Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ: «ИҚАН ШАЙҚАСЫНЫҢ» ШЫНДЫҒЫ
2014 ж. 26 тамыз
4924
1
Қазақстан Республикасының Конституциясы
2-бап. 2. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi.
Бүкіл әлем назары Украина дағдарысына ауып, Қырым Ресей құрамына өткен тұста, Оңтүстік Қазақстан облыстық "Южный Казахстан" газеті Оңтүстік өлкедегі патша үкіметінің отаршылығын дәріптейтін мақалаларды бірінен кейін бірін, беріп жатыр. Соның бірі "НЕПОКОРЕННАЯ СОТНЯ. К 150-летию героической битве под Иканом" («Южный Казахстан» газеті, Притула мен Л.Ковалева -31.07.2014 ж.) атты мақаланы талдап көрейік... Мақалаға арқау болған оқиға, 1864 ж. 4, 5, 6, желтоқсан күндері Түркістан түбіндегі Иқан қыстағы маңында болған Қоқан әскерлері арасында болған шайқаста қырғын тапқан орыс-казактардың «ерлігі». Мақаланың кіріспесінен-ақ, Қоқан ханының регенті (хан атынан мемлекет басқаратын адам) қыпшақ Әлімқұл молданы «хан» деп, тереңдей келе көптеген сорақылықтарға жол берген авторлардың тарихтан мүлдем хабары жоқ немесе болған оқиғаны қасақана бұрмалап отырғанын байқауға болады. Аталған авторлар Түркістан түбіндегі Иқанда болған орыс әскерлерінің «ерлігін» Ұлы Отан соғысы басталған кездегі Брест қамалын қорғаған ерлердің ісіне теңейді. Мақала авторлары орыс жауынгерлерінің «ерліктерін» тізбелеп, есімдерін тізбектеп, атап шығады да, өз жерін отарлаушыларға қарсы тұрған жауынгерлердің атын да атамай жалпылама, «қоқандықтар» дей салады.. Олардың атын авторлар білмеуі мүмкін емес. Архив және басқа да ескі дереккөздерді айтпағанда, осы «Иқан шайқасы» туралы орыстың атақты суретшісі В.Верещагин Тұтқиылдан шабуыл» (Нападают врасплох), «Ізге түсіп, қоршап алды» (Окружили – преследуют) атты 2 картина жазды. .... «Әрине, бұл картиналарда біраз нәрсе өзгертілген, кейбір детальдар мен келердің алдында осы маңда болған белгілі Садықтың (қазақ сұлтаны Садық Кенесарин) өзін іздеуге жіберілген шағын орыс отрядына тұтқиылдан жасаған шабуылы туралы әңгімеден алынды» дейді В.Верещагин өзінің осы картиналары туралы. Алдымен, біраз тарихқа көз жүгіртсек... Негізі 18-ғасырдың басында (1709 ж.) қаланған Қоқан хандығында өзбек, қырғыз-қыпшақ, тәжік, сарт және қожалардың арасындағы билік үшін қырқыс, сарай саңындағы интригалар бір күн де тоқтаған емес. Жеңген жағы, жеңілген жақты аяусыз жазалап, қара халықты қырғынға ұшыратып отырды. 19-ғасырдың басында, Қазақстанның оңтүстігін Қоқан хандығы жаулап алған соң, сол тартысқа қазақ руларының басшылары да араласа бастады. Бүкіл Оңтүстік Қазақстанды шарпыған 1858 жылғы болған көтерілістен соң, Бұқар хандығына сүйеген өзбек, сарт, қожалардың ықпалы әлсірей бастады. Нәтижесінде, «қазақ және қырғыз рубасыларының көмегіне сүйенген қырғыз-қыпшақ Әлімқұл молда 1862 ж. 28 ақпанда (ескіше 1278 ж. шағбан айының 24-і жұлдызы) 15 жасар Шах-Мұратты хан тағына отырғызып, өзі оның атынан билік жүргізе бастады. Осы кезде Бұқардан шақырылған Құдияр Қанағат шахтың қолдауына сүйеніп, Ташкентте өзін «хан» деп жариялады. Бұлғақ қайта басталды, Бұқар әмірі Құдиярға қолдау көрсетті. Бірақ, Бұқар әмірі жетіп үлгергенше, Құдияр Қоқанды алып қойған еді. Енді, Құдияр