Тасмағамбетов ана тілі туралы өлең оқып, жастарды тебірентті (ВИДЕО)
2016 ж. 09 желтоқсан
11590
7
Жастардың үштілділік туралы сұрағына жауап берген Үкімет басшысының орынбасары Иманғали Тасмағамбетов тіл мәселесіне тоқтала келіп, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың тіл туралы өлеңін оқыды, - деп хабарлайды Қамшы порталы.
«Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутімнен,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, құлыным, жаным деген».
Ол сондай-ақ өз сөзінде, өркениетті ел боламыз десек ағылшын тілін міндетті түрде білуіміз керек екенін ескертті.