АЙНАЛАЙЫН, ҚАЖЫЛАР, СЕЛФИ ЖАСАМАҢЫЗДАРШЫ!..

Айналайын, қажылар, сіздерге өтініш қажылыққа барып алып, жұмақпен сүйіншіленген жандай селфилетіп суретке түсіп оны елге интернетке жариялауды қойсаңыздар. Не масқара бұл?!

Естімеген елде көп деген. Кеше пәленбей адамға ауыз ашар беріп жатқан кезім, аузымды аушып жатқан кезім, жауып жатқан кезім деп оразада болмап еді енді қажылыққа барып Қағбаның алдында тұрып сәлфилетіп тұрысың мынау. Қай сасқаның? Рияшылдық деген барлық қажылығыңмен қоса өміріңді жұтып жіберетінін білмейсің бе? Махшарда Алла саған "Мен үшін не істедің?" десе "Сен үшін қажылық жасадым" дейсің бе? "Жоқ, оны ел көру үшін жасадың, расында көрді" десе не дейсің? Мүмкін Арафатта періштелермен сәлфи жасарсың? Басыңды сәждеге қойып жыла да бір қолыңмен түсіріп "жылап ақыретті ойлап жатқан кезім" деп те түссей суретке. Жоқ былай де: «Ақыретте тозаққа кетіп қаламын ба, қажылығым қабыл болмай қала ма?» деген кезім деп те бір түсіп қой. Шайтанға тас лақтыратын жерге бар де шайтанмен де бірге түс. Сосын оны Инстрагамға қойсай атақты боласың лайықты көп жинайсың бірақ сауап жинай алмайсың. Сен өзіңді өлтіріп тындың ғой мына қылығыңмен. Әлемге Қағбаға арт қарап, қырын қарап тұрғаныңды жарияладың ғой.Ақыретте де солай қалып қоямын деп қорықпайсың ба? Шіркін адам деген мұншалықты абыройсыз бола ма? Мүмкін ертең жаназаңды шығарып жатқанда оны да қоярсың Фбға, Инсқа. Өліп жатқан кезім, айналамдағылар менің достарым қараңдар көп жиналыпты яғни көп лайык деп. Жалпы Фб, Инс дегендер еріккеннің ермегі ғой. Әсірсесе Инс деген нағыз өзімшілдік ордасы ғой. Сол ермекке сен келіп қажылығыңды, намазыңды, оразаңды қойғаның не? Мүмкін қабірден де Мүнкәр, Нәнкүрмен де сәлфи жасарсың. «Мынау мені екі періште өмріңді қалай өткіздің деп сұрап жатқан кездері деп. Өмірін өзгеге жарнамалап суретпен өткізгеннің ақыретте тек сурет өмірі ғана қалады бауырым.

Иә, мына заман Исламның рухы өлген заман. Жоқ ол өлген жоқ, мұсылмандар өздері өлтірді. Бәріміз өліге айналдық. Кешегі мұсылманның мағлұматы тарыдай, иманы таудай еді, қазіргі мұсылманның мағлұматы таудай, иманы тарыдай болды. Бұрынғы қажылардың көзінен жас кетпейтін болса бүгінгі қажылардың жүзінен күлкі кеппейтін болды. Қажылық туризмге, инстрагамдағы эгоизмге айналды. Мендей қап-қара күнәһарлар қажылар келсе қолынан сүюші едік, әулие көруші едік, тәу етуші едік ал енді Шоу ететін болдық. Тек тойлар мен телеарналар ғана емес ғибадаттарда да шуға айнала бастады. Ақырзаман жақындады. Алладан басқа көмекші жоқ, Алладан басқа жәрдемші жоқ, Одан басқа күш пен қуат та жоқ.

Иә, Адам пенде пәни адамдарға танылсам деп армандайды. Ақыры Бақи Иесіне танылмай құрдымға құлайды…

Мұхиддин Исаұлының фэйсбуктегі жазбасынан