Қоқанды Бұқар әмірінен қорғауға дайындала бастады. Әмір соғыспай Бұқарға қайтып кетті. Құдияр Бұқар әміріне сый-сияпат беріп Қанағатты жіберді, бірақ әмір елшілерді өлтіруге бұйрық берді. Осы кезде қыпшақтар қайта көтерілді, Құдияр олармен кескілескен соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Бұқар әмірі Қоқанға қайта аттанды, бірақ қыпшақтарды жеңе алмаған соң, Құдияр ханды алып Бұқарға оралды. Енді Бұқар әмірі Қоқан тағына Шах-Мұрат ханды ұсынды. Бірақ, оған тұрғындар қыпшақтармен жарасуды ұсынған жалғыз талап қойды. Шах – Мұрат қыпшақтарға барған кезде, қыпшақ Әлімқұл молданың бұйрығымен өлтірілді. Енді Қоқан билігі өз қолына тиген соң Әлімқұл таққа Сұлтан-Сейіт ханды отырғызды. («Тарих-и-Шахрухи» Молда Нияз-Мұхамед Қоқанди, 1871 (1288) ж. жазылған.) .. Ресей әскерлері 1864 ж. жазда Түркістанға шабуыл жасағанда қала хәкімі тәжік Мырза-Дәулет қаланы тастап қашып кетті де, Түркістан-Созақ өңірін қорғауды Созақ өңірінің хәкімі Садық сұлтан Кенесарыұлы өз мойнына алды. «1864 ж. 27 жасар Садықты Қоқан ханы Мұқамед Сұлтан Сейіт Теріскейдің (қазіргі Созақ өңірі) хәкімі етіп тағайындады. Сол жылы маусым айында ол Түркстанды орыс әскерлерін бастаған полковник Веревкиннің отрядынан қорғауға қатысты» ( «Үлкен Кеңес энциклопедиясы»). Қыпшақ Әлімқұл да, қазақтың соңғы ханы Кенесарының ұлы Садық сұлтан да Ресей отаршылдығына жан-тәнімен қарсы тұрды. Мәселен, Әлімқұл Ресей отарлаушы әскерлерінің басшылығы елші етіп мәжбүрлеп жіберген Байзақ датқаны Шымкентте зеңбірекке байлап атып жіберсе, Садық «Кәпір Қоқанды алса, Бұқарға барам, Бұқарды алса, Қашғарға барам» деп мәдімдегені белгілі. Енді, осы қыпшақ Әлімқұл молда мен Садық сұлтанмен орыс отарлаушы әскерінің шайқасын авторлар қалай бейнелегенін көрсету үшін мақаладан үзінділер бере кетейік. «Российская Империя в своих колониальных устремлениях в СреднююАзию столкнулась как в Джетысу, так и в Южном Казахстане с силами Кокандского ханства, незадолго до этого расширившего свои владения за счет казахских земель, - говорит Е.Смагулов (Мақалада, «Ерболат Смағұлов Түркстан археологиялық экспедициясының бастығы» деп көрсетілген. Ө.Ш.). –Летом 1864 года отрядом полковника Веревкина был взят город Туркестан с его почитаемой среди мусульман святыней – мавзолеем Ходжи Ахмета Ясави. Это потеря оказала сильное деморализующее влияние на кокандское войско и местное население. Далее, на пути русских казачьих отрядов, которые составляли главную военную силу русских воиск, были крепости Чимкент, Ташкент». «Казаки, защищая подступы к Туркестану, отражали одну атаку другой, стояли стойко и мужественно, не пуская неприятеля к городу». «Кокандцы бросились в рукопашную и отбиты мужественно сражающимися казаками». «Непокоренная сотня за три часа боев отошла от Икана на восемь версть в сторону Туркестана». «Высочайшей царской милостью есаул Серов получил чин, орден Святого Георгия (бізде жыл сайын «Жеңіс күні» (9мамыр) алдында «жыр» болатын «Георгий лентасын» еске түсіріңіздер), урядник Селезнев произведен в хорунжие, казаку П.Мизинову возвращен чин сотника. 