Ринат Зайытов өзін «ұйғыр» дейтіндерге жауап берді
2016 ж. 28 қараша
14181
8
Алматы арнасындағы «Өткір тіл» бағдарламасына қонақ болған азулы ақын Ринат Зайытов өзіне «ұйғыр» деп шеттеткісі келетіндерге адуынды жауап берді.
13 қарашада эфирден көрсетілген санында, Бағдарлама жүргізушісі Нартай Аралбайұлы: «Өзіңіздің түп нағашыларыңыз ұйғыр ұлтынан екенін, олардың Қытайда тұратынын жасырмай айтып жүрсіз. Атыңыз Ринат, әкеңіздің есімі Рефхат, сойыңыз Зайыт болған соң, «Ринат Қазақ па екен, жоқ па екен?» деп күдік келтіріп жататындар бар. Жақсы.кз-де бір мақала шығыпты. Өркен Кенжебек Ержан Әбдіраман дейтін азаматқа былай деп жазыпты: «Ұйғыр өгей баламыз ба? Неге қазақ ұйғырға қырын қарайды? Ринат Зайытовтың ұранында не шикілік бар?» деп аңдатпа жазыпты. Бұның не сыры бар?», – деп сұрақ қояды бағдарлама қонағына.
«Мен әу бастан жеті атамнан Қазақтың тәрбиесімен, Қазақ болып өскен адаммын. Есенқұл Жақыпбеков жарықтықтың шешесі орыс болды. Бірақ, қашан ол сахнаға шығып қазақ пен орыс тату болсын деді. Кіндіктен қай ұлттан тарады, сол ұлтқа қызмет етуге барлығы міндетті. Бұл біріншіден. Екіншіден, Қазақстанда тұрып жатқан ұйғырларды біраз зерттедім. Олардың өзі екі топқа бөлінеді. Қазақиланғаны бар, басқасы бар. Әкемнің шешесі 1958 жылы сол Қытайда қалып қойған адам. Әкем төрт жасында болғанда. Мен ол кісіні 2006 жылы бір рет көрдім Қытайға барғанымда. Басқа хат-хабарым да жоқ. Бөлек жанұясы бар, әкем хабарласып тұрады. Басқа туыстар араласады.
Ол ұранның артында ешқандай шикілік жоқ. Мынаны түсініп алуын сұраймын: Жаңағы Өркен Кенжебек деген өте ақылды адамдар көп. Бұлардың артында кімдер тұрғанын, бұлар не үшін ол әңгімені айтып отырғанын да жақсы білемін. Оны айтатын болса тағы да қазақ екіге бөлінеді. Ол шудың арасында кім қалады, тағы да Ринат Зайытов қалады. Өркен Кенжебек болсын, Желкен Кенжебек болсын түгеліне бір-ақ ауыз сөз айтам. Мен Қазақстанның баласы емеспін. Мен Қазақтың баласымын! Осы екеуін ажыратып алсын, өйткені мен Қазақ ұлтына, қазақ ұлтының болашағына тырнақтай үлес қоса алсам менің жер бетіндегі миссиям аяқталды деп есептей беруге болады. Соған қанша қажырым жетеді, мен соған қызмет етуге барымды саламын. Алып қашпа әңгімелер көп. Көп естимін. Жақсы адамның артынан сөз ереді. Ит үреді, көш жүреді», – деп жауап берді Айтыстың орақ тілді ақыны «Өткір тіл» бағдарламасының сұрағына.