Солтүстікте қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейтіледі
2022 ж. 07 наурыз
2628
0
Солтүстік Қазақстан облысында «Қазақ тілі» қоғамының кеңейтілген кезекті алқа мәжілісі Халықаралық ана тілі күніне орайластырылды.
«Тіл – рухани мұрамызды сақтау мен дамытудың ең күшті құралы. ЮНЕСКО-ның мәліметінше, әлемнің шамамен 6 мың тілінің жартысы жақында жойылуы мүмкін. Мемлекеттік тілге деген қажеттілікті арттыру бүгінгі күні ортақ міндетіміз. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы елімізде осы бағытта ауқымды жұмыстарды атқаруға міндеттеп отыр», – деді жиынға қатысқан СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов.
Ана тілінің қолданысы қарқын алмаған өңірде тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалған. Облыстық тілдерді оқыту орталығы арқылы оқытылатын тыңдаушылар қатары жыл сайын артып келеді. 2020 жылы 114 қазақ және 22 ағылшын тілі тобында 2 400-ге жуық адам оқыған. Былтыр 140 топта – 2474 адам: 124 - қазақ, 16 – ағылшын тілін меңгерген. Ал биыл 3008 адамды қамтыған 142 топ құрылмақ, оның 127-сі қазақ тілін оқытады. Осы мақсатқа 20 млн. теңге бөлінді. Мамандардың айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарда қазақ тіліндегі құжаттардың үлес салмағы 94,9 %-ға жекен.
З.Абажан.
qazaquni.kz