КҮЛКІСТАН
2015 ж. 06 қараша
3969
0
***
Бір қыз Шымкентке келін болып түсейін деп жатыр екен. Сол кезде қыздың анасы:
- Қызым, мені ұмытпа, - десе, құдағайы:
- Құдағи, қорықпаңыз, менің балам 30 минут сайын сізді есіне салып тұрады, - деген екен.
***
- Кеше тойға барған едік. Той той болмады. Тым-тырыс өтті.
- Неге?
- Тойханада тегін Wi-Fi бар екен))
Бір кісі алтын балық ұстап алыпты. Балыққа қалағанын айтып жатыр:
- Маған бір завод, үй, машина, - депті.
Сөйтсе балық :
- Кредитке аласың ба? - дейтін көрінеді.
***
ГАИшник көлікті тоқтатып, жүргізушіге:
- Құжаттарың бар ма?
- Бар.
- Аптечка ше?
- Бар.
- Огнетушитель бар ма?
- Бар.
- Магнитолла бар ма?
- Бар.
- Бар болса, қоссай.
Жүргізуші музыка қосып береді. ГАИшник билей бастайды. Ары билеп, бері билеп:
- Теңге қыстырмайсың ба? - деген екен.
***
Бір күні жары менен күйеуі “Ертең ешкімге есік ашпаймыз!” деп шешіпті. Таңертен оларды есіктің шылдыры оятты, олар барып қараса, жігіттің ата-анасы екен, олар “ашпаймыз” деп орындарына жатты. Жігіттің ата-анасы қайтып кетті...
Кішкене уақыттан соң, есік тағы шырылдады, есікті қараса қыздың ата-ансы. Олар тағы есікті ашпады. Бірақ, қыз жылай бастады, сосын күйеуі оған жаны ашып, есікті ашты.
Көп уақыт өтті... Олардың төрт ұлы, сосын кенже болып бір қызы дүниеге келді. Қызы туылғанда жігіт үлкен той жасап бықытты болып жүрді. Сонда жігіттің достары келіп:
- Достым неге ерекше қуаныштысың? Ұлдарың туылғанда бұлай қуанбап едің? - десе, жігіт күлімсіреп:
- Маған есік аштыратын қыз туылды! - деген екен.
"КӨҢІЛАШАР" бұрышы
qazaquni.kz