Қазақстанда құны $10 млн болатын мешіт ашылады
2015 ж. 16 сәуір
2245
2
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға мемлекеттің сапарының аясында Түркістандағы ірі мәдени-ағартушылық нысандардың ашылуына қатысады.
Үстіміздегі жылдың 17-сәуірінде Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы кешенді мешіттің салтанатты ашылуы болады. Құлшылық ордасы түгелдей Түрік елінің Дін істері министрлігінің қаржылай қолдауымен салынған. Құрылыс жұмыстары 2009-жылдың 16-қазан күні басталған болатын.
Құрылыс жұмыстарына жалпы мөлшері 10 млн АҚШ доллары жұмсалған. Мешітте бір уақытта 3 000-ға жуық адам құлшылық жасай алады. Қос ел арасындағы бауырластықты нығайтып, екі ел мәдениетін біріктіре өрілген мешіт қабырғаларынан қазақ елінің дәстүрлі сәулет өнері айқын көрінген. Мешіт қасында кітапхана және заманауи асхана залдары қарастырылған. Сондай-ақ, азаншылар мен имамдарға арналған бөлмелер, дәрісханалар да бар.
“Өзінің Түркия президенті ретіндегі алғашқы сапарының аясында Режеп Ердоған Астана мен Түркістанға барады”, – деді Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев.
Сөйтіп, Астанада екі ел көшбасшыларының қатысуымен жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің ІІ отырысы өтеді.
“Түркістанда Түркия президенті ірі мәдени-ағартушылық нысандарды, соның ішінде 15-ке жуық жылда іргетасы қаланған мешіттің ашылуына қатысады”, – деді елші.
Сонымен қатар, М.Х. Йассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің нысандарын ашу жоспарлануда.
“Жалпы алғанда алдағы сапар және Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығының барлық санамаланған мысалдары, күмәнсіз, екі ағайын мемлекет пен халықтың игілігіне қызмет етеді. Екіжақты қарым-қатынастар қазіргі таңда стратегиялық биіктікке көтеріліп қана қоймай, сонымен бірге біздің республиканың басқа мемлекеттермен байланыстарының ішінде үлгілі орын алатындығына деген алғышарттарға ие”, – деп түйді Түймебаев.
Еске сала кетейік, 16 сәуір күні Түркия президенті Режеп Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапары күтілуде.
Дереккөз: КазТАГ