Берік УӘЛИ. Ұлттың мүддесін үнемі қазақ журналистері қорғап жүреді...
2013 ж. 02 маусым
5854
8
Шымкентте шығатын жергілікті «Саясат ақпарат» газеті танымал әріптесіміз Берік Уәлимен сұхбат жүргізіпті. Қазір мемлекеттік қызмет атқарып жүрген Берікті оңтүстіктегі ағайындар құшақ жая қарсы ала қоймағанын білеміз. Шымкент жершілдігімен, рушылдығымен аты шыққан өңір екенін несіне жасырамыз. Басқа ауылдың баласын ұната қоймағандары анық. Сондықтан болар БАҚ беттерінен Берікті аяқтан шалған, етектен тартқан мақаларды жиі көзіміз шалады. Мына сұхбатта Берік әріптесіміз ағынан жарылыпты. Мұндай сұхбатты аз тиражбен шығатын газет оқырмандары ғана емес, бүкіл қазақ оқырмандары біле жүргені абзал болар деп назарларыңызға ұсынып отырмыз. «Шын-ақпарат»
Берік Уәлиұлы ҚҰРМАНҒАЛИ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары-баспасөз қызметінің басшысы: 
Қазақстан   Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты атандым; 2004 жылы «Өркендеу, Демократия және Сөз бостандығы» атты ұлттық конкурстағы үздік еңбегім үшін ЮНЕСКО-ның арнайы дипломына ие болдым; 2006 жылы «Дода» қоғамдық-саяси ток-шоуым Қазақстан Журналистер Академиясының «Үздік ток-шоу» номинациясы бойынша «Алтын жұлдыз» жүлдесін жеңіп алды. 2007 жылы «Хабардағы» «Бетпе-бет» бағдарламасы үшін 10-шы мәрте өткен «Шабыт» халықаралық байқауында «Телевизия саласындағы үздік журналистік жұмыс номинациясы бойынша Марат Барманқұлов атындағы дипломмен» марапатталдым. Айтпақшы, көбінесе айтыла бермейді, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерімін. Көп дос таптым, әріптестер таптым. 2000-2007 жылдардың аралығын қазақ журналистикасының нағыз даму кезеңі деп білемін. Сол кезеңдерде сөз бостандығына үлесімді қосқанымды мақтан тұтамын.
– Кино саласын неліктен таңдамадыңыз?
– Менің мамандығым кино түсіруші немесе киноактер емес, кинотанушы. Бұл дегеніңіз – кино сыншысы, яғни мақала жазушы, кино саласына мамандандырылған журналист. Меніңше, журналистикадан алыс емес. Киносыншы тек қана киномен айналысуы керек деп ойламаймын.
– Шамалауымша, сол жылдары қоғамға киносыншы қажет болмай қалды-ау...
– Ол жылдары, шыны керек, кино да түсірілмей қалды ғой. «Байтал түгіл бас қайғы» демекші, кино түсіру былай тұрсын, «Қазақфильмнің» өзі «шықпа, жаным, шықпаның» күйін кешіп жатқан-тұғын.
– Ал, журналистиканың қара қазаны қашаннан бұрқ-сарқ қайнап жататыны белгілі...
– Әрине, журналистикаға әдепкі қадам басқан уақытта мәдениет, театр һәм кино тақырыптарында қалам тербеп жүрдім. Алайда журналистиканың қара қазанына бір түскен соң, бас редакторға «Менің мамандығым «киносыншы-редактор» еді. Тек осы салаға қатысты мақала жазайыншы!..» деп қалай айтасың?! Күнделікті неше түрлі оқиғалар орын алып жатады. Нағыз балуанға оң-солы бірдей болуы керек, тақырып таңдамайтын болдық қой. Іздендік. Өзгелерден үйрендік. Әсіресе, қазіргі таңда «Мегаполис» газетінің бас редакторы қызметін атқарып отырған Игорь Шахновичтің «НТК» мен «31-арнада» орыс тіліндегі жаңалықтарды дайындау тәсіліне тәнті болатынбыз. Дмитрий Бациев, Сергей Туник, Александр Таланов секілді еврей ұлтының майталмандарымен тізе қоса жұмыс істеп, ақпаратты жылдам іздеп табуда бірталай тәжірибе жинақтадық. Жасыратыны жоқ, біздер үшін үлкен мектеп болды. Ол кездерде қазақ тіліндегі жаңалықтар күніне бір-ақ рет эфирге шығатын, кешке. «31-арнада» еңбек етіп жүріп, қанша қиын болса да, жаңалықтарды күніне 4 мәрте шығаруға қол жеткіздік. «Орыс редакциясынан қалмайық. Керісінше, басып озайық!» деген мақсат қойып, ерекше ынта-ықыласпен жұмыс істедік. Мойындау керек, ұлттық мәселелер төңірегінде сөз қозғағанда, алдымызға қара салмайтын деңгейге жеттік. Ерлан Қарин досымның «Қазақ журналистері кей жағдайда Ұлттық партияның міндетін атқарып жүреді» деп айтатыны бар. Меніңше, қазір де солай. Ұлттың мүддесін үнемі қазақ журналистері қорғап жүретіні рас, өйткені бізде Ұлттық партия жоқ қой.
