Үйлену тойында сальто жасап, қалыңдығын өлтіре жаздады (видео)
2015 ж. 26 шілде
4308
2
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үйлену тойындағы өзгеше би кезінде жігіттің қалыңдығын өлтіре жаздағаны туралы әлеуметтік желіге салынған видео жұртшылық арасында кеңінен танымал бола бастады.Осыдан бірнеше күн бұрын YouTube видеохостингінде үйлену тойындағы оқыс оқиға жайлы қонақтар түсірген бейнеролик пайда болған еді. Ондағы кадрларда үйленген жігіт қалыңдығымен өзгеше би орындайды. Ол сальто жасап, қонақтарды таңдандырғысы келген. Обалы нешік, мұны әп-әдемі-ақ жасаған. Бірақ оның бұл қылығы жарының өмірін қиып кете жаздады.
Соққы қатты тиген қалыңдық қабырғаға соғылып, гүлдер салынған құмыраны қаға жерге құлап түскен. Өзін кінәлі сезінген күйеу сүйіктісін дереу көтеріп алмаққа әрекеттенген. Бірақ сальтодан кейін басы айналған жігіт қызды қолынан түсіріп алған.
Бұдан соң тойдың қалай аяқталғандығы белгісіз...
http://inform.kz/
|