Таланттардың тартылыс орталығы
2015 ж. 30 қазан
2194
0
Астанада 3-8 қараша аралығында «Шабыт» XVIII Халықаралық жастар шығармашылығының фестивалі өтеді. Шаранының ұйымдастырушылары елорда әкімдігі мен Қазақ Ұлттық өнер университеті.
Байқау, өткізіле бастағаннан бері, жас таланттарды анықтауға бағытталған мәдени және музыкалық форумға, тілдесу алаңына айналып үлгерді.
Жыл сайынғы бұл шара еліміздің жүздеген қатысушыларынан бөлек, шетелден келген азаматтарды жинайды. Биылғы жылы 388 адам, оның ішінде 246-сы – Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай елдерінің қатысушылары.
«Шабыт» ауқымды жоба болып табылады. Ағымдағы жылы ұйымдастырушылар алғаш рет байқау бағдарламасына спорттық бал биін қосты. Бұл жанрда 14 үздік жұп өнерлерін көрсете алады.
– Жыл сайын «Шабыт» жастар шығармашылық фестиваліне қызығушылық арта түсуде. Бұны байқауға ниет білдіргендердің санынан білуге болады. Сонымен қатар, бұл байқауға шетел мемлекеттерінің жас әртістерінің қатысуға ниет білдіруі арта түсуде. Биылғы жылы «бал биі» номинациясынан бөлек, «халық музыкасы» («домбыра» және домбырамен ән салу»), «бейнелеу өнері» («мүсін» және «сәндік қолданбалы өнер»), «классикалық музыка»: «академиялық ән», «скрипка», «альт, виолончель, контрабас», «фортепиано», сондай-ақ, «цирктік өнер» номинациясы енгізілді, бұл аталымға «клоунада» мен «акробатика» кіреді. Байқауға қатысушылар саны артқан соң фестивальдің әділ-қазы құрамының саны да артты, - деді Астана қаласы Мәдениет басқарманың басшысы Болат Мажағұлов.
Қазақстан, Германия, Италия, Израиль, Қытай, Ресей, Өзбекстан елдерінің әлемге танымал әртістері байқау кезінде қатысушылардың шеберлігін бағалайды.
Әр түрлі номинация бойынша әділ-қазы құрамын Қазақ КСР халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Қайрат Байбосынов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі Айтқали Жайымов, суретші, дизайнер, мәдениет саласының үздігі Әсел Өміршина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ерордалық цирк» МКҚК бас директоры Ерік Жолжақсынов, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор Айман Мұсаходжаева басқарады.
«Шабыт» - бұл байқау ғана емес, сонымен қатар, өз ісі майталмандарының қызыққа толы экскурсиялары мен шеберлік сағаттары. Жаттығу уақытынан тыс қатысушылар Сәуле Бапановадан қолданбалы өнердің қыр-сырын біліп, Белоруссиядан келген мейман Андрей Осташовтан бейнелеу өнері туралы мағлұмат ала алады. Әділ қазы құрамының мүшесі, Мәскеуден келген профессор, суретші-модельер Лидия Соколова-Сербская дәріс оқиды. «Хабар» телеарнасынан фестивалдің күнделіктерін көруге болады.
Айта кетейік, «Шабыт-2015» фестивалінің салтанатты ашылуы «Конгресс-холл» сарайында 3 қарашакүні сағат 19:00-де өтеді.