Жаманқұлов халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовті қалай сатқан?!.
2016 ж. 22 тамыз
8132
19
Қазақ театры дегенде ойға не оралмайды десеңізші. Сонау Кеңестік кезеңде түсірлген небір фильмдер мен сахналанған түрлі қойылымдар әлі күнге дейін өзінің көркемдік дәрежесін түсірмей, ұрпаққа үлгі болып келеді. Қазақстанның театр саласына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың бірегейі – Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов.
Әзағаң туралы айтқанда жон арқамыз шымыр етеді. Басынан талай тауқыметті кешірген саңлақтың өмірі әлі күнге дейін жұмбақ, әлі күнге дейін көпке аңыз.
Біз бүгін атақты Әзағаңның өміріндегі бір сырды айтсақ дейміз. Әңгімеге Әзірбайжан Мәмбетовтың “Сатқындыққа арсыз адам ғана бара алады” деген атышулы сұхбаты себеп. Аталмыш сұхбатты оқығанымда өз көзіме, өз-өзіме сене алмадым. Танымал адамдар осындай қылыққа қалай ғана бара алады деп таң қалдым…
Қара жер хабаршы болмасын, марқұм Әзағаң өз сұхбатында өзінің шәкірті Тұңғышбай Жаманқұловты аямай сынаған екен. Сынаған дейміз-ау, шындықты бетіне айтып, “ит терісін басына қаптаған”. Мэтрдің айтуынша, Жаманқұлов Абылайдың рөлін нашар сомдауымен қоймай, биліктің қуыршағына айналып кеткен.
Осы орайда “Новое поколение” газетінің кезінде жазған мақаласы есімізге түсіп отыр. Былай депті олар: “Тунгышбай на великосветских тусовках в буквальном смысле изображает из себя Аблайхана (один из последних исторических правителей казахского степного государства). На праздновании Миллениума в Астане “Аблайхан” прилюдно встречал чету Назарбаевых, пододвигал стул за Сарой Алпысовной. Представьте в подобной сцене “Петра Первого” и Владимира Путина! Жаманкулов для властей – не больше, чем дворовый актер”.
Шәкіртін осылай бір сыбап алған Әзағаң, ал ұстаздың шәкіртіне не айтса да жөні бар және Әзірбайжандай біртуар тұлға жай сөлеймейтінін халық жақсы біледі, ары қарай тіпті сорақы дүниелердің бетін ашады. “Асанәлінің айтуынша Тұңғышбай қазақ емес. Оның шешесі әлде қарашайы, әлде шешен халқының тумасы. Тұңғышбай жүрген жерде айқай-шу, ұрыс-керіс жүреді” деп сабақтады ойын атақты Әзағаң. Осыны оқығанда не ойлау керектігін де білмей қалдық. Әзағаңның Тұңғышбайды осылай сынауында шынымен де бір гәп бар-ау деп түйдік. Әйтпесе, кешегі 86-шы жылдың қаһарлы желтоқсанында елмен бірге алаңға шыққан Мәмбетов тектен-текке сөйлемейді ғой.
Желтоқсан демекші, Әзағаң желтоқсан алаңына жалғыз бармапты. Тағы да өзінің осы шәкіртін – Жаманқұловты ертіп алған көрінеді. Сұхбатында айтқандай, қанды желтоқсан алаңында Мәмбетовты полиция тепкілеп жатқан, Тұңғышбай араша түсудің орынына қашып кеткен екен.
Мына бір сөздерден кейін еріксіз көзге жас келеді екен. Қайран ағалар…
Бір ойланғасын, бұл сөздердің астарында шындық бар секілді көрінді. Естеріңізде болар, кезінде Жаманқұлов Әуезов театрының директоры болып тұрғанда бір күнде қазақтың маңдайына біткен хас таланттары – Асанәлі Әшімов, Меруерт Өтекешева, Рахилям Машурова, Жұмагүл Мейрамова секілді әртістерді театрдан қуып шықпап пе еді?!. Олардың Жаманқұловты сотқа бергені де есімізде. Айтпақшы, сол кездері халықтың сүйікті әртісі Асанәлі Әшімовтің “Жаманқұлов Абылай емес. Оған жарасатын жалғыз рөл – Дон Жуан” дегенін қалай түсінеміз?..
Ия, осындай дүниелерді оқығасын ойымыз сан-саққа бөлінді. Ел алдында жүрген ағалардың ұсақ қылыққа бой алдыратыны қалай? Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов Жаманқұловты неге жек көріп кетті? Жаманқұлов туралы неге көп адам теріс пікірде? Осы сұрақтар қойылған сайын қысыласын… Ағаларымыз таза болса екен деп ойлайсын…
Біз тек бір майталман әртістің бір әртіс туралы пікірлерін сіздерге ұсынып отырмыз. Бұл жерде біреуді қаралап отырғанымыз жоқ. Әркімнің өз пікірі бар ғой.
Айтпақшы, жақында Жаманқұловтың “пара сұрағандар” туралы сұхбаты шығыпты. Бірақ, мынандай дәйектемелерден кейін Тұңғышбай Жаманқұловтың сөзіне сенеміз бе? Сену қиын секілді. Театр өнері – көйлектің аппақ жағасы секілді ғой. Бір кірлетсеңіз ешқашан кетпейді.
Ал, сіз қалай ойлайсыз?
Алтай Сағидолда,
juldizdar.kz