ҚАЗАҚ ӘНШІЛЕРІ ҚАНША ТАБАДЫ?
2010 ж. 29 қараша
5729
7
«kaz-news.info» сайты қазақстандық әртістердің табысын жариялапты. «mojazarplata.kz» ақпарат көзіне сүйенген интернет басылымның жазуынша әнші Мақпал Исабековаға батыстық әріптесі Шакираның орташа айлық табысына жету үшін айына 5 545 өлең айтуы керек екен.
«Байдыің малын байқұс қызғанадыға» салғанымыз емес, десе де біздегі әртістердің ай сайынғы табысын жария етуді ар санайтыны жасырын емес. Әйткенмен батыстық шоу-бизнестегілер ірі компониялармен жыл сайын келісімшартқа отырып жұмыс істесе, ал біздікілердің корпоротивті жиындар мен жабық кештерде ән айта жүріп тиыннан теңге құрайды.
Аталған ақпарат порталының айтуынша, Мақпал Исабекова жеті өлеңнен тұратын жарты сағаттық өнер көрсеткені үшін 4000 долларға жуық АҚШ долларын алады екен. Сонда орта есепке шаққанда оның бір айтқан әні 571 доллар тұрады деген сөз.
Ал бұрын 30-40 минуттық өнер көрсеткені үшін 20 000 доллар алатын «А-Студио» тобының бұрынғы мүшесі Батырхан Шүкеновтың «ставкасы» екі есеге кеміген, демек он мың долларға түседі.
Бірақ отандық сахнада өз орнын қалыптастырған Нағима Есқалиева, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісовалардың кештерде 30-40 минуттық ән айтқаны 7 000-8 000 доллардан аспаса қажет.
Бір-біріне сәйкес келетін қазақстандық музыканттар мен әншілердің табысын үшке жіктеуге болады екен.
Премиум категориясы бойынша жоғарыда аты аталған: Батырхан Шүкенов, Роза Рымбаева, Әлібек Дінішов, Мақпал Жүнісова және Нұрлан Абдуллиндер 30-40 минуттық ән салғандары үшін 5000-10 000 доллар аралығын да ақы сұрайды.
Ал медиум, яғни 3000-5000 доллар аралығында орташа ақы алатындарға Мақпал Исабековадан бастап, Қайрат Түнтеков, Дильназ Ахмадиева, «Лидо», Парвиз Назаров және «Тринидад» тобы жатады.
Эконом, яғни үнемді түсіп, 500-3000 доллар аралығында сұрайтындарға «Кешью», Алмас Кішкенбаев, «Текила» және «Арнау» тобы кіреді.
Әйткенмен бұл аталғандардың ай сайынғы табысын есептеп шығару қиын. Өйткені тіршілігінің көзі қазақтың тойына байланысты болып тұрған қазақстандық орындаушылар үшін тұрақты табыстың жоқ екені белгілі.
Дайындаған Динар КАМИЛОВА