"ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ" ЖАҒЫМПАЗДАНУ
2015 ж. 18 тамыз
2287
2
Таяуда бір ағайдың қызын ұзату тойына бардық. Той болған соң – той ғой. Бірақ мына тойдың бір ерекшелігі ағамыз қызын мәскеулік бір орыс жігітіне ұзатып жатты. Екеуі де әскери ұшқыш. Жұрттың бәрі ізгі тілектерін айтып жатыр. Бірақ іштеріңіз сезіп отыр ғой, қай тілде сөйлеп жатқанын. Мені айран-асыр еткен жиналған қонақтардың үш-төрт орыс алдындағы құлдық психологиясы еді. Жарайды, қонақ болған соң түсінсін деп екі-үш сөйлем орысша айтсын-ақ. Бірақ әлгілер орысша сөйлегені бір басқа, шетінен мақтанышпен орысша ән айтуды борыш санағанын айтсайшы. Интернационалист болып көрінгісі келген қазақтардың құлдық санасы түңілдіріп жіберді. Алыстан қожайыны келгенде құйрығын бұлғаңдатып алдынан шыққан иті тәрізді. Басқа ешбір ұлт өзін осылай масқараламайды. Орыстардың өзі холоптық құлдықтан (крепостнойлық право 1861 жылы ғана жойылды ғой) кеше ғана шыққанын ескерсек, бір құлдың алдында екінші құлдың бәйек болғаны тәрізді көрініс намысыңды осып кетеді екен. Өзгесін қойғанда қазақтың тойына басқа жұрт қожайын емес қой. Басқалардың алдында өстіп «интернационалдық» жағымпаздануды қоялық та!?.
Марат ТОҚАШБАЕВ,
Фейсбук парақшасынан.