НАУРЫЗ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ
2022 ж. 20 наурыз
1955
0
Наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі. Наурыз мейрамы заманауи діндер мен көптеген мемлекеттер құрылғанға дейін шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болды.
Бұл ежелгі мереке күнәдан тазару, киім-кешектерді тазарту, үйді тазарту, жамандықтан және өшпеділіктен тазару мерекесі ретінде атап өтіледі. Ол адамдарды басқалардың күнәлары мен жамандықтарын кешіруге шақырады. Сондай-ақ, бұл күні шығыс елдері екі арадағы кез-келген соғысты тоқтатқан. Ал қазақ ақсақалдары мерекеде араздасқан ру-тайпаларды татуластыратын болған.
Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Бұл күні жер шары алаңдарын қоспағанда, бүкіл жер бетінде күн мен түн теңеседі. XI ғасырдың өзінде ұлы ғалым әрі ақын Омар Хайям жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың толық циклды аяқтағаннан кейін, өзінің бастапқы жүру нүктесіне келіп, жаңа жолды – шеңберді қайта бастайтын байқады. Бұл бақылауының негізінде Хайям сол кезде билік еткен Джалал ад Дин Мәлік Шах ибн Әл-Арслан Селжүктің құрметіне «Мәлік күнтізбесі» деп аталатын жаңа күнтізбе құрастырды. Онда жаңа циклдың басталуы 22 наурызға – көктемгі күн мен түннің теңелетінін күніне түседі. Бұл күнтізбе қазір пайдаланып жүрген күнтізбеге қарағанда, әлдеқайда дәлірек.
Наурыз – көпшілігі ойлап жүргендей, діни мереке емес. Сонымен қатар, көптеген ислам елдерінде бұл мерекені атап өтуге тыйым салынған. Сирияда және Иранда Наурыз мейрамы тойланбайды, ал Түркияда мерекені 1991 жылға дейін атап өтуге тыйым салынған болатын. Бұл мереке кезінде ислам діні тарапынан қудалауға ұшырап, Кеңес Одағы кезінде атап өтілуге тыйым салынғанына қарамастан, қазақ халқының ең маңызды мерекелерінің бірі болып қалды.
Қазақтың төл мерекесін өзіне қайтарған – әйгілі қазақ ақыны Мұхтар Шаханов. Қазақстанда 1926 жылдан бастап Наурызды тойлауға тыйым салынған болатын. 1988 жылы Мұхтар Шаханов коммунистік партияның Орталық Комитетінің бірінші хатшысына хат жазып, сол жылдан бастап Қазақстан Наурыз мейрамын қайта тойлай бастады. Ал, 2010 жылғы 19 ақпандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында «Әлем мәдениеті» бағдарламасының 49-тармағына сәйкес «Халықаралық Наурыз мерекесі» деп аталатын қарар қабылданды. Сөйтіп, мереке БҰҰ-мен мойындалды.
Парсы тілінде Наурыз «жаңа күн» деп аударылады. Түркі халықтары, заманауи қазақтардың ата-бабалары Наурыз мейрамында ақ киімдерін киіп, шаштарын қырып, алып тастайтын. Бұл күні тұрғындар бұлақ, бастау, су қоймасы мен құдықтардың бетін ашып, тазартады. Сондай-ақ, мейрамда үйде міндетті түрде қымыз, шұбат, сүзбе секілді дәм татанын сүт тағамдары, яғни ақ болу керек. Егер сүт болмаса, ыдыс-аяқты бұлақ суымен толтырып қоятын болған. Олар осы күні Жаңа жылдық дастарханның сәнін келтіретін міндетті тағам – Наурыз көже дайындайды.
Наурыз мейрамының басты тағамы – Наурыз көже. Ол 7 ингредиенттен дайындалады: су, сүрленген немесе кептірілген ет, тұз, май немесе жануар май, жарма, айран. Ал Наурыз көже ішкен адамдарға сәттілік күлімдеп, денсаулығы жақсарып, отбасы қуаныш пен молшылыққа кенеледі делінеді. Наурыз түрлі елдердің ұлттық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі өтеді. Бірақ, олардың бәріне ортақ бір ерекшелік бар. Бұл жеті элементтен, негізінен өсімдік өнімдерінен тұратын арнайы тағамды дайындау рәсімі. Алайда, бұл өнімдер өзгеше болуы керек. Сондай-ақ, бұл тағамның атауында да айырмашылық бар. Егер өзбектер бұл тағамды «сүмалақ» деп атаса, қазақтар - «Наурыз көже» дейді.
Мереке қарсаңында 22 наурыздың түні қазақтар қиял-ғажайып аңыздардағы бейне – Қызыр атаны күтеді. Наурыз қарсаңы Қызыр түні немесе «бата түні» деп аталады. Қазақтар бұл түні Қызыр атаны күтіп, ұйықтамауға тырысатын. Ал тұрмысқа шықпаған қыздар өздері ұнататын жігіттерге арнап, соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, «ұйқыашар» деп аталатын ерекше тағам әзірлейді. Жігіттер мен бозбалалар болса, қыздардың қонақасының қарымтасына айна, тарақ, иіс судан тұратын «селт еткізер», «дір еткізер» сыйлықтарын ұсынады. Және бойжеткендер терезені сәл ашып, үстелге ұн салынған ыдыс қойған. Егер үй таза және үй иелерінің жүрегі мейірімге толы болса, Қызыр Ата бақ қонған үйге батасын береді деп есептеледі.
