Ақынның айтары бар…
2014 ж. 24 мамыр
1697
0
Ақын Құл-Керім Елеместің фейсбук парақшасындағы адамға ой саларлық бірқатар жазбаларымен бөлісіп отырмыз. Бұл айтқандары өскелең ұрпақтың тәрбиесіне жақсы жағынан әсер берер деген үміттеміз.
- Адам шынайы адамдық деңгейін тек иманды болумен ғана сақтап қалмақ.
- Әке-шеше маңызды ма, Отан маңызды ма деген сауал туындаса, оған жауап: әрине аке-шеше маңызды. Себебі, «әке-шешенің сүйіспеншілігі Аллаһ тағаланың сүйіспеншілігі. Әке-шешенің ашуы Аллаһ тағаланың ашуы». Ал Отанның бұл сүйіспеншілікте соңғы орында тұруы Отанның орынының төмендігін білдірмейді. Себебі, әке-шешесін жанымен сүйе алмаған адам Отанын әсте сүйе алмақ емес.
- Әркім өз танымдас адамдармен достасады. Биік пен аласа дос болмайды. Адамның биігі немен өлшенетініне келсек, ол сөзсіз Хақ тағаласына құлдықпен өлшенбек. Ал ол жерден дос таба алмасаң өкінбе.
- Адам болудың алғы шарты – иманды болу.
- Жұмақтың есігі бұ дүниеде ашық тұр. Ол – Ислам. Адамдардың көбі ол есікті қақпауда. Өкініштісі, ол есік әркімнің өлімімен жабылмақ.
- Жалқаудың үш мінезі болады. Немесе жалқау – жалқау, жауапкерсіз, өтірікші болады.
- Астам сөздің айтушыға да, халқына да әкелетіні тек жамандық.
- Хақ тағалаңды танығанға дейін жазғаныңның күллісі тек жазуға жаттығу ғана. Ол ешқашан өнер емес.
- Аллаһ тағала қасиетті Құран Кәримде адамды топырақтан жаратқанын айтады. Аллаһ тағала айтқасын ол сөзсіз рас. Ал біреулер афсанаға сеніп, өздерінің қасқырдан жаралғанын айтады. Сөйтіп олардың қасқыр болғысы келеді. Ал мен Аллаһ тағаланың айтқанына сеніп, топырақтан жаралған тек адам болып қалғым келеді.
- Адам адамдығын сақтап тұру үшін кемелді иман, иманын сақтап тұру үшін табандылық пен ізденіс керек.
- Нәпсіқор еркек ел тазалығына түскен құрт.
- Қызғаныштан арылу адамдағы жүрек тазаруынан бір белгі.
- Қызғанышыңнан ассаң кісілігіңе жетесің. Кісілігіңнен ассаң адамдығыңа жетесің. Адамдығыңнан ассаң құлдығыңа жетесің. Құлдығыңа жетсең Хақ тағалаңа достыққа жетесің.
- Бір шындықты құптау үшін де адамға күшті адамдық керек.
"Намыс" порталынан