Болашағың – өз қолыңда
2022 ж. 21 қараша
13713
0
Әр адам өз болашағын өзі жасайды. Оның сәтті мен сәтсіз болуы, қиын мен қуанышты болуы жалғыз адамның өзіне байланысты.
Әркімнің өмір жолы әртүрлі, тағдыры да әр қилы болғандықтан адамның іс-әрекетіне қарай, өмір де өз ағысымен апарады. Жарқын болашақ құру ең алдымен тәрбие-тәлімнен, үлкен білімнің арқасында болатыны сөзсіз. Жарқын болашаққа қадам жасау кішкентай дүниелерден басталады. Мысалы, уақытымызды пайдалы өткізгіміз келеді, ол үшін ертеңгі күнге белсенді жоспарлап жасап, тәтті ұйқыға кетеміз. Бірақ, таңертең ұйқыдан оянарыңа кім кепіл? Кепілдік бар ма?
Әрине, жоқ. Өйткені болашақты болжау ¬– адам қолынан келмейтін дүние. Алдағы күніміз бір Аллаға ғана аян. ¬
Бірақ болашақты болжай алмағанмен, оның жырқын болуына іс-әрекет жасаған адам, зәредей болсын берекелі болашақты құра алады деп ойлаймын. Болашақ өмірді әрқайсымыз «жарқын болады» деп көреміз ал ол үшін әрекет жасайтын адам санаулы. Өмір үміттен тұрады ал үміт біздің жетекшіміз. Үміт бар жерде іс әрекетте болуы қажет. Міне, сол кезде болашағыңа пайдалы іс жасайсың.
Жарқын болашақ деген не? Ол ¬– білім алып, біліміңді оң іске салып соның қызығын жылдар бойы көру. Одан кейін саналы ұрпақ тәрбиелеп оларға түзу жол көрсету. Ұрпағың салиқалы болса одан асқан бақыт болмас, ол ондай салиқалы ұрпақтың да болашағы берекелі де сәтті болатыны сөзсіз рас. Әрбір жақсының қайыры бар, сол себепті жақсы іс пен айналысып болашағымызды өз қолымызға алғанымыз жөн. Бұл, әсіресе, жастарға үлкен үндеу.
Керемет өмір, сәтті болашақ… Естіген құлақтың өзіне жағымды естіледі. Солай емес пе? «Болашақ» сөзін тамсанбай, жай ғана айта салу тіпті мүмкін емес, бәлкім қанымызда бар қасиет шығар, бірден көз алдымызға әдемі қылып сиппаттаймыз, әр нәрсені елестете бастаймыз. Жақсыға жоримыз немесе әр нәрседен тек жақсыны күтеміз. Ол дұрыс емес пе?
Әркім ¬– өз өмірінің суретшісі. Сондықтан да әр адам болашағын өзінше керемет қылып суреттейді. Біз ата-бабамыз секілді байсалды болуымыз қажет; себебі, біздің бабаларымыз не қиындық көрсе де, болашақ ұрпағы үшін шыдап, кейінгі буын інілер келіп, жаңа толқын келіп, заманды түзер деп тілек етті және күресті. Ал енді азаттықтың таңы атты! Ендігі жол – біздікі! Енді біздің ісіміз болашақтың бастауына айналмақ! Оны асқақтата, қызмет етуіміз қажет. Ал ол үшін біздің бастапқы ісіміз ¬– білім алу және оны пайдалана білу.
«Болашақ – жастардың қолында» деген қанатты сөз көптеген жастарымыздың алға ұмтылуына, мақсат қоюына, сол мақсатқа жетуге деген құштарлығының оянуына себепші болған ғажап бір асыл сөз. Яғни, жастарға ел сеніп отыр, үміт артып отыр. Осыны сезіне білсек, үмітті ақтай білсек, еліміз үшін бұл үлкен қуаныш.
Сенім артып отырған жастардың қатарына өзімді де жатқызамын. Себебі, қазіргі уақытта ұққаным «білімсіздің күні қараңғы» болатындығы.
Мемлекет басшысының жастар үшін жасап жатқан жаңа қоғамына көз тастап, мен осы қоғамның бөлшегі болып қана емес сонымен қоса, оның дамуына, қанатын кең жаюына өз септігімді тигізгім келеді. Елімнің, туып өскен қасиетті жерімнің болашағын көркейтсем, бұдан асқан арман болмас еді. Бұл үшін әлі де көп жұмыс істемекшімін. Ал басқа жастарда да осындай ой барма екен? Қызық… Алайда өз туған жеріміз үшін еңбек ету арқылы оның бізге берген мүмкіндіктерінің ақысын қайтара аламыз деп ойлаймын. Ол да адамның Отаны на деген махаббатына байланысты ғой. Бірақ мен сенімдімін – қоршаған ортам да еліміздің болашағын көркейткісі келетіндер аз емес.
