“АҚ ЖОЛ” ҰЛТ РУХАНИЯТЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП КЕЛЕДІ
2016 ж. 07 наурыз
2552
2
Исраил САПАРБАЙ, ақын, сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты:
“АҚ ЖОЛ” ҰЛТ РУХАНИЯТЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП КЕЛЕДІ
Көктем келісімен кезекті бір саяси науқанға деген қызу дайындық басталды. Тіпті, бұрын-соңды ел-жұртқа аты беймәлім партиялардың өзі, қайта «тіріліп», бұл шараға үн қосып жатқандай. Осынау аламан бәйгеде «Нұр Отан» партиясынан кейінгі орынды «Ақ жол» партиясы иеленетініне кәміл сенемін. Өйткені, партия өкілдері осы уақытқа дейін, көптің көкейінде жүрген әлеуметтік, қоғамдық, экономикалық тұрғыдағы өзекті мәселелердің орынды шешілуіне ықпал етуде. Осы тұста «Ақ жол» партиясы ұлт руханиятының дамуына да өлшеусіз үлес қосып келе жатқандығын баса айтқым келеді. Мұның барлығы да, осы ұйымның көшін бастаған Азат Перуашев, Қазыбек Иса сынды ел алдында жүрген атпал азаматтардың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жүйелі іс. Осы уақытқа дейін де, өзінің пікірін бүгіп қалмай, ашық білдіріп жүрген Қазыбек Иса халық қалаулысы атанса, қоғамдағы көптеген дүниенің ара-жігін ажыратып, ақиқаттың ақ туын одан әрі желбірете береді деген ойдамын. Сондай-ақ, «Ақ жолдың» атынан сынға түскелі отырған үміткерлерге сәттілік серік болсын деймін! Баршаңызды «Ақ жол» партиясын қолдауға шақырамын.