Сағаттың Елім деп соққан жүрегі
2015 ж. 08 қазан
3971
1
1986 жылы «Желтоқсан оқиғасы» атанған кезінде халықтың арындай болған ағадал азамат, елге белгілі дарынды әдеби-сыншы Сағат Әшімбаев (ол кезде - Қазақ ССР Телевидение мен радио комитетінің төрағасының орынбасары қызметінде болған) Қақақ ССР Юстиция министрлігінде қызмет істеп жүрген, ертеден сыйлас досы әрі құрдасы Сәдуақасов Нақыпбеккке қоңырау шалып, ақылдасатын шаруа барлығын айтып, келіп кетуін өтінеді. Келсе, халық үшін қабырғасы қайысып, «колбиндіктердің» озбырлығына күйінген Сағат: «Нақыпбек, көзіңмен көріп, құлағыңмен естіп жатқан боларсың, кінәсіз жастарды қорлап, ұрып-соғып, абақтыға жауып жатыр, заңгерсің ғой, оларды құтқарудың, жәрдем берудің жолдарын айтшы. Аса айта кететін жәйт, халықым деп туған адал ұл – Хасен Қожахметов ( белгілі композитор, саясатшы ) ұсталыпты. Оны оңдырмайды, үйткені халықтың муддесін қорғаймын деп жүргенде тіпті мектеп қабырғасында «ұлтшыл» деген айып тағылып, сотты болған, оған да қандай көмек жасай аламыз. Жаңа ғана менде әпкесі көз жасы көл болып келіп кетті.» - деп наз-мұңын айтыпты. Нақыпбек Сағатқа жастарды ақтап, қорғаудағы заңды жолдардың, білетін шара-тәсілдердің бәрін айтыпты. Сағат пен Нақыпбек сол бойда соларды жүзеге асыруға кірісіпті. Осындай мәселелермен дағдарыста жүрген халқымыздың адал ұлдары Мұрат Әуезов, Сәбетқазы Ақатаевтар мен тағы басқа намыстары кернеген азаматтар да ойларын ортаға салып, Нақыпбекпен пікірлесіп, кеңес алған. Халқым деп жанын берер қайран жастар, кімнен қандай көмек болғанын білмеген де шығар...
Сағаттың Нақыпбекке сыйға тартқан еңбегінің бірінші беттері
Ал Нақыпбек өз тарапынан ҚР КП ОК-нің ұйғаруымен құрылған комиссия жауапты мүшесі И.Рейторға жастардың наразылығын тудырған әділетсіздіктердің терең себептерін батыл ашып айтып, жалпы анықтамаға еңгіздірген. Ел азамтарының ащы дауысы М.Горбачев пен Г.Колбиндердің құлағына жеткен болуы керек, кейндері олар халықтың ойынан шығуға бағытталған саясат құруға тырысқан.
Сонымен, бір кабинетте отыратын қызметтес А.Косенконың(Белгілі жазушы П.Косенконың баласы) «Желтоқсан оқиғасына» байланысты, сол кездегі биліктің бассыздығын қуана қолдағандығына шыдамай, оған ашына қарсы шыға, ұлт мүддесін қорғап, ойындағылардың бәрін айтып, оны бір бұрышқа тығады. Бұндай даулар басқа да шовинистермен де болған екен. Кегін сақтаған А.Косенко осылардың барлығын КГБ-ге жеткізгендігі даусыз. Өйткені, лешала Нақыпбек телефонының бөгде түрде тыңдалатынын, жансыздардың соңынан қалмай сан рет салпақтап жүргенін байқап қалады. Осыдан сезіктенген агенттердің әп сәтте аспанға ұшып не жер астына түсіп кеткен сайтандай жоқ болатындықтрын байқап, Нақыпбек таң-тамаша күйде қалады екен.
Аталғандай себептермен Нақыпбек КГБ-нің бақылауына алынып, соның салдарынан кейіндері талай ақсаған жерлері болған. ...Сағат Нақыпбекті өте құрмет тұтыпты. Соның белгісі ретінде өзінің маңдай терін мол төккен, жүрегінің елеушінен өткізген еңбектерін сыйға тартады екен. Бірінің бетіне: «Құрметті Нақыпбек ! Өзің секілді шын мағанасындағы жақсы азаматтардың қашанда аман-есен, сау-саламат болуына шын жүректен тілектеспін»- деп жазыпты.
Қадірменді Сағаттың «Желтоқсан оқиғасы» куәгері бола жүрегі шынайы ауырып жазықсыз жастарды қорғауға ашық батыл әрекеттерге барғандығын тағыбір айғағы туралы белгілі жазушы Бекқожа Мұқай «Тынымсыз жүрек» деген мақаласында атап өткен. Онда Сағаттың тапсырмасымен телевидение операторлары қанқұйлы оқиғалар болып жатқан Алматының бас алаңын түсіріп алған. Жантүршігер кадырларды көріп, асқан бассыздыққа төзе алмай, ол сол бойда Қазақстан КП Орталық комитетіне жедел түрде барады. Ғимараттың басты кіреберісінің алдында ҚР КП ОК-нің екінші хатшысы О.Мирошхин, Алматы облыстық комитетінің бірінші секретары М.Мендыбаев, КПСС Орталық комитеті сектор менгерушісі Разумовский, партияның республикалық ОК бөлім менгерушісі А.Устиновтарға Сағат ашына: «Бұл адам түршігерлік қатыгездік! Солдаттар қыздардың шаштарынан сүйретіп, аяқтарымен теуіп жатыр» дейді. Бәрі шошынған бойда бір-біріне қарайды да Сағатқа көз тігеді. «Бұл кім?» - деп О. Мирошхин сұрақ қояды. Ашуға булыққан А.Устинов: «Бұл ұлтшыл Сағат Ашимбаев» деп жауап береді. Сағатқа «Ұлтшыл» деген ен тағылғаны сол екен, қолында билігі бар оның дұшпандары шынжырдан босаған иттердей лап бере, соңына түсіп, жұмыстан ақсату мақсатына кіріскен. Сол зардаптар Сағаттың жүрегін ауыртай қоймады. Ақыры халқым деп жалындаған Сағаттың жүрегі шыдамады: дарынды жазушы, әділ әдеби сыншы Сағат небәрі 44 жасында өмірден озды.
Наджи БЕКТЕН