ҰСТАЗДАР ОТБАСЫ

ҰСТАЗДАР ОТБАСЫ

 «Қоғамдағы отбасылық құндылықтар» тақырыбы қозғалса ойыма бірден Алматы облысы Қайнар ауылында тұратын Дүнгенбай Елгезеков ақсақал оралады. Өйткені, бұ кісінің айналасына жасаған жақсылығы мен таратқан жан шуағы, шынында да, көңіл тоғайтпай қоймайды.

Қарияны ауылы «ұстаздар отбасы» деп құрметтейді. Оның себебі – ағамыз ұзақ жыл мектепте ұстаздық етсе, отбасындағы бес қызы әкелерінің жолын қуған мұғалімдер. Өзі бар ғұмырын бала оқытуға арнаған ұлағатты ұстаз ауылдың балаларына «Әліппені» оқытып, әріпті жазуды үйретіп, бойларына білім нәрін құйған. 

Ұстаздық жолы сонау 1950 жылдардың ортасында киіз үйде сабақ беруден бастастапты. 1962 жылдан 1996 жылдар аралығында тек бастауыш сыныптарды оқытықан екен. Содан бері алпыс жылдай уақыт өтіпті, мектеп табалдырығын аттаған сол бүлдіршіндер қазір күнде немере мен шөбере сүйген ата, әже. Олардың ішінде өзінің жолын қуған шәкірттері де аз емес О кісінің өткен жылдарына шегініс жасап, әңгіме қозғалса, тек жақсы пікірдің куәсі боласын. Бұл пікірді біз Дүнгенбай қарияның «Тегіне қарай ұрпағы» деген естелік кітабынан таптық. Кітапта көп жыл өзімен бірге еңбек еткен «Еңбек ардагері» медалінің иегері, зейнеткер Жаңылхан Қасымова әріптесіне шынайы лебізін білдіріпті. 

– Ұстаз – шәкіртінің бойына білім нәрімен қатар ақылпарасат пен көркем мінез сіңіруші жан. Сол себепті ұстаз есімі – қашанда ұлағатты. Ал осы ұлағат алып бәйтерек секілді жайқалған әулетте ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып жатса, оның орны тіптен ерекше. Осындай ұлағатты ұстазДүнгенбай қария. Бұ кісімен көп жыл Н.К.Крупская (қазіргі Қайнар) атындағы орта мектепте бірге қызмет атқардым. Өз ісіне мығым, ұжымда өзіндік ерекше орны бар. Алдынан талай ұрпақ тәрбие-білім алып шықты. Отбасының перзенттерінің көбі педагогтық жолды таңдады. Өзі білім саласында қырық-елу жыл ұстаздық етті. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оның үстіне бастауыш сыныпқа сабақ беру қиынның қиыны. Оған ұстаздың жүректілігі мен батылдығы керек. Осы қасиетті өзіне қалыптастыра білген Дүнгенбай ұлағатты ұстаз, ақылды қария, тәлімгер отағасы деп айтар едім. Алдынан білім алған шәкірттері бұл күнде еліміздің түкпіртүкпірінде еңбек етуінің өзі де ол кісі үшін мақтаныш, біздер үшінде қуаныш, – десе, мектеп директоры Рая Жұмаділқызы да жылы лебізін өзінің еңбек жолымен байланыстырады. 

– Ең алғаш білім ошағының табалдырығын аттағанда құды бірінші сыныптың оқушысындай күй кешкенім рас. Ешқандай әдіс-тәсілді білмейтін тәжірибесі жоқ жас маман едім. Міне осы сәтте маған өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, бағыт-бағдар берген Дүнгенбай ағай. Маған әрдайым: «Жоғары білім, сапалы диплом сені ұстаз етпейді, адамды нағыз ұстаз ететін балалар. Нағыз шебер ұстаз болу үшін уақытты босқа өткізбей ыждағатпен еңбек етіп, балаға деген сүйіспеншілікті арттыру керек» – деп ақылкеңесін берген. Бүлдіршін балалар тәлімгері- балаға әріпті қалай үйрету керектігін, нашар оқитын оқушымен қалай жұмыс істеуді түсіндіріп, ақыл-кеңесін де аямаған. Мен сияқты жастарға қол ұшын қашан да беретін. Үлгі тұтар ісі мен тәжірибесі көптің есінде. Ағай біздің мақтанышымыз болды,- дейді. 

Мұндай пікірді мектептің бастауыш сынып мұғалімі, зейнет кер –ұстаз Әлиша Ақжарғақова қосылыпты. 