Батыс Қазақстан тұрғындары Наурызды 14 наурыздан, «көрісу» салтымен бастап атап өтеді. Бұның себебі, Ұлы дала көшпелі әлемнің даму үрдістерінен ұзақ уақыт оқшауланғандықтан және Маңғыстау көшпелілерінің Оңтүстік егіншілік рухани мәдениеті елеулі өзгерістерге ұшырамағаннан. Сондықтан, бүгінгі күнге дейін тек осы өңір тұрғындарының ғана өркениеттің бастауына бар тамырымен кіріп кеткен наным-сенімдерді сақтап қалғандары байқалады. Осы себептен, жергілікті адай қазақтар Наурыз мейрамын 14 наурыздан бастап атап өту керек деген ерекше дәстүрді сақтап отыр.
Наурыз мейрамы мүмкіндігінше көңілді және шулы етіп атап өтіледі. Ежелде мейрам 13 күнге жалғасқан. Сонда адамдар ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм татып, «Наурыз» әнін айтып, бір-бірін жаңа жылмен құттықтап, жақсылақтар тілейтін. Бұрынғыда бұл күні туыстар мен достарға барып, жаңалықтармен бөлісу және жаңа бірлескен жұмыс бастау дәстүр болған. Дәстүрге айналу себебі, қысқы кезеңде елді мекендер арасында хабар таратып, арада байланыс ұстау қиын болғаннан болып отыр. Мерекеде халық түрлі ойын-сауық ойындарын ұйымдастырып, ат жарыстырып, алтыбақан тепкен.
Наурызда туылған балалар жоғары күш, жұлдыздардың орналасуымен белгіленетін болады деп есептеледі. Сондықтан, есім берілу кезінде оларға мерекеге байланысты ат қойылған. Осындай ұқсас атпен аталған көптеген батырларымыз бар екені белгілі. Солардың бірі Наурызбай Құтпанбайұлы (1706-1781), Наурызбай Қасымұлы (1822-1847). Алтын Орданы да Наурыз хан билеген. Сондай-ақ, ел арасында Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі және басқа да есімдер көп таралған.
Халық арасында адамдар наурыздың 13 күнінде жасаған іс-әрекеттерін жыл бойына жасайды деген сенім бар. Сондықтан, бұл күндері ешкіммен кеңеспей, бір-бірінің қарызын кешіру, барлығымен бейбіт қатынас жасау әдеті қалыптасқан. Халықтың наным-сеніміне сүйенсек, бұл мерекеде көп нәрсе үйге келген бірінші адамға байланысты. Жаңа жылдың бірінші қонағы мейірімді, жайлы мінезді, беделді, әзіл-қалжың түсінетін адам, ең бастысы қадамы сәтті, үйге сәттілік әкелетін жан болуы керек.
Бұл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы күні. Қазақ халқы бұл мерекеге Ұлыстық ұлы күні деген екінші атау берген. Наурыз мерекесі заманауи өмірге үйлесімді түрде өзгертіліп келіп, қоғамда достық пен келісімнің нығаюында үлкен рөл атқара бастады. Заманауи Наурыз - «уақытты байланыстыру», Қазақстанның тарихы мен қазіргі заманындағы маңызды байланысы болып табылады.
Наурыз мейрамында халықтық ойындар мен сауықтық кештер ұйымдастырылады. Бұл күні ұлттық-ойындар мен көңiлдi кештер өтеді. Мысалы, қыз қуу, алтыбақан құру, ұлттық билер, көкпар, бәйге және т.б.
Сондай-ақ Наурыз қарсаңында қарыз қайтару, арадағы ренішті кешіру және барлық қиындықтарды ескі жылы қалдыру керек деп есептеледі. Жаңа жылды жаңашылдықпен бастау үшін мереке алдында үйді тазалап, қажетсіз заттардан құтылып, қоқыстардан тазарту керек.
Егер Наурыз мейрамында қар жауса, бұл жақсылықтың белгісі. Ерте заманнан бері қыздардың сұлулығын Наурыз мейрамында жауған қармен салыстырған. Ақ, таза, жұмсақ, үлпілдек қар сұлу ханымдардың асқан сұлулығын бейнелейді.
Ежелгі заманда Наурызды барлық тұрғындар таңды қарсы алуға шығумен бастаған. Сонымен бірге, халық арасында көжені қарын тойғанша ішсе, келесі жыл жемісті болады деген сенім бар. Егер көжені жеті үйден татса, онда жыл сәттілік әкеледі.
Осы күнгі дәстүрге сай ақсақалдар халыққа жақсы тілек айтып, бата береді. Бұл жақсы тілек: «Халық гүлдене берсін! Ақ мол болсын! Бұл күн молшылық әкелсін! Бүкіл жамандық пен барлық қара іс жер бетінен жойылсын! Ата-бабамыздың рухы бізге әрдайым қолдау көрсетсін!» деген шынайы тілектерін білдіреді. Ақсақалды қариялардың батасы қабыл болып, қасиетті қазақ жеріндегі әр отбасына бақ, береке әкелсін! Наурыз мерекесі құтты болсын, Алаш ұрпақтары!
Қазақ үні