Көне Бозоқ қаласы ұшар биіктен түсірілді
2015 ж. 30 қыркүйек
5307
1
Елорда тұрғыны, блогер Виталий Перов мыңжылдық тарихы бар Бозоқ қаласын ұшар биіктен видеоға түсірді.
Көне Бозоқ қаласы Астанадан небәрі 5 шақырым қашықтықта, Астрахан тас жолы бойында орналасқан. Оның аумағы 30 гектар жерді алып жатыр.
Қазба жұмыстары 1999 жылы басталған. Осы жұмыстар нәтижесінде Бозоқ қаласы 8-10 ғасырларда Ұлы Жібек жолының тармағы - Дала жолы бойында қала-қорған болғаны анықталды. Ол сондай-ақ қыпшақ билеушісінің ордасы, діни-мәдени орталық болған.
Зерттеушілер Бозоқ қаласының іргесінде бүгінгі Астана бой көтерген деп санайды. Қос шаһардың өзіндік тарихи үндестігі бары айдан анық. Бұл жаңалық тарихи түсінікті түбегейлі өзгертіп жіберді. Себебі бұрын бұл жер тек мал жаюға арналған дала саналып келген еді.
https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=B4x0v-dG2XQ https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=B4x0v-dG2XQ