Ресейлік филолог қазақ тілін үйрете ала ма?!.

Ресейлік филолог әзірлеп шығарған жаңа әдістеме бойынша қазақ тілін үйренгісі келетіндер оны көбейту кестесіндей білетін болады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ресейлік филолог ғалым Александр Драгункин айтты.

"Қыркүйек айында мен Астанада Драгункин орталығын ашпақпын. Онда қазақ тілін үйренгісі келетіндер өзім жасап шығарған жаңа әдістеме бойынша тілді аз ғана уақыт ішінде үйренуге мүмкіндік алады. Менің әдістемем оңай әрі қайталанбас жаңашылдығымен ерекшеленеді", - деді ресейлік филолог.

Негізі, қазақ тілі - жеңіл тіл. Дегенмен оның да өз қиындықтары бар. Мен сол қиындықтарды оңай еңсерудің жолын таптым және әдістемемді соның негізінде құрдым.

Айта кетейік, бұрын А. Драгункин ағылшын және қытай тілдерін үйрену әдістемелерін жасап, олар көпшіліктің қызығушылығына ие болған. Оларды қазір әлемнің 28 елінде пайдаланады.

Александр Драгункиннің осы саладағы тәжірибесі 16 жылға жуық. Бұл уақыт аралығында ол 30 шақты кітап жазып, 10 мыңнан астам адамның қолдауын тапқан.

Айта кетейік, ғалымның өзі әзірге қазақша білмейді. Дегенмен ол қазақ тілін үйренуге деген құлшынысы бар екенін жасырмады. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/319387.html

ҚазАқпарат