Жақсының аты өлмейді
2022 ж. 05 ақпан
3687
0
Академик Өмірбек Жолдасбеков алпыстың бел ортасынан асқан шағында қапияда өмірден озып еді. Алайда артында сайрап ізі жатыр. Ұлты үшін толағай істер тындырып, халқының сүйіспеншілігіне бөленген жан. «Ерназардың сегізі бір төбе де, Ертөстігі бір төбе» демекші, қазақ Кеңестер Одағы кезінде де ғалымдарға кенде болмады. Мүйіздері қарағайдай академиктер аз емес еді. Олар таза ғылымға еңбек сіңірді. Ал Өмірбек Жолдасбек ғылым үшін де, халқының игілігі үшін де жан аянбай еңбек етті. Қоржынның екі басын тең ұстады. Мұндай қайраткерлік екінің бір қолынан келе бермейді. Сондықтан халқы үшін оның орны бөлек, тұғыры басқалардан биік.
л Қазақ Мемлекеттік университетіне ректор болып тағайындалғанда жергілікті ұлт өкілдерінің оқытушылары мен студенттері келімсектермен бірдей еді. Яғни, елуде елу болатын. Оны соған жеткізген алғашқы ректорлардың бірі әрі бірегейі – Төлеген Тәжібаев. Содан кейінгі ректорлар сол көрсеткішті ұстап отырды. Тіпті, жергілікті ұлт өкілдерінің пайызын түсіріп жібергендері де болды. Ал Өмірбек Жолдасбеков теңестіріп қою былай тұрсын, жергілікті ұлт оқытушылары мен студенттерінің пайызын 90- ға жеткізіп, университетті таза ұлттық жасады. Олардың беделін арттырғаны соншалық, он екі факультеттің декандарының бәрін қазақ ұлтынан тағайындады. Қит етсең ұлтшылсың деп темір тордың арғы жағынан бір-ақ шығаратын тоталитарлық заманда осындай батыл қадамдар жасап, биік көрсеткішке жеткізу оңай ма?!. Ол үшін кім-кімге де батырлық, жүректілік, іскерлік касиеттер керек еді. Сол қасиеттердің бәрі Жолдасбековтің бойында болды. Т а у е т е г і н е н ж е р а л ы п , университеттің қалашығын саламын дегенде біраз ғалымдар күманданған еді. Алғашқыда Мәскеудегі халық шаруашылығын жоспарлау комитеті ат тонын ала қашты. «Экономиканы көтеруге қажетті қаражат жеткізе алмай жатқанымызда, сіз жаңа университет салуды қайдан шығардыңыз? Алматының әр жерінде болса да оқу жайларыңыз бар. Әзірге сіздерге сол да жетеді» – деп бет бақтырмай шығарып салған. Бірақ Жолдасбеков алған бетінен қайтқан жоқ. КОКП ОК Саяси Бюросыньщ мүшесі Дінмұхамед Қонаевтың және Мәскеудегі белді академиктердің қолдауымен ойын жүзеге асырды. Мәскеуге беделі болмаса, ол осыған қол жеткізе алар ма еді. Университет қалашығының құрылысына ол барын салды. Құрылысты күндіз-түні үш ауысымда жүргізді. Одақтас республикалардың қай қаласынан іс-сапардан түн ортасында оралса да әуелі үйіне емес университетке соғып, құрылыс барысымен танысып отыратын. Сол кездегі «Главалмаатастрой» тресінің бастығы Ұзақбай Қараманов айтар еді: «Өмекеңе таңым бар. Университет құрылысының алдын ала бекітілген жобасын табан астында өзгертетін болып шыға келеді. Мен шыж-быж болып: «Өмеке-ау, бұл жобаны қайта жасату үшін кемі бес ай уақыт керек қой. Құрылысты соған қаратып, тоқтатып қоямыз ба?!», – деймін. Өмекең саспайды. «Ұзақбай, жобаның дұрыс жасалмағаны құрылыс барысыңда көрініп жатыр. Қазір түземесек, кейін өкініп қаламыз», – деп бір құшақ жобаны алып кете барады. Екі күннен кейін-ақ Өмекең қайта жасалынған жобаны алып келіп тұрғанда, таңданғаннан жағамды ұстадым. «Ұзақбай, міне жоба осылай болуы керек!», – деп қолыма ұстатты. Енді Өмекеңнің әшейінде шекелері тырысып отыратын жоба жасаушылармен қалай тіл табысқанын, оны өзгертуге Мәскеуді қалай көндіргенін, соншама қысқа уақытта жаңасын ж а с а т қ а н ы н о й л а п к ө р і ң і з . Сіздің де таңданбасқа шамаңыз қалмайды. Және Өмекеңнің ө з г е р т к е н ж о б а с ы о р ы н д ы шығатын. Содан құрылыстан да хабары бар екенін сезетінмін. Құрылысқа таң азаннан келсем де онда Өмекең жүреді», – дейді.
