Тұңғышбай Жаманқұлов әріптестерінен сын естіді
2016 ж. 12 қазан
5678
9
Еліміздегі театр актерлерының кезектен тыс съезі 2 сағаттық дауға айналды. Өнер иелері аяқ асты жиынның өтуіне қарсылық білдіріп, басқосудың өтуіне басты себеп болған не мәселе екенін де түсінбеді.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Театр қайраткерлері одағының кезектен тыс съезі осындай қызу талқымен басталды. Театр және кино өнерінің белді актерлары мерзімінен бұрын жиынды өткізудің басты себебін түсінбеді. Сондықтан залдан кетіп жатып, орыннан айқайлай сөйлеулер көбейді. Алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген Тұңғышбай Жаманқұлов болды. Осы жиында “жаңа төраға” сайлауды жарғы талаптарына сәйкес өткізу керектігін айтып өтті.
“Дауыс беруді ашық немесе жабық форматта өткізуге толықтай құқылысыздар. Бірақ белгісіз себептермен әріптестердің басын қосып, оларға эмоциялық қысым жасағандарыңыз дұрыс емес”, – дейді ҚР халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов. Бірақ төрағаның тұжырымымен Асанәлі Әшімов келіспеді. Және әлеуметтік желіде тараған Жаманқұловтың сұхбатына жақсы баға бермеді.
“Мұндай мәлімдеме жасағаның дұрыс болмады. Бұдан кейін өсіп келе жатқан ұрпақ біз туралы не ойлайды. Мұндай мәлімдемеңнен кейін бізге келеді деп ойлайсың ба?”, – дейді ҚР халық артисі Асанәлі Әшімов.
Съезд актерлерге “мәңгілік ел” идеологиясын түсіндіру үшін шақыртылған. Сондай-ақ президент атап өткен 5 институционалдық реформаға театр майталмандарының қосар үлесін талқылаған. Осы ретте театр қайраткерелері одағының жұмысын сынағандар көп болды.
“Мастер класс қоюға, шетелге жіберуге, халықаралық фестивальдер ұйымдастыруға, жаңағы пенсионерлерге көмекке ақша жоқ дейсіз. Ол қайда?” – дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл.
Белгілісі театр төрағасы өз қызметінен кетпейтін болды. Ал “мәңгілік ел” тақырыбын талқыға саламыз дегендер 2 сағат ішінде тек бір ғана баяндама оқумен шектелді.