Рух. Ұлт. Дәстүр

ХХІ ғасыр алдымызға бұрын ескерілмеген, немесе сан қилы себептермен айтылмай келген жаңа рухани проблемаларды көлденең тарта бастады. Солардың бірі өткен ғасырларда отаршыл елдердің құрсауында болып, одан кейін де әртүрлі формациялардың әсерінен ассимиляцияға түсіп, рухынан, тілінен айрыла бастаған ұрпақ тағдыры екені сөзсіз. 2004 жылдың қыркүйек айындағы лингвистердің есебі бойынша әлемде 6809 тіл қалыпты. Осылардың ішінде ең тілі көп, яғни 845 тілде сөйлейтін мемлекет – Үндістан. Ғаламдағы тілдердің 90 пайызын 100 мыңға жетпейтін халық тұтынады, ал 357 тілде 50-ге дейін, 46 тілде бір-бір адамнан ғана сөйлейді екен. Әрине ол тілдерді толық жойылды деуге әбден болады. Адам баласының өз табиғатында жалқыдан жалпыға қарай жол тартатынын ескерсек, өз халқының тіліне, салт дәстүріне, сан салалы рухани құндылықтарына терең тамыр жіберген адам ғана өзге ұлттың тіліне, жан байлығына, рухани парасатына құрметпен қарай алады... Өзіміздің баға жетпес негізгі үш бақытымызды, бұл күнде бағамдай алдық па, жоқ әлде жаһандану кезеңімен жоғалтып алдық па? Сылбырлық, немқұрайлылық, менсінбеушілік, жуандану сияқты дертті мінездер тұрғанда әй қайдам...

Ұлттық дәстүрлі мерекелерін насихаттау

ултт

Қазақстан Республикасының Ұлттық дәстүрлі мерекелерін жастар мен жасөспірімдер арасында насихаттау жөніндегі 2011 жылға арналған іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы премьер-минстрінің кеңсесінің бастығының 2010 жылындағы 8 желтоқсандағы №20-51/7233 тапсырмаға сәйкес және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Минстрлігімен Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат Минстрлігімен бекітілген бірлескен іс-шаралар жоспарына байланысты бұйрық шығарылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық дәстүрлі мерекелерін жастар мен жасөспірімдер арасында насихаттау жөніндегі 2011 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы бұйрық бойынша университет ішіндегі басшылар мен проректорларға, факультет декандарына, тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім бастығына, баспасөз қызметінің директорына т.б. арнаулы бөлімдерге жіберілді. Енді университет ішіндегі ұлттық бағыттағы мерекелік іс-шаралар жүзеге асатын болды. ПМУ ректоры Е.Арын бір жылдық іс-шаралар бағдарламасын бекітіп берді: Жастармен жасөспірімдер арасында әсіресе мектептерде, арнаулы және жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелердің атап өтілуінің тарихи себептері жайлы түсіндіру жұмыстарын дәрістер оқу арқылы жүргізу; Кураторларға арналған білім беру ұйымдарында ұлттық және мемлекеттік мерекелерді ұйымдастыруға көмекші әдістемелік құралдар әзірлеу; Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесі аясында ұлттық көкпар, қыз қуу, тоғызқұмалақ, қазақша күрес және т.б. іс-шараларды жастардың қатысуымен ұйымдас­тыру, кеңінен насихаттау; 15 сәуір – Ұлттық ғашықтар күніне орай «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» байқауын жастар арасында кеңінен атап өту және т.б. айтулы ұлттық бағыттағы мәдени іс-шаралар өз кезеңінде жүзеге асатын болды. Бұл біздің ұлттық ойымызбен ұлттық дәстүрімізді дәріптеп ұлттық рух аларына сенеміз. Жастар бағытында қазіргі күнгі адасушылық көп кездеседі. Орталықтан ұйымдастырылған мұндай іс-шаралар университетіміздегі жастар санасына ұлттық құндылықтарды ұғуына, титтей де болса сезінуіне мүмкіндік болады. Университет аясында өтетін мерекелік шаралардың өз идеясы және өзінің мемлекеттік тіліне деген қандайда бір құрметі болуы керек. Ұлылықты берген екен, құл