Қазақ: «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен» дейді. Жолдасбеков Мәскеумен алысып жүргенде, осындағы ғалымдар игі ісін қолдаудың орнына үстінен арыз жазып, аяғынан шалып жатты. Екі жақты күресу оңай ма? Бәлкім, басқа жігерсіз біреу болса, жан тыныштығын ойлап, құрылысты тастап, ғылыми жұмыстарына ауысып, жайбарақат өмір сүре берер еді. Ал Жолдасбеков ұлтын жанынан бетер сүйді. Ұрпақ болашағы үшін бәріне шыдап бақты. Университеттің оқу жайларын ғана емес, студенттерге заманауи үлгідегі жатақханалар мен оқытушыларға үйлер салдырып берді. Әлгі арызқойлар да жайлы пәтерлерге жайғасып, жып-жылы аудиторияларда дәрістерін оқыды.
Республика басшылығына Колбин келіп, жандайшаптар Өмірбек Жолдасбековті «Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырушы ұлтшыл» деп көрсетіп, қ у ғ ы н д а у ғ а с а л ғ а н ы н ж ұ р т жақсы біледі. Университет партия комитетінің жиналысында мәселесін қарады. «Казахское делоны» жазып жүргенімде сол жиналыстың хаттамасын университет архивінен іздеп таппадым. Үшті-күйлі жоқ. Кейін оқытушы Сатаев Рахым: «Менде соның көшірмесі бар. Саяжайымда газеттер арасында жатқан. Іздеп тауып әкеп берейін», – деген еді. Таба алмады ма, әйтеуір хабарсыз кетті. Бірақ бірден-бірге жеткен әңгімеден естігенім, сол жиналыста Жолдасбековті партия мүшелігінен шығару жөнінде мәселе қойылған. Сонда партия бюросы мүшелерінің арасынан жалғыз-ақ академик Зейнолла Қабдолов қана: «Өмірбек Жолдасбеков тұлға ғой. Оны даттаудың орнына мақтау керек. Ойланыңыздар», – деп өз қарсылығын білдірген. Тұлғаны тұлға ғана жоғары бағалады. Өкінішке қарай, оның қарсы болған бір дауысы Жолдасбековті партия мүшелігінде қалдыра алмады. Басқалар бір ауыз сөзге жарамай жоғарының шешіміне бастарын иіп отырған. Солай ол мүшеліктен де, ректорлық қызметген де босатылды. Мәскеу тергеушілері ізіне түсіп, тырнақ астынан кір іздеп, қызметінен қанша қылмыс іздесе де, түк таппай құр босқа әуре болды. Алайда Жолдасбековті бұл жасыта алған жоқ. Қайта ширығып шыға келді. Мәскеудегі академик достары: «Дядя Джо, бізге кел. Мұнда ғылыммен еркін айналысасың», – деп шақырғанда ол: «Жасаған қылмысым жоқ, неге елден кетуім керек?», – деп бас тартқан. Досы Сәдуақас Темірбеков: «Өмірбекке «ұлтшылсың» деп кінә артқан сол бір ауыр кездің өзінде де үйінде отырып, ғылыммен айналысты. Аспиранттарының еңбектерін қарап, оларға жол көрсетумен болды. Ауылдан келген орыс тіліне шорқақ студенттерге арнап, қазақ тілінде «Теориялық механика» деп аталынған екі қалың оқулық жазып шықты. Ол кезде қазақ тілінде техникалық ғылымға оқулық жазуды ешкім де қолға алмаған еді. Ұлтын бүкіл жан-тәнімен сүймесе, солардың болашағын ойламаса, солай істер ме еді. Иә, ол шын мәнінде жақсы мағынадағы ұлтшыл болды», – дейді. Семей облыстық пар - тия комитетінің бірінші хатшысы