Зиялы қауым өкілдері айрандай ұйып отырған еліміздің берекесін бұзбауға шақырады
2016 ж. 21 мамыр
3476
11
Зиялы қауым өкілдері елді аптықпай, сабыр сақтауға шақырады деп хабарлайды Астана арнасы.
Әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан түрлі хабарламаларда 21-де алаңға шығуға үндейтін шақыртулар байқалып жатыр. Сол себепті ұлтымыздың бетке ұстар азаматтары айрандай ұйып отырған еліміздің берекесін бұзып алмауға шақырады.
Елбасы халықты ойлап барлығын шешіп жатыр. Арандатушыларға халқымыз сенбесін дейді олар.
"Провокация деп есептеймін мен. Басқа елдерде көріп жатармыз митинг өтеді, алаңға шығады улап-шулап, өз жағдайын айтады. Оларды билік естімесе, шығуға болатын шағар. Ал, меніңше, қазір осы айтылған әңгіме үкіметте, парламентте, арнайы құрылған комиссияда талқыланып жатса, себебі халықтың даусы естілді. Біздің президентіміз түсіндіріп жатыр ғой. Бірлік болсын, тыныштық болсын деп. Не керек одан басқа?", - дейді Қазақстан азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов.
Ал мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов халықты дүрліктірмеу керек екенін айтып, барлық қазақстандықтарды сабырға шақырды.
"Халықты дүрліктірмеу керек. Елдің арасын дүрліктірмеу керек. Әсіресе жастарға зияндық жасамау керек. Жастар бұл жерде сабыр сақтап, жаңағы айғайлап алаңға шығыңдар деп, үндеу тастап жатқандар - халыққа жаны ашитын адамдар емес. Ұлттың мүддесі - ынтымақ. Ырыс ынтымақ бар жерде болады. Ынтымақ жоқ жерде ырыс та тұрмайды. Елдің бірлігін сақтау керек. Өзіміздің елімізде, өзіміздің туған жерімізде бейбіт өмір сүргіміз келеді. Бәрін де тыныштыққа шақырамын", - дейді парламент мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Қуаныш Сұлтанов.
Дерек көзі: Астана