– Дүниеде мамандық атаулының төресі-ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді аб - зал жандар. Сондықтан болар, «Мұғалім мамандығы –барлық мамандықтың анасы» деуі шындық. 1971 жылы мектепке бастауыш сы - нып мұғалімі болып келдім. Жаңа ортаға үйренбегенмін. Жұмыстың қиыншылығына төзіп жүргенімде, Дүнгенбай ағай 1-сынып алыпты. Менің жастығыма қарай маған да 1-сыныпты тапсырды. Сонда ағаймаған тәжірибесімен бөлісіп, көмегін аяған емес. Ұстаздан көп нәрсе үйреніп, бастауыш сыныпты оқытудың нағыз шебері екеніне көзім жетті. Ол кісі айтушы еді, «адамды нағыз ұстаз ететін алдыңдағы отырған балаларың» дейтін. Осыдан-ақ, ұстаз деген –ұлы есім екенін өмірдегі іс тәжірибемнен көрдім. Дүнгенбай ағай ұстаздың ұстазы десемде артық емес, – деп ұлағатты ұстазбен бірге қызмет атқарған жылдарды сағынышпен есіне алды. 

Біз осыдан кейін жасы сексеннен асып, тоқсанға таянған Дүнгенбай Елгезеков қарияның өзіне жолғып, әңгімеге тартқан едік. 

– Әке-шешеміз 1930-жылдардың ашаршылық жазықсыз жазалау науқанынан қорғып, көппен бірге шекара асқан. Ол жақта да қиыншылықты бір кісідей көріп, естерін жинапты. Жаңа өмірге бейімделгенде 1936 жылы мен Ақдала деген ауылда дүниеге келіппін. Қытайға ауып барған ел қиындыққа қарамастан балаларын оқытуды ұмытпай, таудың сай-саласында отырғандар киіз тігіп, мектеп ашыпты. Бұл болашақ ұрпақтың қамы ғой. Мен сол мектепте екі сынып оқып, сауатымды аштым. Келер жылы мектепке бара алмай қалдым. Себебі, мектеп үйімізден қашықтау болып, қатынау қиын болды. Бір күндері үйімізге ауыл орталығында тұратын Қашаған деген жақын туысымыз келді. Ол кісі менің үйде екенімді көріп, «оқу қайда?» дегені. Әке-шешем мектептің алыстығын айтқанда, «оқу бітуге аз қалды, сонда да жақсы оқысаң менімен бірге жүр. Оқисың ғой» деді ағамыз. Мен қуанып кеттім де «иә, жақсы оқимын» дедім. Сонымен мен үшінші сыныпқа қабылданып, өзімен бірге оқығандарды қуып жеттім. Осыдан кейін оқуымды жалғастырып, жеті жылдық мектепті бітірдім. Жеті жылдық мектеп бітіргендер ол жылдары білімді деп саналатын. Мектепке мұғалім болып бала оқытатын. Мен де соның қатарына іліктім. Оның үстіне қолыма атақты жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабы түсті. Кітап өміріме үлкен өзгеріс әкелді. Сол жылы біз тұрған Үйсін тауының күнгей жағындағы Моңғолкүре ауданында «қазақ бастауыш мектебі» ашылды. Со дан кейін Көктөбе-Қасаңдағы а л т ы ж ы л д ы қ м е к т е п т е , Түргенбұлақтағы алты жылдық мектеп ашылып, балалар мектепке барды. Мен Ақдаладағы және Талдысай мектептерін басқарып, мүдір (директор) қызметінде атқардым. Сонымен қатар халықты жаппай сауаттандыру жұмыстарына да араластым. Талдысай мектебінде жүргенімде аудандық оқу бөлімі жұмысымызды тексерді. Тексеру барысында жақсы нәтижеге жеткенімізге байланысы мені ү з д і к м ұ ғ а л і м д е п т а н ы п , Үрімжідеге Шыңжаң өлкесі бойынша мәдени оқу-ағарту саласындағы өлкелік жиынға жіберді. Бұл менің өкімет тарапынан бағаланған еңбегім еді. Себебі, ондай жиынға ауданнан берен-саран әр саланың білікті мамандарды іріктеп жіберген еді. Мен соның бірі болдым. Одан кейін ауданда коммуна орнап, жаңа өмірге бет бұрдық. Түргенбұлақтағы мектепке мұғалім болып бардым. Жаңадан мектеп ашып, әр жерде отырған ауыл-ауылды Түргенбұлаққа жинады. Бізге жақын Ермендідегі ел де қосылып, соқпа тамнан мектеп салдық. Бұған дейін таудың сай-саласында отырғандардың балалары киіз үйде оқып келген болса, енді арнайы мектепте оқитын болды. 1957 жылы Құлжа қаласындағы Ахмет Қасыми атындағы дарын мектебін бітіріп, 1958 жылы мектеп мүдірі болып жұмыс істедім. 1962 жылдың қаңтарында өзіміздің ата-бабаларымыздың атамекені Алматы облысындағы Қайнар ауылына келдік. Өзіме үйренші мамандығым бойынша 1996 жылға дейін Қайнар ауылындағы орта мектебінде бастауыш сыныптарын оқыттым. Бар білімді бүлдіршін балаларға беріп, ұстаздық еттім. Бір мектепте отыз төрт жыл бастауыш сынып оқушыларына ұстаздық еткен еңбегім де еленіп, 1971 жылы «Қаз. КСР оқу-ағарту ісінің үздігі» деген атақ алып, ауданның «Құрмет тақтасына» суретім ілінді. Үш буын ұрпақты оқытып, тәлімтәрбие бердім. Орта мектепте «Дүгенбай Елгезековтің әдістемелік кабинеті де» ашылып жұмыс істеді. Иә, мен бүлдіршін оқушыларға барымды бердім-ау деп ойлаймын. Жалпы ұстаздық еңбек жолым қырық екі жыл екен. Жұбайым Күлсін екеуміз он бір ұл мен қызды өсірдік. Олардың көбі жоғары білімді. Менің жолымды қуған қыздарым да білім саласында ұстаздық етті. Қазір де жалғастырып жатқандар бар. Көбі жоғары санатты мұғалім. Яғни ұстаздық өмірімді ұрпақтарымның жалғап жатқанына қуаныштымын. Олар өзім сияқты шәкірттеріне сапалы білім мен тәлім-тәрбие беріп жүрсе, нұр үстіне нұр демекпін, – деп өткен өмір жайлы әңгімесін айтты. 