Сағидолла Құбашевтың үстінен жоғарыға бірде бір арызшағым түспеген екен. Республика басшылығының екінші хатшылығына таңдау сол кісіге түскен. Колбин шамасы оның иіні жұмсақ, илеуіме келеді деп ойласа керек. Ол бұл жаңа қызметіне 1987 жылдың 10 қаңтарында кірісті. Бірақ ол Колбин ойлағандай болып шықпады. Қай кезде де басқалардай оған жағымпазданбай, азаматтық арын биік ұстады. Жолдасбеков Орталық Комитетте папка ұстап жүргендердің өзі туралы не ойлайтынын жақсы білетін. «Ал қызметке жаңа кіріскен Құбашев мен туралы қандай ойда екен?». Соны білмек болып, Жолдасбеков оның қабылдауында болған. Жолдасбековтей «ұлтшылды», «Желтоқсан көтерілісін ұйымд а с т ы р у ш ы н ы » К о л б и н н і ң жандайшаптарының көзінше Құбашевтың қабылдауының өзі бір ерлік. Екеуі бір сағаттай отырып сөйлесіп, пікір алысады. Қоштасарда Құбашев: «Өмеке, әлгі айтқандарыңыздың бәрі орынды. Сіз еліміздің көрнекті ғалымысыз, ұлт болашағына еңбек сіңірген танымал қоғам қайраткерісіз. Уақыт мұнымен тұрып қалмас. Осылай жалғаса да бермес. Бәрі де өзгереді әлі. Сіз халқымызға қажет азаматсыз. Мен сізді «ұлтшыл» деп кінәлі санамаймын. Қазіргі жағдайды өзіңіз де жақсы білесіз. Маған не бұйымтайыңыз бар? Қолымнан келсе аянып қалмаспын» – дейді. Әлгіден жүзі жабырқау болып отырған Жолдасбековтің өңіне қан ойнап шыға келген. «Сақа, маған деген ақ көңіліңізге ризамын. Менің кінәм жоқ екен, еліме әлі де керек екенмін. Көңілімді орнықтырдыңыз. Менің шаруам сіздің маған деген көзқарасыңызды білу еді. Орталық Комитетте шындықты басқалар секілді бұра тартпай, сіздей адалын айтатын жан бар екеніне көңілім сенді. Сізге рахметтен басқа айтарым жоқ», – деп қоштасып, шығып кетті. Колбин ары-бері өзіне қарай икемдеп дегенін істеткісі келгеніне Құбашевтың көнбесін білді. Қайта көп жөнсіз істеріне кедергі болды. Құбашев екі жылдан кейін зейнеткерлікке шықты. Колбин республика басшылығынан кеткен соң бәрі де өзгерді. Желтоқсан көтері - лісінен кейін Мәскеудегі Горбачев басқарған Орталық Комитет кезекті қаулысында жүзден астам ұлт өкілдерін құшағына сыйғызған қазақ халқына «ұлтшыл» деген айдар тақты. Бұл турасында Жолдасбековтің өз көзқарасы бар. Ол Желтоқсан көтерілісінің он жылдығы қарсаңында «Заң» газетіне «Егемендік жолындағы арпалыс» атты мақала жазып, ойын ортаға салды. «... Желтоқсан – сөзсіз тарихи ғаламат оқиға. Сол себептен Желтоқсанға жан-жақты, терең ғьлыми көзқарас керек. Қ а у л ы қ а б ы л д а н ғ а н с о ң үш жылдан кейін Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің XV сессиясы КОКП Орталық Комитетінің қаулысына, Желтоқсан оқиғасына берген «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретіндегі шынайы емес, принципсіз бағасы үшін бір ауыздан қарсы шықты. Қазақстан халқының, қалың жұртшылықтың әділ әрі қатаң талабымен санаспау мүмкін емес еді. Сөйтіп