АНА ТІЛІ – АРЫҢ БҰЛ...
2023 ж. 06 наурыз
5598
0
Барша қазақ халқының биік мәртебесі – туған тілі. Біздің ата-бабадан қалған ана тіліміз – қазақ тілі. Тіліміз біздің байлығымыз бен алтын діңгегіміз. Өзін-өзі білетін халық әрқашан өз тілін сыйлап өз тілінде сөйлеуі қажет. Себебі, ата-баба даналығы, жырлары, өлеңдері мен шежіресі ана тілінде жазылады. Тіл – халықтың бейнесі, елдің байлығы мен тұтастай болмысы. Әр ұлттың құрмет ететін өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза және өте бай тілдер қатарына жатады.
Қазіргі уақытта тіліміздің қоғамдағы алар орны қандай? Тіліміздің тіптен жойылуына тілді ұмытудың және өз тілімізді біліп тұрып сөйлемеудің өзі жеткілікті. Бұл – ойланарлық мәселе. Жастардың өз тілін білмеуі, біле тұра сөйлемеуі бұл елдің дамуына қайшылық келтіреді. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Ол әр адамның тұла бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Сол себепті, сәби кезден балаға ана тілін үйрету қажет. Сәбиді дәріптеп, ана тілінің маңыздылығын үйрету керек. Бұл тәрбиеге иленіп өскен бала, болашақта өз тілін құрметтейтін, өз тілін жетік білетін, көрегенді азаматқа айналады.
Ана тілін білмейтін жастар мен ересектер біршама, демек, қазіргі заманымызда тіліміздің өз орнын таба алмай жетімсіреп жатқан тұстары да баршылық деген сөз. Біріншіден, ол отбасы ішіндегі бала мен ата анасынның сөйлесу мәдениеті. Көп отбасы, көбінесе, қалалық отбасылар орыс тілінде сөйлеуді құптайды. Олардың ойынша, бұл оңай әрі қысқа. Ал қазағымнан тұспалдап жеткізетін сөздері ше? Қаттыны жылы айтып, жылыны сүйіншілеп, ал қайғыны жеңіл жеткізетін сөздері қайда қалғаны?
Туған тіліміздің табиғатына көз салсақ оның тереңдігін көреміз. Оның қаншалықты бай әрі таза екеніне көзіміз жетеді. Тіл – ұлттың жаны мен болашағы. Ана тілімізді әрбір қазақ білуі қажет. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.
Қазір үш тілді игеру мәселесі әлі міндеттеліп отыр. Болашақта бұл үлкен әрі әрдайым талқыланатын жәйт болмақ. Басқа тілдерді білу бұл, әрине, жақсы. Сен рухани түрде дамисың, ой өрісің жоғарлайды. Белгілі бір елдің тілін білу бұл ол елдің мәдениетіменде, салт-дәстүріменде таныс болу. Тіл қай ұлттын болсын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі. Тіл болмаса, сөз болмайды. Сөз болмаса, адамзаттың тірлігінде мән-мағына болмайды. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Адамзат тарихында көптеген елдердің жоғалып кетуі алдымен тілді жоғатудан басталғанын ғалымдар айқын дәлелдеп отыр. Сол себепті бүгінгі қазақ қоғамындағы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында үлкен шаралар өткізу қажет. Жасөспірімдерге, жастарға және ересектерге. Іс-қағаздардарында қазақша жүргізу, пән ретінде жоғары және орта дәрежелі оқу орындарында оқытылуы қажет деп есептеймін. Сол кезде қазақ тілі міндеттіледі, оқытылады және ұмытылмайды. Елімізде бұл мәселенің алдын алу үшін көптеген шаралар жасалуда. Жыл сайын «Мемлекеттік тіл және БАҚ», «Тіл шебері», «Тілдарын», Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, түркі, славян жазбалары мен мәдениеті күндері және басқа да түрлі форматты іс-шаралар өткізіледі. Бұл байқауларға қатысу мен тамашалау, жастардың қызығушылығымен махаббатын оятады. Қазақ тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі, – деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыздың айтқанындай, ана тілі еліміздің құндылығы, оны білу біздің міндет, біздің парыз. «Тіл тағдыры – ел тағдыры» демекші, тілін ұмытқан ел түптеп жойылады, қирайды.
Бүгінде мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Әрбір халықтың өз ана тілін дамытуға, мемлекеттік тілді дамытуға бүкіл елдің ұжымдық құқығын пайдалануға заңды мүмкіндігі бар. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасаттың белгісі, елдігіміздің, бірлігіміздің туы. Мен мақтан тұтатын қазақ тілімнің тарихы өте зор. Бұл тарих өткен ғасырлардан, көшпенділік дәуірінен бастау алады. Осы тілдің тәуелсіздігі үшін қаншама соғыстар болды, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінде біз қазақша сөйлеп, араласып жатырмыз, көптеген шетелдіктер тілімізге қызығып, үйренуге талпынып жатыр, қазақ тілінің елге айналу мүмкіндігі зор деп айта аламыз. әлемдік тілдердің бірі. Өйткені, еліміз әлемдік аренада өзін енді ғана көрсете бастады. Қазақ тілі – өте бай тіл. Қазақ тілінде екі миллионнан астам термин бар. Халқымыз тек тілімен ғана емес, ата-бабамыздан бойына сіңірген бай мәдениетімен де әйгілі. Біз ата-бабамыз секілді байсалды болуымыз қажет себебі біздің бабаларымыз не қиындық көрсе де, болашақ ұрпағы үшін шыдап, кейінгі буын інілер келіп, жаңа толқын келіп, заманды түзер деп тілек етті және күресті. Ал енді азаттықтың таңы атты! Ендігі біздің ісіміз болашақтың бастауына айналмақ. Қазақ тілінен ұлттың пайда болу бастауы, оның тарихы мен әдет-ғұрпы көрініс табады. Ал тарихтағы ақындардың жырлары бізге шөптің сыбдырындай естіліп, тау самалы сол кездегі табиғат сұлулығын суреттейді. Музыкалық аспаптарсыз қазақ тілін елестету мүмкін емес. Домбыраның, қобыздың немесе жетігеннің үнінен эйфория сезімін сезініп, құлаққа жағымды, саз дауысты естілетін әуен – ұлттың баға жетпес қазынасы. Ана тілдің тағдыры әрқайсымызға байланысты, тек біз оның аз ғана бөлігін жасап, оны Отанымыздың баға жетпес қазынасына айналдырамыз. Сол себепті жас ұрпақ! Тілімізді сүйейік, тілімізді бағалайық және құрметтейік! Онда халықтың жан дүниесі мен ата-баба ерлігінің үлкен ұлылығы бар. Ана тілі – дана және мәңгілік ұстазымыз…
Аружан Мұрат,
№20 орта мектептің
11 сынып оқушысы
М.Түймебаев ауылы
Іле ауданы
Алматы облысы