ҒЫЛЫМ мен БІЛІМДІ ҰШТАСТЫРҒАН ШАҢЫРАҚ
2023 ж. 15 ақпан
1285
1
Еліміздегі жоғары білім беру саласында жиырма жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан оқу орнының бірі – Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті. Білім ордасының тыныс-тіршілігі мен отандық ғылым саласына қосып келе жатқан үлесі туралы толығырақ сөз қозғасақ дейміз.
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ең негізгі міндеті – жоғары білім беру жолында жүйелі жұмыс жүргізу. Білікті маман-кадрларды дайындау. Сондай-ақ, студенттердің бойына діни құндылықтарды сіңіру. Рухани мәдениетті дамытуға үлес қосу. Сонымен қатар, университет студенттеріне адами әлеуметтік қарым-қатынасты бағалау мен оны ұтымды жүргізудің негізін тереңінен түсіндіруге атсалысып келеді.
Оқу орны 2001 жылы құрылған күннен бастап, жоғарыдағы мәселеге баса назар аударып келеді.
Қазақстан мен Мысыр арасындғы мәдени және тарихи қарым-қатынастарды қолдау және дамыту бойынша оқу орнында ауқымды істер атқарылып келеді. Осыған орай, университет басшылығы оқу бағдарламасы бойынша атап айтқанда исламтану және дінтану саласында стратегиялық мақсатына сай жұмыс істеп келеді.
Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілімен қатар, араб, ағылшын және орыс тілдерін меңгеру және гуманитарлық мамандықтары да оқытылады. Сонымен қатар, оқу орны оқу-әдістемелік және ғылыми зерттеулерді қолдау және дамыту, ислам дінін дұрыс түсінуге қабілетті жаңа ұрпақтарды тәрбиелеу мақсатында нақты тетіктер мен міндеттерге сәйкес стратегиялық жоспарларды ұдайы жаңғырта түсуде.
Білім беру жүйесі білім саласындағы жаңалықтарға, толықтырулар мен өзгерістерге және Ғылым және жоғары білім министрлігінің нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі. Оқу ордасындағы тындырымды тірліктер Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры профессор, ғылым докторы Мұхаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мұхаммад әл-Жиндидің іскерлігінің арқасында жүзеге асып отырғандығын айту ләзім.
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ІСІНДЕГІ ІЛКІМДІ ІСТЕР
Ғылыми зерттеулер университеттер мен ғылыми мекемелердің маңызды міндеттерінің бірінен саналатыны белгілі. Университеттің маңыздылығы және оның ғылыми, ұлттық, тіпті халықаралық рөлінің критерийлерінің бірі оның профессорларының ғылыми өнімі және олардың ғылыми-зерттеу процестерін жалғастыру, ғылыми жұмыстарды жаңғырту және тиісті университеттермен, ғылыми мекемелермен бәсекелестік қабілеті тұлға қалыптастыра білуінде. Ғылыми жетекшілік үшін үлкен өріс, әсіресе әлемдік деңгейдегі қолданбалы зерттеулер саласында университеттер – ғалымдардың үйі деп айтуға негіз бар. Нұр Мүбарак Мысыр университеті – университетте оның профессорлары мен докторанттары ақида, шариғат, этика және ислам өркениетінде исламтанудың ғылыми міндеттері аясында ғылыми пәндер бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді. Ұжым мүшелерінің жазған ғылыми еңбектері БАҚ беттерінде және кітап болып жарияланып, оқырманнан өз бағасын алуда.
БІЛІМ және ҒЫЛЫМ
Оқу-тәрбие үдерісін арттыра түсетін, одан бөлінбей дұрыс ғылыми көзқарасқа негізделген және дәріспен тығыз байланысты ғылыми жобалармен сүйемелдеу және теориялық зерттеулерді қолдайтын практикалық жаттығулармен толықтырыла түсуде. Сонымен қатар, оқу бағдарламаларына қосымша практикалық қолданбалы зерттеулер жүргізілуде. Мұның барлығы өз кезегінде оқытушы, студент және әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен өтетін тұрақты кеңестер, семинарлар мен шеберлік сабақтары арқылы жүзеге асып жатыр. Тапсырмалар студенттердің, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының бенефициарларының ұсыныстарын, сондай-ақ студенттердің отбасыларының пікірлерін назардан тыс қалдырмай, қатысушылар арасында талқылануда.
Оқытушылар мен ғалымдар әр адамның қабілеті мен күш-жігеріне және оның нені меңгергеніне және қандай іс-әрекет игергеніне сәйкес тапсырмаларды анықтау және бөлу арқылы жаттау мен санаға сіңіру емес. Сыни тұрғыдан ойлау мен қолданбалы өлшемге негізделуінде.
Әкімшілік қызметкерлер әлемдік деңгейде өзекті ақпаратты, бағдарламаларды және практикалық тәжірибені қамтамасыз етіп келеді. Бәсекелестер арасында тиімді және нәтижелі бәсекелестік тудыратын ынталандырулар мен марапаттарға да оқу орнында баса назар аударылады.
Сонымен қатар, университетте діни басқарма тарапынан дұрыс діни сананы сақтау және дамыту бағытында «Экстремизм мен экстремизмге қарсы күрес орталығы» және «Имам Әбу Ханифа фиқһ орталығы» сияқты қоғам мәселелерімен айналысатын орталықтар жұмыс жүргізіп келеді. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті отандық ғылым саласының дамуы жолында көптеген іс тындыра отырып, қаншама білімді де білікті кадрларды дайындап шығуда. Ел игілігі жолында қызмет етіп жатқан түлектерімен мақтанатын білім шаңырағынан алдағы уақытта талай мықты мамандар шығатыны сөзсіз.
Гүлмира БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