КОКП Орталық Комитеті қаулысындағы қазақ халқының ұлтшылдығы деген айыптың алынуы жөнінде КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының қаулысы көпшілік аз оқитын «Известия ЦК КПСС» журналында ғана жарияланды. Бұл – 1990 жылдың 18 мамыры болатын. Желтоқсан оқиғасы халықтың жігерін жаныды, қалғып бара жатқан ұлттық намыс отына май құйды. Осы оқиғадан кейін-ақ ұлтымыз өзін-өзі тану, төл тарихын іздеу жолына біржола бетбұрыс жасады десем, қателеспейтін шығармын. Желтоқсан оқиғасы КСРО құрамындағы көптеген респуб л и к а л а р д а д е м о к р а т и я л ы қ процестердің дамуына алғышарт жасап, егемендікке ұмтылуына тың соқпақ салды. Алматыдағы оқиғадан кейін Бакуде, Вильнюсте, Ферғанада, Тбилисиде қанды оқиғалар болды. Бірақ бұл қалалардағы қозғалыстар да тоталитарлық режим мен Ресей танкілерінін табанына таптальш, басылып тасталды. Алайда халық кеудесіндегі тәуелсіздікке деген ынтызарлық шоғынан тұтана бастаған алауды енді сөндіру мүмкін емес еді» – деп жазды. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының президентін сайлауға дайындықтар жүріп жатқан кез. Ғалымдардың көпшілігінің аузында – Өмірбек Жолдасбеков. «Академияны бір көтерсе, сол кісі көтереді» деп сенім артқан сөздер жиіжиі естіліп жүрді. Сол сайлауд ы Ғ ы л ы м А к а д е м и я с ы н ы ң корреспондент мүшесі, философия ғылымдарының докторы Досмұхамед Кішібеков былай деп еске алады: «Сессия ашылардан бұрын, сол кездегі тәртіппен Академия мүшесі коммунистерінің ж и н а л ы с ы ө т к і з і л д і . О ғ а н Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы П р е з и д е н т і Н . Ә . Н а з а р б а е в қатысты. Оның қысқа кіріспе сөзінен кейін Ғылым Академиясына үлкен ұйымдастыру қабілеті бар, ғалымдар арасынан зор беделді кандидат ұсынуды өтінді. Академиктердің «Өзіңіздің ойлаған кандидатураңыз бар ма?» деген сұрағына Н.Ә.Назарбаев ондай кандидатура жоқ екенін айтты. Сонда мен бірінші болып сөз алып, Ө.А.Жолдасбековтің кандидатурасын ұсындым. Егер Академияны көтермек болсақ, бүгінгі таңда одан артық кандидатура көрмей тұрғанымды айттым. Кейін басқа академиктер сөйлеп, Кенжеғали Сағадиевтың, сондай-ақ Еділ Ерғожинның кандидатураларын ұсынды. Жасырын жүргізілген сайлау нәтижесі бойынша президент болып К.Сағадиев сайланды. Бірақ мәселе онда емес. Ө.А.Жолдасбеков тарихымызға үлкен мемлекеттік қайраткер, ғылымды ұйымдастырушы көрнекті ғалым, ерекше адам, халықтың нағыз азамат ұлы болып енді. Өмірбек сонша дәрежеге оңайлықпен жеткен жоқ. Қанша киянат, қиындықтарды көріп, жүрегінен өткізді. Бірақ мойымады, түңілмеді, кек сақтамады. Осынысымен де оның өмірі жастарға үлгі демекпін». «Сол жолы Жолдасбеков президент болып сайланғанда, бәлкім академия мұншалық күй кешпес еді», – деп жүрді ғалымдар. Сол естелігінде Д.Кішібеков оның болмысын да сипаттаған.
