Бүгін көрнекті қайраткер-қаламгер МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД 55 жасқа толды
2015 ж. 12 желтоқсан
3877
1
Бүгін көрнекті қайраткер-қаламгер МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД мырзаның туған күні. Еңселі 55 жасқа толып отырған Мұқтар Абрарүлы тек билік биіктерінде лауазымды қызмет атқарып келе жатқан саясаткер ғана емес, ең алдымен ғалым, әдебиет пен тарих зерттеушісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, терең білімді руханият өкілі.
Ол 1960 жылы туған. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, заң ғылымдарының докторы, профессор. Үйленген, 4 қызы және ұлы бар.
1982 - 1992 жылдары Қазақ Кеңес энциклопедиясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы болып еңбек етті.
1992 - 1999 жылдары – «Атамұра» баспа корпорациясының президенті.
1999 - 2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Заң шығару және құқықтық реформа жөніндегі комитетінің хатшысы, Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы.
2001 - 2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.
2003 - 2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары-Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.
2007 - 2008 жылдары – Қызылорда облысының әкімі.
2008 - 2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
2010 - 2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі.
2012 - 2013 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
2013 - 2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
2014 - 2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2015 жылдың наурызынан мамырына дейін – Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау үшін құрылған республикалық қоғамдық штабтың басшысы. Абрарұлының
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 5 мамырдағы Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. нағыз қайрат көрсетер еңселі елу бесінде де
Біз отызында орда бұзып, қырқында қамал алған Мұхтар Абрарұлының нағыз қайрат көрсетер еңселі елу бесінде де ерен табыстарға жете беруіне тілектеспіз.
qazaquni.kz