Менің асқақ арманым, ғажайып болашағым. Бұл сөздер менің жаныма майдай жағады. Менің асқақ армандарым мен мақсаттарым осы бір ауыз «болашақ» сөзімен байланысқан. Кейде тәтті ойларға беріліп кетемін, болашағымды елестетем, қаншама еңбек пен білім керектігін, болашағыма әсерін ойлаймын, қиялдаймын. Бұл қиял маған шиеленіскен қиындықтарды артта қалдыруға көмектеседі. Түркі ғалымы Махмұд Қашқаридың осыған қатысты айтқан сөзі есіме түсіп тұрғаны. «Білім, өнер бойдағы – сауын болар түбінде». Ең керегі, ең қажеттісі де сол – білім. Білімің болса берекелі болашақты құра аласың деп ойлаймын. Білімге құштарлық, міне, адамды адам ететін қасиет осы.
Мен – елімнің болашағымын. Елімді көркейтетін тұяқпын (атамның айтатын сөздері). Ал қазіргі жастар қандай? Олардың ойлары қандай? Қазіргі жастар сауатты, көзі ашық, жаһанның жаңа және соңғы жаңалықтарын жатқа білетін, оны қорыта алатын, әлем көшбасшыларымен терезесі тең түсе алатындай озық ойлы, білімді және ізденімпаз. Ал «Мен өз елімнің болашағы үшін не істей аламын?» деген сұрақ әр адамды, соның ішінде оқыған жастарды алаңдатады. Себебі, ұлттық рухани құндылықтарға сусындап өскен адам ғана осындай озық ойларға бара алады. Ал бұл біздің қанымыз бен тәрбиемізде бар қасиет. Біз жастар – өз еліміздің басты генераторымыз. Біз ертең көзді ашып-жұмғанша, елімізді бетке ұстар азаматтары болып шыға келеміз. Елдің болашағы біздің қолымызда – жастарда. Біз өз болашағымызды өз қолымызбен жасаймыз. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді.
Мысалы рухани жаңғыру – тәуелсіз еліміздің келешегі үшін жасалып отырған жұмыс. Болашақ ұрпағымыздың бақытты өмір сүруі мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс деп түсінемін. Сондықтан да әрбір қазақстандық азамат ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек деп ойлаймын. Соған орай рухани жаңғыру – нақты қадам, салиқалы пікір, батыл шешім, ел дамуына құрылған ең маңызды құжат болып саналады. Қазақ ұлтының санасын жаңғыртумен қатар, ұлттық болмыстан, ұлттық кодымыздан айырылып қалмай, әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, ел игілігіне жарату туралы мәселе көтеріліп отыр. Мемлекет басшысының жастар болашағын ойлатыны сөзсіз. Ал сол сенімді ақтайтын да – бізбіз!
Мен ¬өз болашағымды журналистика мамандығымен байланыстырғым келеді. Халыққа қызмет етіп, елімді көркейткім келеді. Сәбит Мұқанов айтқандай: «Жақсылық жолында келе жатып жаман әдет көрсетпе!». Келер буынға жақсы мен жаманды айыруды, өтірік пен шындықты ажырата білуді үйрететін бізбіз деп ойлаймын. Бұл менің болашаққа жасаған ой-жоспарымды қиялдатады, көңілге қуаныш ұялатады. Ал халық үшін үлгілі әрі шешен сөзді жастарды тәрбиелеп шығару үлкен жетістік. «Бүгінгі ұрпақ ¬– ертеңгі болашақ» демекші, жастардың санасына тарихымызды, әдет-ғұрпымызды, патриоттық рухты сіңдіруіміз қажет. Сол кезде жастарымыздың бойынан өжеттілік пен патриоттық сезімі аңқып тұрады. Болашағымызды өзіміз жасай білейік. Өзімізге сенім артып, алға қарай нық қадам жасай білейік. Болашақ біздің алдағы өміріміз. Кеше армандадым, бүгін мақсат қойдым, ертең мақсатыма жетемін деп әрекеттену қажет. Себебі, болашаққа нақты жоспар құру, мақсат қою, оған жетудегі жалғыз жол.
Ынта, еңбексүйгіштік, ықылас – барлығы өзінше үндестік тапса, ол адам сөзсіз мақсатына жетеді. Болашағын жарқын көретін адам кіші жастан еңбектенуі қажет деп санаймын. Сол арқылы адам өзін өзі басқару, мақсат қа жете білу және жаман мен жақсы ны айыру қасиеттерін жетік менгереді. Ал сен болашағың үшін не істедің? Оның жарқын болуына кепіл бере аласың ба? Мың рет ойлантатын сұрақ, келісесің ғой?.. Дәл қазір орныңнан тұрып барып, болашаққа жоспарды қағаз бетіне түсір. 24 сағат ішінде болашағың үшін қанша қадам жасай аласың? Болашақ – жастардың қолында. Жастарға үлкен үміт артып отырған үлкендер жоғарыда айтылған нәрселерді естен шығармаса екен. Құрметті жас дос! Болашағың үшін әрекет ет. Өйткені, болашақ бүгіннен басталады. Оның берекелі мен жарқын болуына іс әрекет жасайтын тек өзің. Өзіңе сенімді бол!
Аружан МҰРАТ,
№20 орта мектептің 11 сынып оқушысы.
М.Түймебаев ауылы
Іле ауданы
Алматы облысы