Наурыз айында Сәкен Майғазиев жеке концертін бермекші. Осыған орай тыңдарман арасында әнші шығармашылығын дамыту үшін топтан бөлініп кете ме деген сауалдар пайда болды.
Тыңдарманның көкейінде жүрген сауалға әнші Алаш айнасы басылымына берген сұхбатында жауап берді.
"Жоқ. Қазір бар күшімізді "Музартқа" сарқып жатырмыз. Жеке альбомдар жарыққа шығуы мүмкін. 20 шақты әнге жеткен кезде ән жинағын шығарамыз", - дейді Сәкен Майғазиев.
Еске сала кетсек Майғазиев 2001 жылдан бері Музарт тобының құрамында өнер көрсетеді.