Өзге ұлттан туған баладан батыр шықпайды
2017 ж. 07 қаңтар
6179
4
Қазақтың біраз қыз-келіншектерінің «Фейсбуктегі» достарын қарап шықтым. Екінің бірі «достықтарына» біраз шетелдік еркектерді кіргізіп алған.
Бірақ олардың сөздерін ұға бермейді.
Солардың көбі түркиялықтар екен. Сол шетелдіктер мен түріктер қазақша білмейді, бірақ неге қазақтың тек жас қыз-келіншектерінің «достығына» кіруге ұмтыла береді?
Меніңше, қыздарымыздың шетелдік еркектерді «достығына» қабылдауы олардың қойнына кіруге дайындалудың бір түрі сияқты. Олардың «достықтарынан» қара нәсілділерді, орыс, қытайларды, үндістандық, пәкстандық, ирандықтарды, сосын түрік, әзірбайжан, армян, тағы басқа кавказдықтарды көргенде өзімді қайда қоярға білмей қатты ыза боламын.
Талай қыздарымыз олардан бала туып үлгерген. Тағы біраз жартыбас қыздарымыз қап-қара бала, үндістандық-пәкстандықтардан бала тапқан.
Ал ата-бабаларымыз заманында бірде-бір қызды шетелдіктерге бермеген.
Айтайын дегенім, жігіттерімізден намыс кетсе, қыз-келіншектерден ұят кетеді.
Құранда «Әйелін қызғанбаған еркек жұмаққа кірмейді» делінген. Егер еркектер әйелдері мен қыздарын бөтен, бұзық ойлылардан қызғанбаса, онда қоғамымыз бүлінеді. Қыз бен жігіттің арасында баянды махаббат болмайды. Осыдан ажырасулар көбейеді.
Қазір дұрыс айтып тұрған нағыз ерлерге қарсыласатын ақырзаманның жартыбас қыз-келіншектері мен сөздері қатындікіне ұқсас ез еркектер көбейді.
Алла-тағала қазақ қызды тек қазақ жігіті үшін жаратқан. Осыны әрбір қазақ қызы дұрыс түсінуі керек.
Қазақ қыз өзге ұлт еркегіне тисе, ол қазақ жігіт үшін ұлтын сатқан нағыз сатқын болып есептеледі. Бұл жерде қазақтың намысты, текті ерлері не десе, сол заң болып есептелінеді. Ал намысы жоқ ез еркектердің сөздері есепке алынбайды. Өйткені ұлттық намысы жоқ ездердің сөздерін заңға енгізсек, онда ұлт езіліп, жойылып кетеді.
Өзге ұлт еркегімен жақындасқан қазақ қыз ертең қазақ жігітке тұрмысқа шығып, қазақтан бала көтерсе, баласы өскенде жауға шаппайды. Бұндай қан бұзғыш, сатқын, харам қыздардан туған балаға ат қойғанда қазақтың батырларының есімін қоймасын. Өйткені одан бәрібір батыр шықпайды. Өз арын былғаған тексіз қыздан туған баланы текті ата-бабамыздың әруағы қолдамайды.
Жәнібек ИМАНМӘЗІР,
Дереккөз: zamana.kz