Ататүрік: "Азаттығын қорғай алған түрік ұлты тілін де бөгде тілдердің бұғауынан босатуы тиіс!"
2016 ж. 17 ақпан
3692
1
АТАТҮРІКТІҢ ТҮРІК ТІЛІ ТУРАЛЫ АЙТҚАНДАРЫНАН:
1929 ЖЫЛ:
Түрік ұлтының тілі түрікше-дүр. Түрік тілі әлемдегі ең көп таралған, ең әдемі және ең бай тілдерге жатады. Сондықтан да әр түрік ұрпағы өз тілін шексіз жақсы көреді және оны ұлықтау үшін барын аямайды. Түрік тілі түрік ұлтының қасиетті қазынасы болып саналады. Өйткені, түрік ұлты тарихта басынан өткен сансыз пәлекеттен өзінің ахлағын, әдет-салтын, естеліктерін, болмысын, әсілі бүгінгі күні өзін түрік ететін ұлттық құндылықтарының бәрін де осы түрік тілі арқылы қорғап қалғанын біледі. Түрік тілі түрік ұлтының жүрегі-дүр, зейіні-дүр!
1930 ЖЫЛ:
Ұлттық сана-сезім мен тілдің арасындағы байланыс өте күшті болады. Тілдің ұлттық және бай болуы ұлттық сана-сезімнің қалыптасуының басты факторы екені хақ. Түрік тілі тілдердің ішіндегі ең бай тілдерге жатады, оны ақылмен пайдалану керек. Өз отанының биік азаттығын қорғай алған түрік ұлты тілін де бөгде тілдердің бұғауынан босатуы тиіс. Ұлттық сана-сезімнің сақталып қалуы үшін тіл және тарих жолында еңбектенуге мәжбүрміз!
Мұртаза ЖҮНІСҰЛЫ
Фейсбук парақшасынан