Бүркітші қыз Айшолпанның әкесі оларды Қазақстан азаматтығы қызықтырмайтынын айтты (ФОТО)
2017 ж. 12 қаңтар
3802
9
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын этникалық бүркітші қазақ қызы фотограф Ашер Свиденский оның суретін желіге жариялағаннан кейін үлкен танымалдылыққа ие болды. Бірақ, оның отбасы Қазақстанның азаматтығын алудан бас тартып отыр деп хабарлайды ARD порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жас аңшының әкесі Р.Нұрғайв та көпшілікке танымал болды. Жақында оның Моңғолияның ұлттық телеарналарының біріне берген сұхбаты жарыққа шықты.

Қызы Айшолпанды Қазақстанға шақырып, азаматтық алып беруге ұсыныс білдіріп жатқандар бар екенін де әкесі жасырмай айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Sia есімді әнші жас бүркітші Айшолпанға Angel by the Wings атты әнін арнаған болатын.