4-ой сотне Уральского казачьего полка были пожалованы знаки отличия на головном уборе с надписью: «За дело под Иканом 4,5,6 декабря 1864 года». О подвиге иканцев стали сочинять песни. Вот несколько строк из одной из них: «В степи широкой под Иканом, Нас окружил кокандец злой. И трое суток с бусурманом У нас кипел кровавый бой». «Битва под Иканом, благодаря которой Российская империя не отдала Южный Казахстан Кокандскому ханству ярчайшее событие». «Чугунная плита, которая хранится в фонда музея, вполне могла бы вернуться туда, где ее устанавливали. Что, это будет сейчас за памятник, не знаем, но туристы, которые едут в Туркестан, уверены, останавливались бы под Иканом и слушали историю подвига уральских казаков, не менее героическую, чем история Бресткой крепости. Наверняка, можно было бы отреставрировать и наити место и для чугунной плиты с именами павших героев». «Мы и сейчас каждый год в этот день заказываем панихиду по иканским героям, - рассказывает заместитель председателя областного славянского культурного центра, атаман южноказахстанских казаков Дмитрий Хрущев». «И в этом году в ознаменование 150-летие со дня Иканского сражения мы запланировали конференцию с участием историков, краеведев, старейшин и всех, кому не безразлична Летопись Туркестана. А в 18 декабря мы устанвим памятный крест, деньги которой нам помог собрать пенсионер Иван Климантов... . Сейчас, Иван Геннадьевич переехал в Россию, но про то, считал необходимым увековечить в Туркестане подвиг казаков под Иканом, не забыл». «Время не щадить памятники из камня и железа, - говорит Е.Смагулов....И я считаю, что подвиг казаков, отдавших свои жизни за Туркестан, не должен был стерт из памяти народа.» Айталық, Мәскеу түбіндегі Бородинода француздар, Волокаламскіде немістер сол шайқастарда қаза тапқан өз жауынгерлерінің ерлігін мәңгі есте қалдырамыз деген ниетпен ескерткіш тақта орнатамыз десе, Ресей халқы не айтар еді. Меніңше, бұл жерде ерлік емес, орыстың ұлы қолбасшысы Александр Невский айтыпты дейтін «Кім бізге семсермен келсе, сол қалқан үстінде қайтады» (Кто придет к нам с мечом, тот возвратится на щите) деген сөзі тура келеді. Сонымен, 1864 ж. желтоқсан айында Ресейдің отарлаушы әскері кіммен соғысты? Ресейдің отарлаушы әскерімен соғысқан әскердің басында қыпшақ Әлімқұл молда мен Садық (кей деректерде, Сыздық, Сыдық) Кенесарыұлы тұрды! «Орыс үкіметі елге аман барып оған кіші жүз бен орта жүздің жақсылары әңгіме қылып болған соң, бастығы Сыздық болып барлық төрелер елі мен орысқа бармақты мақұл көреді. Ел жиналып жүруге даярланғанда Сыздық мынадай пікір қозғайды: "Ел жұрт болған жерің түгел барыңдар. Мен әліде болса мұсылманның қылышын шауып көрейін, сендер түгел барсаңдар бір мені жоқтай қоймас. Мұсылманға құдай абырой беріп орысты қайтара қалса мен сендерді аман алып қалуға жарармын. Егер абыройды орыс алса жалғыз менімен ел кемімес те артпаста. Дұшпанның сыртында болғанша ішінде бол деген, сендер барыңдар деп, өзі Қоқан қолымен қосылып орысқа қарсы шықпақ болған. Сыздықтың мұсылман жәрдеміне бармақ болып, елді жинап қоштасып Қоқанға жүруге ордада отырып алдына бір шара қымыз алып кесеге құйып, кім менімен бірге баратын болса, қолымнан келіп қымыз ішсін де, далаға шығып ат ерттесін деген. Сонда жігерлі батыр жігіттерден қырық жігіт келіп, қолынан қымыз ішіп, баратын болған. Ақырында біз де сіз өлген жерде өлеміз деп екі қатыны да келіп қымыз ішіп бұларда жүрмек болған". Сөйтіп Сыздық қырық жігітімен Түркістандағы Қоқан әскеріне барып қосылған». Жазған Әзмұхан Ахметұлы КЕНЕСАРИН Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қоры. 1338 папка. 