БӨГЕНБАЙ БАТЫРДЫҢ ДУЛЫҒАСЫ МУЗЕЙГЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

БӨГЕНБАЙ БАТЫРДЫҢ ДУЛЫҒАСЫ МУЗЕЙГЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

ҚР Қарулы Күштері әскери-тарихи музейінің қорына қазақ әсерінің бас қолбасшысы болған Бөгенбай батырдың дулығасын салтанатты түрде тапсыру рәсімі болып өтті.

Алғашқы болып Бөгенбай батырдың сегізінші ұрпағы, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, “Ақ жол” партиясы төрағасы Азат Перуашев сөйледі. Ол Бөгенбай батырдың ел тарихындағы ерекше рөліне тоқталды. Тәуелсіздік мерекесі жылында батырдың ұрпақтарында үш ғасыр сақталған дулығаның көпшіліктің назарына ұсынылып, мұражайға сақталуға беріліп жатуының маңызына назар аударды.


Белгілі ғалым, тарихшы Жамбыл Артықбаев Бөгенбай батыр кітабын жазудағы өзінің түйген ой-пікірлерін жеткізді.


Белгілі ғалым, филология ғылымы докторы, профессор Серік Негім Бөгенбай батырдың ерліктерін тізбектеп айтып берді. 

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, “Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса бұл шараның ұлт мүддесін қорғауда отаншылдық рух сыйлайтынына тоқталды.


-Әрбір Тәуелсіз елдің азаматтарының ең басты қасиетті міндеттерінің бірі - Ел қорғау! Ел қорғау десе, есімі ел аузына алдымен түсетін ерлердің бірегейі Бөгенбай батыр!

Әйгілі Бұқар жырау “Қазақтың қамал қорғаны” деп атаған Бөгенбай батырға жыр арнамаған жырау кем. Бөгенбаймен бірге барлық соғысына қатысқан батыр жырау Үмбетей:

Уа, Алатаудай Ақшадан

Асып тудың, Бөгенбай!

Болмашыдай анадан

Болат тудың, Бөгенбай!

Қалақайлап дулатқан,

Қалдамандап шулатқан

Қалмақты алдың, Бөгенбай!

Құбыла көшкен байтақтың

Ордасындай Бөгенбай!

Темір жұмсап, оқ атқан

Қорғасындай Бөгенбай!

Қалмақты қуып қашырдың,

Қара Ертістен өткізіп,

Алтай тауға асырдың!-

деп жырлаған.

Батырын, ақынын, асылын ұлықтай білген елдерде тұлғалардың кез келген бұйымын, белдігі болсын, кездігі болсын, қадірлей біледі. Ал жау қашырып, ел қорғаған Бөгенбай батырдың 

Ендеше, Бөгенбай батырдың дулығасының әскери музейге тапсырылуы - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне зор тарту деп білеміз.

Бөгенбай батырдың дулығасы - бізге өр рух пен күш-жігер береді.

Бұндай рухани шаралар жас өркенді патриоттық рухта тәрбиелейді!

Көктің астын жаулаған Көк түріктен тараған Қазақ Елінің Көк туы көкте мәңгі желбірей берсін!

Алашқа Алла жар болып, Бөгенбай батырдың әруағы қолдай берсін!-деп, қорытты Қазыбек Иса.

Иә, Тәуелсіздіктің мерекелі жылында ел рухын көтеретін игі шаралардың берері көп.

Қазақ үні