Оразкүл Асанғазы: Қазақ қыздары Шымкенттің жігіттеріне күйеуге шығуы керек
2016 ж. 10 желтоқсан
12527
24
Экс-мәжілісмен, қазақ тілінің жанашыры Оразкүл Асанғазы еліміздің өзге өңір қыздарын Шымкенттің жігіттеріне тұрмысқа шығуға үгіттеп жүр, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.
«Алтын құрсақты аналар қазақтың санын көбейтіп жатыр, енді біз сапасын көтеру үшін балаларды қазақ тілінде оқытайық, аналар. Басқа тілді біле берсін, мынау Голландия, Англия елдерінде барлығы ағылшын тілін біледі. Бірақ бір-бірімен ешқашан ағылшын тілінде сөйлеспейді. Біліңдер, оқыңдар»,-деді ол.
Мұнан соң Оразкүл Асанғазы ханым «Шымкент» дегенге үреймен қарайтындарға жауап айтты. Тіпті ол еліміздің өзге өңір қыздарын шымкенттік жігіттерге тұрмысқа шығуға үгіттеп те жүр екен.
«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай елдегі оқу орындарының студенттерімен кездесу өтті. Сол кезде мен «Қыздар, қорықпастан Шымкенттің жігітіне күйеуге тиіңдер! Шымкент келіндеріне үш-ақ ауданды басқартады. Одан кейін облысты басқартып, жоғарғы кеңеске депутат етіп жібереді» дедім... Ұнамағандардың көзі күйсін. Біздің Шымкенттің ұлы, қызы, келіндері елбасыға тіреу болып, киелі облысқа басшы болып келген Жансейіт Қансейітұлы бас болсын. Біз күндіз-түні Оңтүстік Қазақстанға қызмет етуге дайынбыз», - деп сөзін түйді Оразкүл Асанғазы.
Ақпарат ретінде айта кетейік, Оразкүл Асанғазы Жамбыл облысының тумасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданының келіні. Бір сұхбатында оңтүстікке келін болуына әжесі қарсылық танытқанын айтқан. Алайда ол қандай қиыншылық болса да шыдайтынын, себебі болашақ жарын шын сүйетінін айтып, райынан қайтпаған.