ЕРСАЙЫННЫҢ ЕРЕКШЕ МАМЫРАЖАЙЫ
2024 ж. 11 маусым
3356
0
Жан-әлемі үнемі ән салып, сиқырлы әуен туғызып, мың бояулы ойларын кенепке түсіріп, жүрегін жыр әлдилеп жүретін ғажайып бір адам бар. Ол – белгілі суретші, ақын, сазгер Ерсайын Жапақ. Осы ағайды көрген сайын оның «Менің әлемім – мамы ражай» деп аталатын керемет көрмесі ойымызға оралады. Жеке көрменің ашылуы – кез келген суретші үшін үлкен оқиға. Астрологиялық аспектілер мен нумерология- ны да жақсы білетін Ерсайын бірқатар әріптесі мен жора- жолдасын «Грек Тавернасы» үйінде өткен галереясының ашылуына шақырды. Іс- шара ашылған күн феникс құсындай қайтадан тірілетін Шаян шоқжұлдызын бейнелейтін еді.
Талайдан Ерсайын Жапақтың шығармашылығына қолдау көр- сетіп жүрген аталмыш мекеме иесі, қазақ және әлем бейнелеу өнерінің білгірі, коллекционер Юрий Ка- лайджиди бұл жолы да қылқалам шеберінің кешіне арнайы орын берген-ді.
Көрменің ашылу сәтінде Репин атындағы Санкт-Петербург акаде- миясы мектебінің атынан шыққан алматылық үш атақты өнертанушы Ирина Юферова, Баян Барманқұ- лова және Мариям Жұмағұлова сөз сөйледі. Бұлардың әрқайсы- сының лебізі кәсіби дәрежеге тән талғампаздықпен ерекшеленді, әсіресе, Ирина Юферованың сөзі жиналғандардың ортақ көңіл күйін байқататын биік поэтикалық мәнде естілді:
– «Мамыражай» көрменің әсем атауы ғана емес – суретшінің айрықша философиясы, оның шығармашылық әлемін түсінудің кілті, – деді ол. – Бұл бейнелі ұғым жер-жаһанның көктемгі гүлде- нуін де, көкейін шабыт кернеген қылқалам шеберінің айрықша көңіл-күйін де білдіреді. Ерсайын Жапақтың «біртүрлі» қолтумала- ры өте тартымды жән қайталан- байтын дүниелер. Скептицизмге тұнған шығармалар біздің күрделі дәуірімізде өзінің аңғалдығымен, сондай-ақ керемет адалдығымен, тазалығымен және пішін еркіндігі- мен, ең ғажабы – сезім шынайы- лығымен таң қалдырады...
Вернисажда есте қалған бір сәт – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайрат- кері, суретші-өнертанушы Мәжит Бәйтеновтің Ерсайын Жапаққа Қазақстан өнер академиясының дамуына қосқан үлесі үшін грамота тапсыруы еді.
Көпшілік үшін айта кететін бір жайт – көркемсурет жағынан Ерсайын Жапақтың арнайы білімі жоқ. Суретші кезінде ҚазҰУ- дің журналистика факультетін тәмәмдаған. Ең қызығы, қылқалам шебері алғашқы сурет сабағын бес минут ішінде кездейсоқ «алып» шығыпты. Бірде ол суретші Ержан Әшімнің кенепке майлы бояумен түсірген туындысын көреді де, осы досына өзінің де сурет салуды үйренгісі келетін тілегін білдіреді.
Ендеше не тұрыс бар? – депті Ержан. – Қолыңа қылқаламды ал да, іске кіріс. Ең бастысы өзіңе сен, жан дүниең әрдайым ашық бол- сын! Тек үш түстен артық бояуды араластырма, әйтпесе қойбатпақ болады...
Міне, осылайша Ерсайын ба- тыл түрде жұмысқа кіріседі де... сирек еңбекқорлықтың арқасында жемісті өнер көрсетіп, біртіндеп та- нымал қылқалам шеберіне айнала бастайды. Оның жұмыстары бүгін- де Қазақстан мен Балтық жағалауы елдерінде он алтыдан астам жеке және топтық көрмелерге қойылған.
Мен Ерсайын Жапақты 2005 жылы 10 маусымда Ә.Қас- теев атындағы мұражайда жеке көрмесін ұйымдастырғаннан бері білемін, – дейді Мәжит Бәйтенов, – ол өз жұмыстарын жүк көлігімен әкелді. Картинасы көп екен. Маған олар өте ұнады.
