Қасиетті Құран яо тіліне аударылатын болды
2014 ж. 13 қазан
1661
0
Қасиетті Құран Кәрім Малавиде яо тіліне аударылатын болды, деп хабарлайдыTengrinews.kz. тілшісі muslim.kz сайтына сілтеме жасап.
Малави мемлекетінің мұсылман жамағаты қасиетті Құран Кәрімді жергілікті яо тіліне аудару жұмыстарына кірісіп кетті. Малавидегі және көршілес мемлекеттердегі мұсылмандардың 99 пайызы осы тілде сөйлейді.
"Малави мұсылмандарының көбісі осы тайпа тілінде сөйлейді. Сондықтан бізге бұл тайпаны аттап өтіп, Ислам жайлы сөз қозғаудың өзі артық. Сондай-ақ, Мозамбик және Танзания мұсылмандары да осы тілде емін-еркін сөйлейді. Олардың бәрінің қасиетті жазба құндылығын толық түсінулері үшін біз яо тіліне аударуды жөн санадық", – дейді Ғұламалар кеңесінің мүшесі шейх Мухаммад Усман.
"Сонау 1880-жылдары араб саудагерлері бұл өлкеге ислам дінін әкелгенінде, алғаш болып иман келтіргендер де яо тайпасы болатын. Осы себепті, Құран Кәрімді яо тіліне аудару бұл тайпаға көрсетілген құрмет болары сөзсіз", – дейді Имран Шариф Мухаммад есімді ғұлама.
Жалпы, бүгінгі таңда яо тілінде сөйлейтіндердің саны шамамен 2,5 млн адамды құрайды екен. tengrinews.kz