Мәдина Сәдуақасованың тұрмысқа шыққан тойы...
2014 ж. 02 ақпан
9971
50
Бүгін, яғни 2 — ақпан күні танымал әнші, халықтың сүйікті де ерке қызы Мадина Садуақасоватұрмысқа шығып, жары Олжас Смағұловпен үйлену тойын Алматы қаласында өткізіп жатыр.
Бізге белгілі болғандай, тойы Esperenza ресторанында өтіп жатыр. Ал күндіз, жары Олжас екеуі неке сарайында некелерін қидырған. Мадина тойға екі көйлек киген, бірін құрбысы сыйға тартса, екіншісін өз дизайнері арнайы Мадинаның тойына тіккен деседі. Некелесу кезіне Мадина иығын шілтермен жапқан ақ көйлек киген болатын:
Ал кешкі тойға Мадина көбелектермен сәнделген бал көйлегін киіп шықты, ал Олжас күйеу жігіттің бутоньеркасы ақ гүлден ақ көбелекке ауысқан. Мадина Садуақасованың той көйлегін тамашалай отырыңыздар:
Мадина жары Олжаспен осыдан 4 жыл бұрын танысып, тек 2013 жылдан бастап қана кездесе бастаған. Ал күйеуі жігіт Олжас, Мадинаға тұрмысқа шығуға ұсынысты Мадинаның туған күні 8- қыркүйекте тәтті торттың ішіне сақина салып айтқан екен.
Үлкен жас айырмашылығына қарамастан (Олжас 1986 жылғы), Мадина өзін сүйген, өзі сенген азаматқа келісімін беріп, бүгін көптен күткен тойларын жасап жатыр.
Біз өзіміздің атымыздан, сүйікті әншіміз Мадина мен Олжасқа бақыт тілейміз! Көтерген шаңырақтарыңыз биік болып, іші сәбиге толсын демекпіз!
neke.kz