Ерсайын – қимылы шалт, көзіне мейірім нұры ұялаған, өте ширақ жігіт екен. Басында киген тақия- сының өзі ерекше. Кейін білсем, бас киімінің төбесіндегі ою-өр- некті өзі ойлап тауып, кестелепті. Мен онымен сол жылдың күзінде бір топ алматылық суретшімен Тау-Түрген трактатында сурет салуға жиналғанда жақынырақ таныдым, – деп жалғастырады сөзін Мәжекең. – Жазушылар үйіне қоныстандық. Менің досым әрі суретші әріптесім Амандос Ақанаев Ерсайынды: «Бұл біздің Кола Пиросманишвилиміз» деп бағалады. Ерсайын Жапақ – сан қырлы тұлға. Сөз өнеріне де жетік, қазақ өнер қайраткер- лері туралы көптеген мақалалар жазған...
Біз:
Мәжит аға, Ерсайынның көркемдік мәнерін қалай анық- тауға болады? – деп сұрақ қойдық.
Ерсайын Жапақтың кескін- демеге көзқарас стилі – дадаизм. Бұл дүниені байқау, қабылдау тазалығымен, әлемді бала көзімен көру деген сөз. Ұлы суретші Пабло Пикассо: «Мен академиялық сурет пен кескіндемені тез игердім, айна- ланы өмір бойы баланың көзімен көруді және сезінуді үйрендім, ал осының соңы қашан болатынын білмеймін» депті.
Ерсайынға қандай тілек айтар едіңіз?
Ол өз галереясын ашып, салуды армандайды. Осындай мінезі ашық, жүрегі таза адам, суретші, композитор және коллекционердің барлық арманы орындалса екен деп тілеймін.
Айтпақшы, сонау көрменің ашылуына өнертанушы ғалымдар мен Мәжит Бәйтеновбен бөлек басқа да көптеген суретшілер, журналистер, баспагерлер, музыканттар келді.
Іс-шара барысында Алматы консерваториясының оқытушысы, композитор Бақтияр Аманжолов синтезаторда өз шығармаларын орындаса, Жұбанов атындағы мектептегі шәкірті Ерсайын Жапақтың «Көк гүлдер» фильмін тамашалау кезінде пернетақталық импровизацияны бірден орындады.
Белгілі ақын Жамбыл Жа- баевтың шөбересі Бекмұрат Жам- быловтың орындауындағы қазақ домбырасының үні концерттік бағдарламаға ерекше сән берді. Ол арғы атасының «Толғау» шығармасын және басқа да шығармаларды тамаша тарты.
Ерсайынның жан-жақтылығы оның авторы «Үркер» фольклор- лық рок-тобы алғаш орындаған
«Наурыз» әнінің сөзінің авторы ретінде танылуында да көрінеді. Қазір бұл ән бүкілхалықтық хитке айналып, қазақстандықтардың сүйіспеншілігіне бөленді, оны ұлттық сахнаның екі жұлдызды Розасы – Бағланова мен Рымбаева да орындады. Қазіргі таңда Ерсайын Жапақтың репертуарында нотамен жазылған жүзге жуық ән туындысы бар.
Ерсайын қалалық өркениет әлемінен дем алуға барған Жоңғар Алатауының тауларында үш жылға созылған пленэрде осы бірегей табиғи массивтің бояуын, дәмін, қуатын, тербелісін бойына сіңірген жетпіске жуық картина салды. Алматы тұрғындары мен оңтүстік астана қонақтары бір айдың ішінде таныса алатын бұл жұмыстардың кейбірі көрмеге қойылған.
«Ерсайын Жапақ шығарма- шылығына келер болсақ, біз оның шығармаларының алғашқы жарқын әсеріне толығымен сенуіміз керек, өнердегі өлшемдер мен ережелер туралы барлық конвенциялар мен дәстүрлі идеялардан бас тартуымыз керек, – деп кеңес береді өнертанушы Әмір Жадайбаев. – Оның құдіреті өзінен-өзі автордың ерекше тұлғасын, оның өмірлік тәжірибесін береді».
Алуана ЖАСҰЛАНҚЫЗЫ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық униве
рситетінің
2-курс студент