ШЫНАЙЫ МАХАББАТ ШЫҢЫ
2016 ж. 28 сәуір
2718
0
Жақында ғана жазушы Ертай Айғалиұлының «Мен саған ғашықпын!» атты романы «Заман принт» баспасынан жарық көрді.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі журналист, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ақпарат үздігі» төс белгісінің иегері Ертай Айғалиұлының бұдан бұрын да бірқатар кітаптары жарық көрген болатын. «Қара жапырақтар», «Сарайшық ханшасы мен Иван Грозный» романдары мен «Мен сені сағындым, әпке!», «Ақбарыс, американ және Аспантау үңгіріндегі қазына», «Қара бала, адам-қасқырлар және мұз сарай», «Алтын сандықтың құпиясы», «Шиебөрілері жылаған Сахарадағы жекпе-жек» хикаяттары және көптеген әңгімелері оқырман қауымның жүрегіне жол тапты. Жаңа роман кейпкерлері - қарапайым жастар. Олардың балалық шағынан бастап үлкен өмір соқпақтарынан өтіп, нағыз күрескерлерге айналғаны нанымды да шебер баяндалады. Өмірдің сан-алуан сынынан өткен кейіпкерлер парасаттылықтың, сүйіспеншіліктің, шынайы махаббатың және де өзге де ізгі қасиеттердің бәрі бір Алладан екеніне көз жеткізеді. Кітап көпшілік оқырмандарға арналған.
Зейнолла АБАЖАНОВ
qazaquni@mail.ru