Ботагөз АСЫҚОВА: ӘРБІР ҚОЙЫЛЫМ ШЕБЕРЛІГІМІЗДІ ШЫҢДАЙ ТҮСЕДІ
2016 ж. 14 маусым
2282
0
Ботагөз АСЫҚОВА, Әуезов театрының «Көркемдеу» цехының меңгерушісі:
ӘРБІР ҚОЙЫЛЫМ ШЕБЕРЛІГІМІЗДІ ШЫҢДАЙ ТҮСЕДІ
Театрда сахнаның декоракциясының да орны ерекше. Сахнаның қойылымға байланысты көркемделуі көрерменге ерекше әсер сыйлайтыны анық. Осы жөнінде бірқатар ақпаратқа қанық болу үшін М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының «Көркемдеу» цехының меңгерушісі Асықова Ботагөз Тоғыспайқызымен тілдескен едік. – Ботагөз Тоғыспайқызы, көркемдеу ісінің шебері ретінде еңбек жолын қалай бастадыңыз? – Мен, 1983 жылдан бері осы өнер ордасында еңбек етіп келемін. Осы сала бойынша кәсіби білім алғаннан кейін, бірден тетарға жұмысқа орналастым. Ең алғаш осы бөлімде суретші-декоратр болып жұмыс істедім. Кейін барып, «Көркемдеу» цехының меңгерушілігін қолға алдым. Бүгінде тетатрда қызмет етіп жүргеніме 32 жыл болыпты. – «Көркемдеу» цехының негізгі жұмысымен толығырақ таныстырып өтсеңіз... – Негізінен «Көркемдеу» цехының қызметкерлері сахнаны көркемдеу ісіне жауап береді. Яғни сахнаны киіндіреміз, бояймыз. Қазіргі таңда, «Ақан сері Ақтоқты» қойылымының көркемдеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл тұрғыда режиссер, қоюшы-суретшілермен бірлесе жұмыс істейміз. Қойылым болардан алдын сахнаның қалай көркемлетіні жоспарланады. Біз, қойылымды дайындап, үлгісі бойынша арнайы қоюшы-суретшілердің кеңесінен өткіземіз. Ары қарай сол үрдістер бойынша жұмыс жүргізіледі. – Қойылымыға дайындық кезінде цехтың жұмыс барысы қалай өрбиді? – Бізге режиссер, суретшілер кеңесі қағаз жүзінде сахнаның көлемін өлшеп, сызбасын әкеп береді. Сол сызбаға байланысты қоймадан материал алып, өлшемін көріп тігіп аламыз. Тігілген матамызды цехқа төсеп, сулаймыз. Сосын масштабқа бөліп, нұсқау берліген суретті саламыз. Матаны сулаған себебіміз, бояқтар матаға дұрыс салынады. Көркемдеу жұмысы осындай көп үдерістерден өтеді. Бәрі біткен соң, қайтадан машинаға әкеп сахнаға ілінетіндей етіп дайындаймыз. Одан кейін кем-кетістіктері арнайы мамандардың сүзгісінен өтеді. Жұмысымыз көркемдік кеңестен өткен соң барып, біздің жұмысымы премьераға шығады. – Бір қойлымды сахналауға, көркемдік дайындығына қанша уақыт кетеді? – Әр уақытта әр қалай. Кейде бір ай немесе бір жарым ай кетеді. Бізге тапсырма берген күнен бастап дайындаламыз. Мәселен, «Алмас қылыш» қойылымына бір жарым айдай уақыт кетті. Көбіне спектакльдің көлеміне және қоюшы – суретші, режиссердің шешіміне байланысты болады бәрі. – Театрда отыз жылдан аса қызмет атқарып келесіз. Бұл театрда небір сахна саңлақтарының еңбек еткені белгілі. Солардан кімдердің көзін көрдіңіз? Қандай қойылымдарын тамашаладыңыз? – Мен, театрға Шолпан Жандарбекованың кезінде келгем. Шолпан апай, ол кезде «Еңлік Кебекте» ойнап жүрген. Сондай-ақ, «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» қойылымын тамашалауға мүмкіндік алдық. Ыдырыс Ноғайбаевтай тума таланттардың көзін көрдім. Қазақ театрының дамуына өз үлестерін қосып, ат салысқан өнер майталмандарының біразын дерлік көрдік деп айта аламын. Ол кісілердің өнерлеріне тәнтімін. Құрметім де шексіз. Әр келген буын өзінің шеберлігін танытып жатады. Ешқайсысын бөліп жаруға да болмайды, бәрі театр үшін жүрген марғасқалар. – Отыз жыл бойы бір жерде тұрақты жұмыс істегеніңізді театрға деген ерекше сүйіспеншілігіңізбен байланыстыруға болатын шығар... – Әрине, мен өз ісімді жақсы көретін адаммын. Театр – өнер адамдарының ордасы. Ал сахнаны көркемдеп, қойылымға дайындап киіндіру ол да үлкен шығармашылық пен өнерді талап етеді. Мен, осы театрда жұмыс жасағаныма өкінбеймін. Бүкіл жастық ғұмырым осы театрда өтті. Әр адам өз қызметін жақсы көруі керек. Мамандығыма деген адалдығымның арқасында қаншама жылдан бері тұрақты қызмет етіп келемін. Ең бастысы біздің ұжымда ынтымақ пен бірлік бар. Осындай өнер ордасында жүргенімнің өзін бір ғанибет санаймын. – Әңгімеңізге рахмет! Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілейміз!Мархаббат ІЛИЯС
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-нің
Журналистика факультетінің студенті
qazaquni.kz