«Өмірбек ешкімнің сыртынан әңгіме айтпайтын. Басқаның табысына қуана білетін. Онда қызғаншақтық болмайтын. Айналасына қолынан іс келетін, таза азаматтарды жинап, олардың ә р қ а й с ы с ы н ы ң т е к ж а қ с ы жақтарын айтып, өзіне тартып отыратын. Кейде, біреу басқа біреу туралы өсек айтып келсе, байқамаған болып, мән бермейтін. Әңгіме ретінде талай: «Кімнің қай ру, қай жүз екенін білмеймін», – дейтін. Ол шынында да сондай еді. Сондықтан оның достары Қазақстанның жер-жерінен болатын. Өзі уәдеге берік, айтқан өтінішті аяқсыз қалдырмайтын. Мен Өмірбекпен жолға да шығып көрдім. Жолдасқа жайлы, қолы ашық еді. Проректор кезінде (Қазақ политехникалық институтында) ескі «Москвичі» болатын. Өмірбек қай жағына отырса, «Москвичі» солай қарай қисаяды, – деп күлетінбіз. Кейде ол машина көшеде келе жатып тоқтап та қалатын. Бір күні оған жоғарыдан су жаңа «Волга» берді. Сонда Өмірбек: «Ректордың машинасы ескі, менің жаңа «Волга» мінгенім келіспес, ерсі көрінер», – деп оны ректордың ескі көлігімен айырбастады. Ол кезде ректор Ә.К.Омаров болатын. Басқа біреу болса қайтер еді? Ал бұл – жайшылықта адуынды көрінетін Жолдасбековтің кішіпейілділігі. Академик Өмірбек Жолдасб е к о в т і ң ғ ы л ы м ғ а қ о с қ а н жаңалығы қандай? Мемлекет қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед өзінің «Менің а ғ а л а р ы м » а т т ы ц и к л ы н ы ң «Арыстан» деп аталатын көлемді еңбегінде былай деп жазады: «Өмекең әлем ғұламалары мойындаған абырой-атақтарға атағы аспандап тұрған сексенінші жылдары емес, әлі елуге де толмаған жетпісінші жылдарыақ жетіпті. Егер сіз Үлкен Кеңес Энциклопедиясынан бастап, бүгінгі Ресейде шығып жатқан кез-келген әмбебап энц и к л о п е д и я н ы а ш а р болсаңыз, одан міндетті түрде «Артоболевский И.И.» деген есімнамалық мақаланы табасыз. Сонау 1946 жылы академик сайланып, 1969 жылы Социалистік Еңбек Ері атанған, сөйтіп 1977 жылы дүние салған осы бір ғұлама ғалым туралы барлық энциклопедияларда ешбір өзгеріссіз қайталанып келе жатқан бір ғана дефиниция бар. Ол «мәшинелер мен механизмдер теориясы саласындағы ғылыми мектептің негізін салушы» деген анықтама. Міне, осы аты аңызға айналған акад е м и к И . И . А р т о б о л е в с к и й 1976 жылы (ол кезде Өмекең ж а с ы 4 5 - т е ) « А к а д е м и к о м У.А.Джолдасбековым выдающимся ученым, проведены широкомасштабные научные исследования по разроботке теории механизмов высоких классов и созданы принципиально новые, не имеющие аналогов практике, механизмы и манипуляционные устройства высоких классов, которые защищены авторскими свидетельствами СССР на изобретения и запантентованы за рубежом», – деп жазыпты. Ұстаздың шәкіртіне қанша талантты болса да «аса көрнекті» деген эпитетті қолдануы сирек. Өмекең соны Артоболевскийге айтқызды. Айтқызған – оның әлемдік практикада теңдесі жоқ ғылыми жаңалықтары. Бәлкім, оның бәрін академик Ө.Жолдасбеков ж е к е - д а р а а ш п а ғ а н б о л а р . Мүмкін ол теңдесі жоқ техникаларды талантты шәкірттерімен бірге жасаған болар. Мәселе – с о н ы ң а ш ы л ғ а н ы н д а , мойындалғанында, адамзат игілігіне асқандығында. Ал оның бәрінде, сөз жоқ академик Ө.Жолдасбековтің қолтаңбасы болғандығында өз басымның еш күмәні жоқ».