1-2 беттер ...«Тайшық пен Ахмет сұлтандар Русия жағына шыққан кейін Сыздық сұлтан 1864 ж. Қоқан ханының фәрманы бойынша Созақ хәкімі болып тағайындалды, оған орыс шекарасын бақылау тапсырылды. (Ахмет сұлтан Кенесарыұлы. Кенесары және Сыздық сұлтандар. Алматы, Жалын. 1992. 24 б.). ...«Ақырында, көптен бері ханның қол астында белгілеп орныға алмай тұрған Түркістанды 1864 жылы 12 июньде соғыспен орыс полковнигі Веревкин алыпты. Сол жылы Түркістанды орысқа бермеске хан Абылайдың шөбересі, Кенесары ханның баласы Сыздық төре де соғысқан екен» Міржақып Дулатов «Қазақ», 1913 ж., № 16). «Әлімқұл молданың тобы бір зеңбірекпен қаруланған 112 жауынгері бар Серовтың жүздігін қоршауға алды. «Неизвестные страницы забытой войны» Подполковник В.Корнеев – Әскери университеттің қызметкері, сотрудник Военного университета, подполковник. "Независимое военное обозрение" журналы НВО, N22, 1999 ж., 5 б.). Төмендегі мына бір деректен Әлімқұлдың Түркістанға аттануына қазақ пен қырғыздардың өздері мәжбүрлегенін көреміз: ... «1281 (1864) жылы қыстың басында, ол (Әлімқұл молда) тағы да Ташкентке аттанып, алыс жолды жылдам жүріп өтіп, Мыңөрікке тоқтады. Онда жүргенінде қыпшақтар мен қырғыздардың: «Олар келгелі бізден тыныштық кетті, бізге қыпшақ даласы мен облыстарын қарсы қойып бітті, жағдайымыз тіпті қиындап кетті» деген реніш сөздері құлағына жеткен Әлімқұл молда Ташкент тұрғындарымен жаңа шарт жасап, Қарақамыс арқылы қаладан шығып Сырдария жағалауына бет алды. Жылдам жүріп отырып, Иқанға жетті. Олардан бұрын ол жерге Түркістаннан 100 кәпір келіп тоқтаған екен (4 желтоқсан күні шыққан есаул Серовтың жүздігі). Қақаған қысқа қарамай, ол әскерін тәртіппен орналастырып, «Қара бура» жасатты (қамыс пен сабанды буып жасаған қалқан). Қарабураны алдына салып дөңгелентіп отырып, жауға жақындап 100 кәпірдің біразын өлтіріп, 60-шақтысын тұтқынға алды». («Тарих-и-Шахрухи» Молда Нияз-Мұхамед Қоқанди). «1864 жылы 3 желтоқсанда Сыздық сұлтан Әлімқұлдың рұқсатымен өз жігіттерінен сегіз жүз адам алып, ілгері озып Шілік қыстағына барып, ондағыларды тұтқынға алып, Әлімқұлдың келуін күтеді. Әлімқұл молда негізгі қолымен күн батардың алдында келіп жетеді. Сыздық сұлтан өзінің сегіз жүз жігітімен түнде тағы ілгері озып барып, таңда Иқанға жетеді. Онда Иқанның ақсақалы Ибн Әминді қолға түсіріп, тағы да Әлімқұлдың келуін күтеді. Әлімқұл молда Иқанға жақындап келіп, негізгі күшімен Шілік жағына тоқтаса, ал Сыздық өз жігіттерімен Түркістан жағына тоқтап, Түркістан жолына күзет қойды. Бұл жөнінде 4 желтоқсанда хабардар болған Түркістан қаласының коменданты подполковник Жемчужников Сыздық сұлтанның 400 қолмен Шымкенттен Түркістанға келетін төте жолда екендігін ескеріп, оларды соншалықты көп емес ойлап, қоқан