– «Сол олқылықтың орнын ұлтына шын жаны ашитын журналистер толтырып жүр» дейсіз ғой.
– Әлбетте.
– Әлгінде «Еврей журналистерінен көбірек үйрендім» дедіңіз. Дегенмен Фариза Оңғарсынованың «Ұстазсыз жолда сөнбек күн...» дейтіні тағы бар...
– Ешкім аспаннан аяғы салбырап түскен жоқ. Журналистикада қасымда жүрген әріптестерімнің баршасын ұстазым деп білемін. Дегенмен бір тоқтала кететін жайт, еңбек жолым «Таң» телеарнасынан басталғанда, 20 жастағы сарыауыз балапан едім. «Қазақстан-1» телеарнасы қожырап жатқан тұста Нұртілеу Иманғалиұлы «Таң» телеарнасында қызмет атқарды. «Ой-көкпар» деген хабар жүргізді. Сонда мен секілді жас журналистерді монтаждау студиясына кіргізіп алып, бағдарламаны көрерменге барынша шынайы және жып-жинақы ұсыну үшін, монтаждаудың қыр-сырын үйрететін. Ол кісімен бірге отырып, монтаж жасау – бір ғанибет. Сұхбат беруші адамның эмоциясын, мимикасын, ойланып қалған қас-қағым сәттерін, т.б. ұсақ-түйек элементтерді эфирге шығару өзін-өзі ақтай ма, жоқ па – осы мәселелерді көп үйретті. Әр кадрдың қадірін Нұртілеу ағамнан үйрендім десем, артық айтқандық емес. Сол себепті Нұртілеу ағаны телевидениедегі «Ұстазым» деп айтуға толық құқығым бар. Жоғары оқу орнында білім алдым, магистратура бітірдім, бірақ бұлардың жөні бір басқа да, журналистиканы практикалық тұрғыдан меңгеру бір басқа екен. Тіпті арасы жер мен көктей десем де болады. Сондай-ақ Төлебай Смағұлұлынан да біраз нәрсе үйрендім.
– Енді өзіңізде шәкірт бар ма?
– Құдайға шүкір, екі жылға жуық Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде тележурналистика пәнінен дәріс бердім. Тіпті, бір куратордың декреттік демалысқа шығуына байланысты студенттер мені аттай қалап, ректорларына өтініш жазып, бір жарым жылдай курсқа жетекшілік еттім. Сол шәкірттерім «Биыл университетті тәмамдағанымызға 5 жыл толды. Басқосуымызға келіңіз, біздің ортамызда болыңыз!» деп Алматыға шақырып жатыр. Одан бөлек бір жылға жуық Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында телекомментаторлықтан дәріс оқыдым. Екі оқу ордасында да жарты-жарты мөлшерлемемен жұмыс істедім. Ол уақытта «31-арнада» «Дода» бағдарламасын жүргізетінмін, қолым сәл бостау. Студенттерге теориялық сабақты аудиторияда өтсем, практикалық сабақты «Доданың» түсірілім барысында жүргіземін. Есімдерін атап, қанаттандырып қояйын, олардың арасынан мықты журналистер шықты. Мысалы: «Ұлан» газетіндегі Серікбол Хасан, «ҚазақТВ-дағы» Жарқын Сәленұлы, Жадыра Мүрсәлімова, Инга Иманбай, т.б.
– Сіз алғаш қадам басқан уақыттан күні бүгінге дейін қазақ журналистикасының деңгейі қаншалықты артты?
– Журналистика қайнап жатыр ғой. Бірақ нені қайнатып жатыр? Заман талабына орай барлық салада да ақпарат ағымы күшті. Ал, оны беру формасы мен жұртшылыққа жеткізу деңгейі қалай? Бұл – басқа әңгіме.
– Бүгінгі қазақ журналистері, жоғарыда өзіңіз айтқандай, Ұлттық партияға мүше боларлық дәрежеде ме?
