Ұлттық интеллигенция ұлттың көшбастары болуы тиіс
2016 ж. 19 қараша
3554
3
ЕКІ ЕЛДІҢ ЕКІ ЗИЯЛЫСЫ


Бірде бір кемпір ескерткіштің алдында тақылдап өлең оқып тұр еді. Бір-екі-үш адам сахнадан түсіріп әкетті. «Не болды?» дейміз біз. «Совет өкіметіне қарсы өлең оқып тұр!» дейді. «Қамалып қалатын болды-ау, байғұс?!» дейміз жанымыз ашып. «Жоқ, - дейді украиндар- Былай шыға бере босатып қоя береді ғой...».
Ал, біз ше? Қандастарымызға қашан ара түстік?! Сексен алтыншы жылы-ау деймін, Сағат Әшімбаевтың үйінде қонақ едім. Сонда Сағат «Бүгін Колбинге Олжастың үстінен тағы бір арыз кетті. Соған қол қойған таныс бір жазушыға «Олжекеңнің сізге жазығы жоқ еді ғой?» деп, едім, «Ол маған үй әперген жоқ!- деді» деп қапаланып отырды.
Нағыз интеллигент осылай істей ме? Осы оқиға жаны таза Сағаттың өзегіне өрт, жүрегіне дерт болып түсті. Көп ұзамай Сағаттан да айырылдық.
Қазақ интеллигенциясы етек-жеңін қашан жинар екен?..»
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
Фейсбук парақшасы