– Біз ата-анамызға ризамыз, – дейді қарияның балаларының үлкені Боташ Дүнгенбайқызы. 

– Себебі, кеңес заманында біз сияқты үлкен отбасы балашағаларын асырап, оқыту оңай болған жоқ. Үйде әкеміз ғана жұмыс істеп, бізді оқытты. Мен мектеп бітірген соң Алматыдағы Қ ы з д а р п е д а г о г и к а л ы қ институттың физика-математика факультетіне түстім. Жоғары оқу орынды бітіріп, әкем істейтін мектепке мұғалім болдым. Ойым әкеме және өзімнен кейінгі ініқарындастарыма көмектесу еді. Інілерім мен сіңлілерім мектепте жақсы оқып, бәрі жоғары білім алды. Бауырларым Ауған мен Ержан малдәрігерлік инстиут бітірсе, Бақшагүл, Күлшат, Гүлжан, Гүлжанат ұстаздық жолды таңдады. Ал Дүйсен, Серік, Гүлмира, Эльмира өздері таңдаған мамандық бойынша жоғары білім алды. Қызметтері б а р , о т б а с ы л ы . Ә с і р е с е , Гүлжанат әкеміздің жолын жалғастырып жүр. Еңбек жолын өзі туып өскен Қайнар орта мектебінде бастады. Аудандық, облыстық республикалық сынып жетекшілер байқауына қатысты. Үлкен сында жүлделі орынға ие болған. «Қазақстан білім беру ісіне қосқаны үлесі үшін» дипломымен, «Алаш ұстазы» медалінің иегері. Қазіргі күнде Алматыдағы Түрксіб ауданы №198 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сыныбында мұғалімі. «Білім беру саласының үздігі» және «Ы.Алтынсарин атындағы» медальға ие болуы да еңбегінің жемісі. Әке-шешеміз он бір бала тәрбиелеп өсірсе, олардан жиырма жеті немере, оннан аса шөбере сүйді. Анамыз Күлсін үш келін түсіріп, қыздарын өз қолымен ұзатты. Шөбересін көріп өмірден өтті. Біз – үлкен әулетпіз. Әкеміз бен анамыздың бізге бізге берген тәрбиесі мен тәлімін өз балаларымызға мақтанышпен айтып отырамыз, –дейді. 

М і н е , біз ә ң г і м е е т к е н Дүнгенбай Елгезеков қарияның өмір жолы осындай. Ұлағатты ұстаз, бәйтеректей отбасының иесі болған қарияның өмір жолы кімге де болсын өнеге болар тұстары өте көп.

Жексен САҒЫМБЕКҰЛЫ

журналист