– Ол әр басылымның өз ұстанымына байланысты. Және ол газеттің қай аймақтан шығатындығы да рөл ойнайды. Мысалы, Шымкент пен Алматының, Алматы мен Астананың, Астана мен Шымкенттің журналистерін бір-бірімен салыстыра алмас едім. Астана мен Алматыдағы журналистер көбінесе энтузиазммен жұмыс істейді. Күнін көре алмай, пәтер жалдап жүруі мүмкін, әйтсе де ұлт үшін, оның мүддесі үшін кәсібіне адал болып жүрген әріптестерім жеткілікті. Мен сұхбатты өтірік көлгірсу үшін немесе біреулерге ұнау үшін бергім келіп тұрған жоқ. Шымкенттік журналистер ренжімесін, мен оларды алматылық та, астаналық та әріптестерімен салыстыра алмайтыным рас. Деңгейлері басқаша екенін өздері де біледі. Бірақ Шымкенттің бір артықшылығы, бизнесті жақсы дамытқан. Оны мойындау керек. Журналистиканы ақша табу жолы мен бизнеске айналдырғаны жөнінен Алматы мен Астана таласа алмайды. Тіпті кемшін түсіп жатыр десе де болады. Өз кезегінде шымкенттік журналистер үшін ұлттық мүддеге қатысты мәселелердің бірінші орында тұрмайтыны рас. Мен бұл пікірді салыстырмалы түрде айтып отырмын. Және бұл – менің жеке пікірім. Себебі менде салыстыру мүмкіндігі бар: 14 жыл Алматының қайнаған журналистикалық ортасында жүрдім, бес жарым жыл Астанада тұрдым, ал, Шымкентте өмір сүріп жатқаныма 9 ай болды, яғни бір жылға жуық мерзім. Сондықтан қазақ журналистикасы қаншалықты Ұлттық партияның рөлін атқарып жатқандығына көз жеткізу үшін, Шымкенттен шығатын 5 газетті, Алматыдан шығатын 5 газетті, Астанадан шығатын 5 газетті қатар қойып, салыстырып қарай салсаңыз болды.
– Сірә, демократиялық мемлекет екендігіміздің көрінісі шығар, оппозициялық басылымдардан да кенде емеспіз. Қалай ойлайсыз, сол газеттердің ұстанымдары, қалың бұқараға ұсынып жатқан дүниелері қаншалықты объективті?
– Оппозициялық басылымдар, әрине, бізге керек. Және олар жеткілікті. «Ондай басылымдар керек емес» деу қоғамның дамуына балта шабу деп білемін. Мүмкіндігінше оппозициялық газеттердің барлығын қарап шығуға тырысамын. Сайттарына көз жүгіртіп отырамын. Ал, билікке тиесілі басылымдар не жазып жатыр? Оны да сараптаймын. Өздерін тәуелсіз санайтын, әйткенмен құрылтайшыларының сойылын соғатын ақпарат құралдарын да назардан тыс қалдырмауды менің қазіргі қызметім мәжбүрлейді һәм міндеттейді. Барлығын оқып шығып, соның ішінен тек өзіме қажеттісін ғана аламын. Оған өзімше іштей талдау жасап, қажет жерінде пайдаланамын. Тіпті кейде тәуелсіз басылымдардың тірлігімізді ширатуға, елеусіз қалған проблемалардың дер кезінде шешілуіне септігі тиетін тұстары да кездеседі. Жауырды жаба тоқығаннан ешкім ештеңе ұтпайды ғой.