Кезінде Өмірбек Жолдасбековпен көп араласқан жан Қазақстан Республикасы Ұлтт ы қ и н ж е н е р л і к академиясының мүше корреспонденті, геологияминерология ғылымдарының докторы Сейсенбек Мұстафаевтың естелігінен: «Ана бір жылы Республика Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидат болып жеті ректор тіркелді емес пе. Солардың бірі – академик Өмірбек Жолдасбеков. Сонымен сайлау науқаны басталып та кетті. Барлық жерде үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Жолдасбековтей іскер жан қайда. Дегенмен, осындай шақта ондай жанға қол ұшын бергенге не жетсін. Бір күні Алматының Абай көшесіндегі жұмыс орнына іздеп бардым. Жұмыс орны шағын бөлме екен. Сәлемімді алып, жөн сұрады: – Өмірбек аға, сіз мені танымайсыз. Сіз бен біз алғаш рет кездесіп отырмыз. Мен сіздің ініңіз боламын. Сізді сыртыңыздан жақсы білемін. – Қандай шаруамен келіп едің, інім? – Сіздің Парламентке депутаттықа кандидат болып түсіп жатқаныңызды естіп, қарап отыра алмадым. Сіздің депутат болғаныңызды қалаймын. Сондықтан болысқым келеді. Мені де командаңызға қабылдасаңыз. – Көңіліңе рахмет, шырағым! Ниет, тілегі бір көңіліңе рахмет, шырағым! Ниет, тілегі бір жандарға әрдайым есігім ашық. Мамандығың қандай еді? Қай салада қызмет істейсің? – Жер асты суларының маманымын. Яғни, гидрогеолог. А л м а т ы э к с п е д и ц и я с ы н ы ң бастығымын. Бөлмеде сол кездегі Білім және ғылым министрі Жұмағұлов бар еді. Өмекең оны: – Бақытжан, мұнда кел, – деп қасына шақырды. – Командамызға бұрын мен білмейтін інім қосылып отыр. Демек, тағы бір адаммен толықтық. Танысып қой! Көп ұзамай сайлаушы лармен кездесулер басталып та кетті. Алматының Таулы қыратында тұратын жандармен жүздестік. Мәдениет сарайының іші сайлаушыларға лық толған. Өмекең өзінің бағдарламасымен таныстырды. Содан соң олар сөйлей бастады. Араларында Өмекеңді сырт екі білетіндері де бар екен. Тұрғындар ауыз судың азабын әбден тартса керек. Мосқалдау бірі орнынан тұрып, сол жайлы айтты да: – Сіз бізге жер асты ауыз суын шығарып беріңіз. Егер соны істеп, мына жұрттың кепкен тандайын жібітсеңіз, біз сізге дауысымызды береміз, – деді. Өмекең маған қарап: – Қалай бауырым, бұл шаруа қолыңнан келе ме? – деді. – Келеді, Өмеке. Уәде бере беріңіз. Өмекең қалың жұртқа мені таныстырды да, ұсыныстарының жақын күндерде жүзеге асатынына сөз берді. Экспедицияға Мәскеу бөлген қаражат жеткілікті еді. Бір бригаданы сонда бөліп, бұрғылау жұмыстарын жүргіздім. Бұрғы жердің тұщы су қабатына жеткен кезде, жоғарыға су шығаратын қондырғыны орнаттық. Тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Содан кейін де Өмекеңмен қала ішін қаншама рет жаяу аралап, сайлаушылармен кездестік. Сайлау қорытындысы шығатын күні түн ортасына дейін штабта отырып күттік. Бір уақытта Орталық сайлау комиссиясынан: «Жетеудің ішінен сіз алға шықтыңыз. Сіз жеңдіңіз!» деген хабар жетті. Қаншама күнгі тынымсыз еңбегіміздің зая кетпегеніне қуандық. Оның үстіне сайлаушыларға Өмірбек Жолдасбековтей ғалым, іскер жанның депутат болғаны аса қажет еді. Сол түні Өмекең бізді үйіне ертіп барды. Әйелі Мая Михайловна Бағызбаева дастарқан жасап қойған екен. Сонда жеңгейді бірінші рет көрдім. Стол басында Өмекең барлығымызға алғысын айтты. Содан бастап араласқұралас болдық. Оңаша отырыста Өмекең өзі туралы аздап ашылып сөйлейтін. Әйелі Мая Михайлованың әкесі Мұхаметәлі 1937 жылы «халық жауы» атанып атылған да, анасын Карлагтың азапты лагеріне айдаған. Мая да сол жерде анасының жанындағы балалар лагерінде тәрбиеленген. Кейін мерзімді уақыттарын өтеп, Шымкент қаласына оралады. Мая мен Өмекең Қ.