Қазақстанда дін қызметкерлерінің этикасы пайда болды
2014 ж. 09 желтоқсан
2073
0
Алматыда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінде дін қызметкерлерінің этикасы қабылданды.
Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
Діни басқарма тарихында тұңғыш рет қабылданған құжатта мынадай мәселелер қамтылған:
"имамдардың заманауи ақпарат құралдарын, ғаламтор, байланыс құралдарын жете меңгеруі, шешендік өнер, сөйлеу әдебін игеруі мешітке келушілерге көркем мінез көрсетуі, олардың өтініштері бойынша қажетті шараларды жүзеге асыруы жұмыс уақытын тиімді пайдалануы, жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін жұмсап, белсенді болуы, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы да тиімді әдістерін қолдануы өзін жан-жақты дамытуы, қосымша ілім алуы, дүниелік ілімдерді меңгеруі, үгіт-насихат жұмыстарында уағызды Қазақстан тарихымен, салт-дәстүрмен, әдеп-ғұрыппен, би-шешендердің қанатты сөздерімен, мақал-мәтелдермен ұштастырып, қазақ халқының ұлы тұлғаларының өсиетті өлеңдері мен ғибратты әңгімелерімен көркемдеп айтуы ұжымда іскерлік танытып, қызметкерлер арасындағы ынтымақ, бауырмалдық құндылықтарды арттыруға ықпал етуі, олардың отбасы, әлеуметтік жағдайына мән беруі, ұжымда кез-келген мәселе көрініс берген жағдайда дер кезінде орынды, оңтайлы шешім қабылдауы отбасына мұсылмандық тәрбие беруі, олардың киім кию әдебіне, зайырлы білім алуына көңіл бөлуі көршілермен, туған-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болуы, оларға әрдайым құрмет көрсетуі, қайғысы мен қуанышына үнемі ортақтасып отыруы қоғамға отбасымен үлгі бола білуі жақсы істерге, қайырымдылық шараларға әрдайым өзі бастамашыл болуы, қоғамды ізгілікке бастауы қоғамдық іс-шараларға қатысып, белсенділік танытуы керек".