 
            «Бізде Ұлттық партия жоқ қой»
– «Берік Уәли» деген есімді қазақстандықтар ең әуелі телеарна арқылы таныды. Расын айту керек, Сіз жүргізген «Дода» ток-шоуының асыға күтетін кең аудиториясы болатын. «Хабар» арнасындағы, бір қарағанда, тым ресмилеу көрінетін «Бетпе-беттің» де бетін бері бұрып, халыққа біршама жақындаттыңыз. Қоғамдық жұмыстардан да шет қалмайсыз. Ал, осыдан тоғыз ай бұрын Шымкенттен бір-ақ шығып, мемлекеттік қызметке қадам бастыңыз. Сондықтан жұртшылыққа өзіңізді жақынырақ таныстырсақ деген ойымыз бар... – Туып-өскен ауылым – бұрынғы Семей облысының Ақсуат ауданына қарасты Ойшілік ауылы. Мектепті сонда бітірдім. Ойшілік – қазақтың қаймағы бұзылмаған ауыл. Ата-анам – қарапайым еңбек адамдары. Бүгінде соңғы 10 жылдан бері Алматы қаласында тұрады. Жалпы, менің бойымдағы журналистикаға деген икемділік пен бейімділік әке жағымнан да, шеше жағымнан да болды деп ойлаймын. Мысалы, біз жазушы Қабдеш Жұмаділовпен – немере ағайынбыз. Біздің әкеміз бен ол кісі 1962 жылы Қытайдан бері өтіп, Үржарға қоныс тепкен. Тарихтан белгілі, патшалық Ресей мен Қытайдың Цинь империясының арасындағы мемлекеттік шекараны белгілеу кезінде қазақтың біраз жері Қытай аумағына қалып қойды. Яғни, Шәуешек өңірі атақонысымыз болған. Жеті атамыздың зираты – сол жақта. Шәуешек – Мақаншының арғы жағы. Көштің бұйдасын ұстап келген – Қабдеш ағамыз. Ағайын-туыстардың баршасы сол кісінің соңынан ілесіпті. Руымыз – Найман. Төлегетайдың төрт баласы болған: Қаракерей, Садыр, Матай, Төртуыл. Біз сол Төртуылдан тараймыз. Шыны керек, жөн сұрасып, руымызды айтып жүргеніміз қазір ғой. Өзіміздің Найман екенімізді Алматыға келген соң ғана білгенбіз. Себебі Шығыс Қазақстандағы қазақтардың 99 пайызы Найман руынан болғандықтан, үлкен атасының атын атап, түсін түстемейді ешкім. Менің ойымша, ру деген қыз алысу-қыз берісу, жеті атаңды, тегіңді білу үшін, қан тазалығы үшін ғана қажет. Анам Қаракерейден тарайды. Нағашыларым да от тілді, орақ ауызды. Сөздің қадірін түсінген, сөзге тоқтаған, сөзбен тоқтата білген жандар. Мен – үйдің үлкенімін. Менен кейін екі қарындасым, екі інім бар. Барлығы – үйлі-баранды. Інілерімнің бірі Астанадағы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының операторлар бөлімін басқарады. «Шымкентте жалғыз жүрмейін, сүйенетін інім болсын» деген ниетпен екінші інімді «Астана» телеарнасында қызмет етіп жүрген жерінен жұмыстан шығарып алып, осында ерте келдім. Қазір «31-арнаның» Шымкенттегі меншікті тілшілер қосынында еңбек етуде. Екі қарындасым Астанада тұрады. ...1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында қазақ тіліне басымырақ көңіл бөліне бастағанда, мектебімізде қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын арнайы сынып ашылды. Міне, сол сыныпта білім алдым төрт жыл. Журналистикаға келуіме осының да ықпалы тиді-ау. Оның үстіне ұстазымыз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білгір маманы Зәйтүна Срайылова менің осы салаға бет бұруыма өз үлесін қосты деп есептеймін. Сыныптастар арасында да бәсекелестік күшті болды. Кейін Алматыға жоғары білім алуға кеттім. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын (Бұрынғы Алматы театр және кино институты) «кинотанушы-редактор» мамандығы бойынша тәмамдадым. Ол уақытта, яғни тәуелсіздік жылдарында бұл тың мамандық-тын. Мұндай мамандық Кеңес одағы тұсында тек Мәскеудегі Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтында (ВГИК) ғана оқытылатын. Белгілі кинотанушы, қазақтың маңдай алды киносыншыларының бірі Бауыржан Нөгербектің курсында білім алдым. Әмен Қайдаров, Талғат Теменов, Еркін Жуасбеков, Есмұқан Обаев, Ерсайын Әбдірахманов, Сатыбалды Нарымбетов, Әкім Тарази, Серік Апырымовтар дәріс оқыды. Еңбек жолым 1997 жылы «Таң» телекомпаниясындағы «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының корреспонденті қызметінен басталды, соңыра «НТК» телеарнасының жаңалықтар қызметінде еңбек еттім, жауапты шығарушы болдым. Одан кейін «31-арнада» қызмет атқарып жүргенде, «Информбюроға» басшылық жасап, «Еркін сөз», «Дода» атты ток-шоуларды дүниеге әкелдім. 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистратурасын бітірдім. Тележурналистика мамандығы бойынша. Міне, осы орталар мені шыңдады, қалыптастырды. Биыл мектеп бітіргеніме 20 жыл толды. Соның 14 жылы Алматы қаласында өтті де, 5 жыл Астанада жұмыс істедім. «Хабар» агенттігінде еңбек еттім. Маңдай терім зая кеткен емес, әжептәуір жетістіктерге жеттім: «31-арнадағы» «Еркін сөз» авторлық бағдарламам үшін 2003 жылы