Ақберен Елгезек облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды

Қалың қазақтың ордасы болған Оңтүстікте әкімшілік қызметке тағы бір белгілі руханият өкілі келді.

 
 Aqberen
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Ақберен Елгезек  тағайындалды.
1980 жылы Алматы қаласында туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қалалық ішкі саясат департаменті қоғамдық-саяси бөлімінің бас маманы маманы болып бастаған. 2003-2015 жылдары «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі президентінің кеңесшісі, Алматы қалалық ақпараттық-талдау орталығының директоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жастар бірлестіктерімен жұмыс істеу бөлімінің бастығы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры лауазымдарын атқарған.
2016 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қоғамдық мониторинг бөлімінің бас маманы болып қызмет етіп келді. Біз белгілі ақын Ақберен Елгезекке жаңа қызметінде жарқын жетістіктерге жетіп, ұлтқа қызмет ете беруін тілейміз. qazaquni.kz