Сыпатаев атындағы бір мектепте үздік о қ и д ы . Ө м е к е ң қ о ғ а м д ы қ жұмыстарға белсене қатысып жүрген. Мектепті бітірген соң Өмекең Мәскеудің Ломоносов атындағы университетіне, ал Мая Ленинград университетіне оқуға түседі. Екінші курста Өмекең университет басшылығына өтініш жасап, болашақ жары Маяның оқуын Мәскеу университетіне ауыстырып, екеуі қатар жүреді. Ө м е к е ң о з а т с т у д е н т қ а н а емес, еркін күрестен университет намысын қорғап, Мәскеу қаласы бойынша бес рет чемпион атанған. Оны университет басшылары сол үшін де мақтан тұтатын. Бір жолы Маяның туған күні жатақханасына Өмекең «Зил» жеңіл автокөлігімен келіп, құшағын гүлге толтырған. Оның қасындағы құрбыларына да сондай гүл сыйлайды. Содан әлгі сыртта күтіп тұрған «Зилмен» оларды Үлкен театрға алып барса керек. Сатып алған билеттері де анау-мынау жандардың қолдары жете бермейтін бірінші қатар орындықтарынан екенін көріп Маяның кұрбылары таңғалады ғой. Олар Маядан: «Өмірбек бізді министрлер мінетін көлікпен алып келді. Өзі министрдің баласы ма?», – деп сұрайды. Ол жымиьп басын шайқайды. Қыздар әлі де таңданыстан арыла алмай тағатсызданып: «Жігітіңнің әкесі бәлкім обкомның бірінші хатшысы шығар?», – дейді. Мая: «Қыздар, Өмірбектің әкесі жоқ. Өмірден ертерек озған», – дегенде олар одан бетер таңданса керек. Ал Өмекең Маяның туған күнінің алдында теміржол вокзалына барып, вагондардан көмір түсіріп, біраз қаражат тапқан. Өмекеңнің мұндай жұмыс істеген кездері аз болмаса керек. Мая екеуі бесінші курста бас қосып, отау тігеді. Өмекеңнің Мәскеу ғалымдары арасындағы беделін естуші едім. Кейде маған сол әңгімелер аңыз сияқты көрінетін. Бір жолы инженерлік академияның Мәскеудегі жиналысына бірге бара қалдық. Жиынға анаумынауларға басын бұра бермейтін атақты ғалымдар көп жиналды. Өмекенді олар «Дядя Джо» дейді екен. Залға СССР Министрлер Советінің төрағасы Николай Иванович Рыжков еніп, анадай жерде тұрған Өмекеңе барып қолын алып, қал-жағдай сұрасты. Сол жиналысты Одақтық инженерлік академияның президенті емес, Өмекең жүргізді. Өте жинақы жүргізді. Шашау шығарған жоқ. Сөйлеген ғалымдардың Өмекеңе деген ерекше ілтипаты көрініп тұрды. Жиыннан соң ғалымдарға банкет берілді. Онда да олар: «Все Джо знает» деп банкет отырысын Өмекеңе басқартты. Сол кездерде менің мерейім қандай өсті десеңші. Өмекеңнің атақтары жер жарған Мәскеу ғалымдарының арасындағы беделіне сүйсіндім. Мендегі аңыздың бәрі сонда ақиқатқа айналды. Өмекеңнің өмірден озғаны маған әлі де жұмбақ. Сол жолы Карло Варадаға шипажайдан Шымкентке аман-есен оралған. Таудай тұлғасынан жанына батқан ауруы сезілмейтін. Біреулер «Сарыағаш шипажайында білікті алтын ине салғыш бар, соған да көрініп алсаңызшы» деп қоймаса керек. Сол ине салғаннан кейінақ жағдайы кете бастаған екен. Қатты ауырып қалды дегенді естіп, көңілін сұрауға бардым. Алматыға алып келдік. Өмекең сол науқастан басын көтере алмай ұзақ жатып барып, мәңгіге көз жұмды. Сол кезде ел енді ғана еңсесін көтеріп жатқан кез еді ғой. Үйінің алдына келім-кетім қонақтарға арнап екі киіз үй тіктім. Ас қамын да әзірлеп, алыстан келгендерді күттік. Ақ жауып арулап, Кеңсайдағы мәңгілік мекеніне жайғастырдық. Қырық күндік қонақасында бәрі жиналды. Сөйлеушілер Өмекеңнің ғалымдығын, іскерлігін сөз етті. Солардың біразы кезінде Өмекеңнің үстінен арыз жазғандар еді. Мен жазушы Шерхан Мұртаза ағамен қатар отыр едім. Шерағаң жуан дауысымен жанындағыларға естірте: «Мен дүниеде екіжүзділерден, екі сөйлейтіндерден қорқамын. Мыналар осы сөзді Өмекеңнің қадірқасиетіне жетіп, көзі тірісінде айтқанда, бүгін оның сорпасында емес, қуанышында отырар едік», – деді. Иә, алтынның қолда барда қадірі болды ма? Қолдан шығып кеткен соң «аһ» ұрып өкінетініміз-ай!
Көлбай АДЫРБЕКҰЛЫ
Qazaquni.kz