былықтан басымызды ада ұстайық. Мister Мiss ПГУ 2011 Егер тілім жойылатын болса ертең, Онда құдай мені бүгін алмай ма? Расул Ғамзатов «…Біз ПМУ-дың мистерін осыдан 50 жыл бұрын таңдаған болатынбыз, содан кейінгі мерейлі жасты артқа тастап бүгін міне ПМУ-нің Мистері мен Миссистерін таңдағалы отырмыз. Университеттің қабырғасында өтетін мұндай мерекелі игі шаралардың біріне хош келдіңіздер»,- деп бастады Мистерді жүргізуші. Не десекте «ПМУ универси­тетінің 2011 жылғы Ханзадасы мен Ханшайымы» деп айтуға бізге әлі ұят сияқты. Өйткені қалтасы тесіліп тізесі жыртылуға шақ тұрған қазақ тіліндегі қойыртпақ сөзді қайтеміз. Біз болашақпен өмір сүреміз ғой жастар. Ағылшынша атақ алып, атымызды да алапес қып өзгертіп жатқанда, «Ханшайым – Мисс, Ханзада – Мистер» деп өзгеріс жасауымыз қате. Бұл біздің қазіргі университет қабырғасындағы оқитын оқушылардың жалпақ көзқарасы. Қазақ тілінің қолданысы біреуді мақтау, біреуге қағаз жүзінде бұйрықты орындату немесе осы мерекедегі жүргізуші қыз секілді: «армысыздар, керемет, қарсы алыңыздар»,- деген сияқты кездерде қысқарып шығуға жаралған. Сонымен Мистер мен Миссиске қатысушылар төмендегідей: Жұмабеков Бауыржан мен Нұғыманова Әлия, екінші жұп Ғабдумажит Арман мен Қозыбаева Анель, үшінші жұп Қасенов Азат пен Мұқанова Айым, төртінші жұп Адамғалиев Ермек пен Дүйсенбаева Әлия, бесінші жұп болып Тастайов Тұңғат пен Тұрашева Жадыра болып өнер көрсетті. Бір ғажабы қатысушылар қара көз қазақ жастары бола тұрса да конкурс шарты да, ар жағы мен бер жағы да орыс тілінде өткізілді. Қос тілді тістеген қос жүргізуші қазақша-орысша сөздікті тең дәрежеде аудара алмаған тәрізді. 95 пайыз орыс тілінде, 5 пайызы қазақ тілінде өтті. Бұл біздің Мемлекеттік тілдің мүддесін жасаған бармақ басты – көз қысты әрекеті. Солай болды да. Қазақтың қара көзі қазақ тілін жеткізерде өз-өзінен сөзден жаңылып, мүдіріп, мүлдем мылқауланып қалды. Негізінен ондай мазаққа қазақтың тілі қалай қарайды екен? Жалпы үш турдан тұратын ойын шартына тоқтала кетсек: 1) бөлімде жұптар бір-бірімен қалай танысқаны туралы қысқаша сюжетті қалжыңға құрылған видео көрсетті. Оны өз тілдерінде біздің махаббат қалай басталды?,- деп те атап жатты. 2) бөлімінде сайыскер жұптар «ғашықтың тілі тілсіз тіл» деп айтқан Абай атамыздың ойына өздерінше айдар қойыпты. Қазіргінің ғашықтарының тілі «ымды білмесең дымды білмейсің» дегендей бірін-бірі бет-ауыз, қол қимылымен бірінің ойын бірі түсіндіретін кезең болды. Мәселен, жүргізуші жасырған сұрақтың бірі: «Мен итке тамақ беруді ұмытып кетіппін, Мен үтікті өшіруді ұмытып кетіппін...» деген сияқты жағдайларды бүлдіріп те, күлдіріп те көрсетіп жатты. Компьютер басты жарты адамдардың жасағаны тәрізді қазір бәрі де заманауи жарыстар жаңалығын көрсеткендей. Бір қуанарлығы би бөлімінде «Қара жорға» биіне шыққан жұптарға отырған көрермендер құлшына қол соғып жүзден бір рет болса да ыстық ықыластарын білдірді. Содан-ақ байқауға болады біздің Керекулік жастарда ұлттық намыс, рух жоқ емес бар. Бірақ әлсіз тамырда тым-тырыс ұйықтап жатыр. Жұптардың еш кінәсі жоқ, орындауға бәріде құлшына кірісті. Үшінші бөлім әр ұлттың биіне арналса, төртіншісі Қазақстан тарихынан сұрақтар қойып конкурсты тәмәмдады. Қортындысында №1 жұп Жұмабеков Бауыржан мен Нұғыманова Әлия казіргінің қазақ тілі ой кешіріңіз моды тілімен Мister Мiss ПГУ 2011 жеңімпазы аталды. Әр елдің биіктігі оның рухының биік болғанында. Қазіргі жаттау, мен көшіру қауіпі белең алғаннан соң, ұлттық бояудың өшуі ғажап емес. «Мeн қай тілдe eркін сөйлeп, oқи алам, жаза алам, Білім, жұмыс, нан