«Абайдың ән әлемі»
2014 ж. 18 тамыз
2716
0
Баспасөз парағы
Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы 2014 жылғы 23 тамыз күні сағ.11.00-де Абай ескерткішінің алдында қазақтың ұлы ақынның туған күніне арналған «Абайдың ән әлемі» атты мерекелік шара өткізеді.
Шараның басты мақсаты – Абайдың сан қилы мұрасын насихаттау, алуан тақырыптағы әндері арқылы суреткердің эстетикалық әлемін таныту.
Шара Абай ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталады.
Аталған кеш барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, өнертану профессоры Кенжеғали Мыржықбайдың «Қазақ қайран жұртым», «Өлсе де табиғат адам өлмес», «Қараңғы түнде тау қалғып» (үш тілде), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбайдың «Көзімнің қарасы», Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бокейханның «Татьянаның әні», қазақтың дәстүрлі әндерін нақышына келтіре айтып жүрген танымал әнші Ерлан Рысқалидің орындауларында «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң» сияқты Абайдың танымал әндері шырқалады.
Сонымен қатар, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері Абайдың өмірінен дайындалған қойылым көрсетеді.
Кешке зиялы қауым өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары шақырылады.
Байланыс телефоны: 55-67-28, 55-72-86 ф.