әскерінің қозғалысын бақылап, Иқанға бару үшін Орал казак әскерлеріне жиналуға бұйрық береді. Сонымен бірге пошта тасушы Паспақты генерал-майор Черняевке аттандырады. Содан есаул Серов басқаруымен құрамында 2 обер офицер, 5 урядник, 98 казак, 4 артиллерист, 1 фельдшер, 1 фурштат және 1 зеңбірегі бар Орал казак әскерлері жолға шығады. Серов бастаған Орал казак әскерлері Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияны отарлау барысындағы әскери шараларға қатысу үшін Орал қаласынан арнайы алдырылған болатын. Өз әскерімен Түркістаннан шыққан есаул Серов қала маңындағы бақ ішінен пошта тасушы Ахметті кездестіріп, одан Иқан маңынан қоқан қолын көргенін естиді. Пошта тасушылардан қоқандықтар туралы естіп білген Түркістан басшысы подполковник Жемчужников сондағы тұрғын Әмірді есаул Серовқа аттандырып, егер де қоқанның қалың қолын көрген жағдайда Түркістаннан 10 верст қашықтықтағы қираған Тышанақ бекінісіне тоқтап, олардың қозғалысын бақылауды тапсырады. Кейін кері қайтқан Әмір арқылы Жемчужников қоқанның 1000 шақты қолы Иқанды қоршауға алғанын, есаул Серов әскерінің Иқанға жетпей тоқтағанын естиді. Серов бастаған Орал казак әскерлері Иқанға3 верст жетпей қоқан қолын көріп кері шегінеді. Алайда Сыздықтың күзетшілері түн ішінде осылай қарай жақындап келе жатқан екі топ адамды көріп, хабар жеткізеді. Темекі тартып сөйлесіп келе жатқан олардың атты казактар екенін таныған соң Сыздық дереу Әлімқұл молдаға хабар беріп, өзінің жігіттерін дайындайды. Хабар тиген соң Әлімқұл да әскерін дайындап, алып шығады. Олар келе жатқан есаул Серов басқарған орыстың атты жүздігі екенін біледі. Қоқан әскерін көрген сәтте жанталасқан орыстар аттарынан түсіп, мылтықтан, зеңбіректен оқ ат ата бастағанымен барлық жағынан қоршауға алынады. Серов ат үстінде кері шегінуге мүмкіндік болмағасын, тез арада отрядқа аттан түсіп, кішігірім орға тасаланып жатып, ал ашық жақтарына әскердің азық-түлік, жемшөп қаптарымен, т.б. қорғануға болатын заттардан үйінді жасауға бұйрық береді. Сөйтіп екі жақ күн шыққанша атысып, келесі 5 желтоқсан күні одан әрі жалғасады. Казак әскеріндегі қару-жарақтың басым болуы бірнеше мәрте қоқан әскері тарапынан жасалған шабуылға тойтарыспен жауапберуге ықпал етеді. Түс кезінде казактар оққа ұшқан аттарын айналасына қоршау етіп қойып, солардың тасасынан атысуды жалғастырады. Осы кезде Түркістан жаққа қойған күзетшілерден үш жүздей солдаты бар бір отрядтың келе жатқаны туралы хабар келеді. Шынында да осы тұста Түркістан қаласының коменданты подполковник Жемчужников өткен күні кешкі сағат 5-тің тұсында басталған күшті атыстың, түні бойы және келесі күні де жалғасып жатқанын естіп, бірақ Серов отрядынан ешқандай хабар ала-алмай, оған көмекке жаңа отряд жіберуге шешім қабылдаған еді. Содан подпоручик Сукорко бастаған құрамында 152 жаяу әскер, 2 жеңіл зеңбірек, екі пошта тасушы және 8 казак бар отряд Түркістаннан Иқанға аттанады. Жемчужников Сукоркоға егер де отряд Серов жүздігімен қосылу үшін жаудың айтарлықтай күшін кездестіріп, кедергіге тап болса және олардың Түркістан бағытына қозғалысын көрген жағдайда жүздікті құтқармай кері қайтуды тапсырған. Мұның өзі