Елбасы "Алғыс айту күні" мерекесін не үшін белгілегенін айтты
2016 ж. 01 наурыз
5312
18
Алғыс айту күні игі дәстүрге айналып, халқымыздың ең сүйікті мерекелерінің бірі боларына сенемін. Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында Алғыс айту күніне арналған іс-шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Мен Алғыс айту күні игі дәстүрге айналып, халқымыздың ең сүйікті мерекелерінің бірі боларына сенемін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Елбасы өз сөзінде қазіргі уақытта жер бетінде діни және ұлттық сипаттағы шиеленістер өршіп, соғыс болмаса да соғыс болғандай қан төгіліп жатқандығын, миллиондаған адамның босқынға айналғанын баса айтты.
«Мұндай кезде адамдардың бір-біріне алғысын білдіріп, өздеріне жасаған жақсылықтарды еске алуы аса маңызды. Бұл жақсылықты бағалай білуге, оған жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Құндылықтардың қадіріне жете алған елдің келешегі кемел. Мен Алғыс айту күнін осындай мақсатпен белгіледім. Адамдар бүгінгі күні кемшіліктер болса, қатты сөздер айтылса, өкпесі болса кешіруі қажет», - дед Н.Назарбаев.
Дерек көзі: ҚазАқпарат