқ. Әрең дегенде, Меруерт ұялғанынан ба, қорыққанынан ба әйтеуір шықты. Содан дәрігерге барып, қайтарда менің үйіме соқтық.
Үйіңе бар десем "Бармаймын, мен дәрігерге апардым, енді ол мені таяқтайды", - дейді. Бірнеше күн жатты, қайт десем қайтпайды. Сөйтсем істемегені қалмаған, қатты ұрып құлағына зақым келтірген екен. Қатты соққыдан құлағының жарғағы жарылып кетіпті. Он күндей үйде тұрды. Бір күні күйеуі келіп, кешірім сұрап, қоймай алып кетті. Шешесімен келіп, Қапшағайға барып біреудің үйінде тұрды.
Сол жерде жүріп, оның пышақпен, мылтықпен қорқытатыны қайтадан басталды. Неше түрлі істеген. Бір күні қатты ұрған. Пышақтамақшы болған кезінде ол қашып шығып, бір орыстың үйіне барып тығылыпты. Сол жерден хабарласып, "Мені келіп алып кет, мен болдым, шыдамым таусылды, - деді. Сөйтіп, ажырасты екеуі", - деп әңгімелеп берді Бағдат.