таба алам, сoл тіл – мeнің өз анам»,- деп айтқан екен ұлы бір кемеңгер ағамыз. Соған қарағанда біздің жастарымыздың анасы екеу болғаны да. Жоғары­дағы аталған биылғы университет мерекесіне арналған ұлттық дәстүрлі мерекелерге бұл мерекенің қандай қатысы бар, не қосары бар екенін білмедік. Ұлттық мерекелерге қарсы келекелер... Ертелі кеш ұлылыққа ауғанымен аңсары, Біздің қоғам ергежейлі дарындардан шаршады... Әй, қазақпысың деген, өзімізде де бар…Егер сен қазақ болсаң, дінің ислам, аузыңда Аллаң болса, бағытың құбылаң болса – сен әулие Валентин күнін тойламау керексің. Өте жиіркенішті. Ол көгілдірлер былығы болмақ. Монахтың құдайдың алдында күнәхар болып жезөкшемен жатқан күні дейді. Бір мәліметтерде котоликтердің өз ішінде атап өтетін сүйікті мерекелері болған. Бірақ ол да көгілдірлер әлемінің жасанды тарихынан болған өте жат (мереке 14 ақпан) үлкен күнәнің жасалған күні. Бұл айтылып та жүр, жазылып та жүр. Қазіргі кезде алысқа ұзамай-ақ қояйық, университет қабырғасында білім алушы жастардың арасында да бұл қараңғы бұлт үйіріліп тұр. ПМУ жатақханасында осы бір былық мерекенің басын шарадай қып тойлатып жатады. Былтыр да, биылда. Ондағы әрекеттері әмесерлер әлегін көтере отырып, онсызда ұлттық рухтан жұрдай адасып жүрген жастарымыздың жолын жаңылдыруда. Бұл біздегі ең үлкен масқаралық…Көз алдымда санасы сәулелі екі студент қазақтың қара көздері кетіп бара жатқан еді, байқамай қолындағы кітабын құлатып алды. Қыздан бұрын иіліп ала бергенім сол еді 20 шақты жүрек формалы «әумесер Валинтиннің» құттықтау қатырма қағаздары сау етіп төгілді. Жан шошырлық оқиға. Кітапты көтергеніммен аналарды жинауға қолым бармады. Қыздар таласа жинап әлек. ау, қарындастарым бұл бізге үш қайнатса сорпасы қосылмайтын мереке гой, тіпті бұның тарихы жиіркенішті,- деп едім қыздардың да әбден санасы сорға малыныпты. Маған: а, бізге бәрібір ғашықтар күні бәрімізге ортақ,- деп айналды да жүре берді… Қазақтың қылықты қызы мен ұлықты ұлы бұлай дегенде, мектеп пен балабақшадағыларды атамай-ақ қояйық. Біз бір нәрсені қатты естен шығарып алғанбыз. Ұлттық мерекені былай қоя тұрып ұлттық дәстүрге тиек тағып күмбірлете күй шертіп жүрген өз маман иесі болмаса, иек астынан қарайтын қазақтар қаншама.Тіпті тарихтағы тұлғаларымыз, талай дастан-аңыздарымыздың арасынан бұл мерекенің тамтығы да жоқ. Қайран бабалар, сендер естімеген сұмдықты бүгін балаларың жасауда. Қазақтың қанында бар құндылықты, өзгенің өгіз терісімен қаптап сайқымазақ жындылық істеуді қашан қояр екенбіз... Қалайда айту міндет: «Ақ серек пен көк серек, бізден сізге кім керек» - десе қазақ, мынау: - тамырын тұлдыр ғып, болашағын бұлдыр ғып, жатты аңсаған жастарға өз тілін өздеріне жұлдырып, бөліп-бөліп былдыр ғып, еш адамға керексіз тоқым кылып тартамыз дыр-дыр ғылар тілің керек... «Ақ серек пен көк серек, бізден сізге кім керек» - десе қазақ, анау: - белін үзген мықтының, ұран салса бұқты мың, алғыр жолдың тіп-тігін көрсетер ұлттығың керек... «Ақ серек пен көк серек, бізден сізге кім керек» - десе қазақ, сонау: - алтын тамыр астығың, ұлттың ұйықтар жастығын, тарихымның тас тілін тербететін дәстүрің керек... Үш мамық та, үш анық та осы. Бұлардың жасанды жат ауызға жұтылып немесе жұмған жұдырығымыздан құтылып кетпесіне кім кепіл. Үкілі үш найзаның басын матастыра байлап тереңге бойлата табжылтпай тұруға – ұлттық рухтың күші ғана жетеді. Қалайда «қазақ бол, қазақ бол», - дей бермей, түйінді бірлесе тарайық, алайда өзімізде, өз тіліміз бен дәстүрімізге дұрыстап қарайық... Әміржан Болатханұлы Amirjan_86@mail.ru