подполковниктің казактарға соншалықты жаны аши қоймағанын айғақтайды. Түркістаннан орыс отрядының шыққаны туралы хабарды естігенде Әлімқұл молда не істерін білмей сасқалақтап қалған. Ол өзінің әскер басшыларынан: «Мына екі жүз орысты жеңе алмай тұрғанымызда, оның үстіне тағы үш жүз солдат келіп қосылса, бізде бұларды талқандаудың ешқандай мүмкіндігі болмайды. Не істеу керек?» деп ақыл-кеңес сұрағанда олардың ешқайсысы да «өзіңіз шешіңіз» дегеннен басқа ештеңе айта алмаған. Сыздық сұлтан ғана Әлімқұл молдаға: «Сіз негізгі күшпен мына орыстарға шабуыл жасай беріңіз, ал мен өз жігіттеріммен келе жатқан солдаттардың алдынан шығып, оларды сізге жібермей бөгейін» деп айтқан және солай істеген. Сыздық сұлтан көмекке келе жатқан подпоручик Сукорко бастаған солдаттарды Түркістан жолындағы Сасықбұлақ деген жерде қарсы алып, атыса бастайды. Сол ұрыста оның алты аты оққа ұшып, он жігіті жараланады. Ашық әрі жазық жерде солдаттардың оғы өздеріне жақындатуға мүмкіндік бермеген. Сондықтан Сыздық атыса отырып, Иқан жолымен кері шегіне бастайды. Бұл ұрыс Иқан түбіндегі есаул Серов отрядына да естілген. Серов түскі сағат 2-нің шамасында Түркістан жағынан зеңбіректен, мылтықтан атылған оқтың дауысы естілгенін, кейін білгеніндей бұл өздерін құтқаруға жіберілген отряд екенін және оларға 3 не 4 верст жете алмай кері қайтқанын өкінішпен еске алады.Орыстардың жолын бөгей алмайтынына көзі жеткен соң Сыздық сұлтан мынадай айла ойлап тапқан. Ол солдаттарды жайына қалдырып, өзі барлық жігіттерін ертіп Түркістанға қарай кеткен. Бұл орыс отрядын Сыздықтың Түркістанға қарай бет алғанына қарағанда, алдағы орыс казактары сірә тұтқынға түскен екен ғой деп ойлауға мәжбүр етті. Шынында да орыстар Сыздықтың соңынан Түркістанға қарай кері бұрылады. Сыздық сұлтан Түркістан маңындағы Әли қожа деп аталатын мазардың бағының ішіне келіп тоқтайды. Подполковник Жемчужниковтың айтуына қарағанда, түскі сағат 3-тің тұсында Түркістан бағытына келе жатқан әскердің алдыңғы шебі көрініп, ал оның артынан 6 сапқа бөлінген 4000 қол жақындаған. Сағат 4-тің тұсында әскер қаланың іргесіне келіп, үш жақтан қоршауға алады. Ал кешкі сағат 6-да подпоручик Сукорко отряды да Түркістанға кері қайтып келеді. Ол өзінің алдынан қоқан қолының Түркістанға қарай қозғалғанын көрген соң қалаға кері шегінуге мәжбүр болғанын жеткізеді» (Ахмет сұлтан Кенесарыұлы. Кенесары және Сыздық сұлтандар. Алматы, Жалын. 1992. 26-29 б. б.).. «1864 ж. желтоқсанда Қоқан ханының регенті (хан атынан мемлекетті басқарушы) Әлімқұл 10 мың әскермен Түркстанды басып алу мақсатымен Сарыағаш, Шілік арқылы Иқанға жетті.Осы жерде олар есаул Серов бастаған оралдық казактардың жүздігімен кездейсоқ кездесіп қалды.. Қоқандықтар казактарды жылдам қоршауға алып,ашық даладағы шайқас екі күнге созылды. Түркстаннан казактарға көмекке ұмтылған поручик Сукорко бастаған атқыштар ротасын сұлтан Сыздық Кенесариннің сарбаздары тоқтатты. Сыздықтың шағын тобы екі күн бойы Түркстанды айнала жүріп соғысып, Сукорко тобының жолын бөгеп тастады.. («АКАДЕМИК»http://dic.academic.ru/ Ресей Ғылым академиясының сайты ).
Подполковник Жемчужниковтің генерал-майор Черняевке баянжазбасы: