Сұраған Рахметұлы: Қазақ тілі үшін қатты майданға шыққан шын батыр
2021 ж. 19 қараша
1587
0
...Бұрынғы жүйенің соңғы пәрмені һәм қазақтың тарихи отанына оралудың тұңғыш қарары осыдан 30 жыл бұрын 1991 жылы 18 қараша күні бекіді. Қарар болғанда лебі социалистік мағыналы құжатнама.
Сол кездегі атау бойынша (Қаз ССР-нің №711 санды қаулысы) Кеңестік үкіметтен қабылданған-ды.
Демек 1992 жылы 26 маусымда қабылданған Көшіп келу туралы заңының сәл креативті жағы үстемдеу болды. Содан бері 30 жыл өтіпті...
Соңғы мәліметпен тарихи отанға 1.5 млн қазақ оралыпты. Оралғандар түгел торалып, қонысы құт болған жұрттың көш легінде біз де еруміз мүмкін!?
Бүгін осы даталы күні ақын, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Қазыбек Исамен жолығып қалдық.
Кешелері ғана Парламент Мәжіліс отырысында Қазақстан фудболшыларын бүрістіріп: «... гол салмайтын, қазақтың қазынасына қол салатын, қол салса мол салатын”, “миллиардтар алып отырған қазақ фудболшыларында гол жоқ, ал, қаржы тапшылығынан ауылда жол жоқ... “, “Еш нәтижесіз бөлінген 133 млрдқа 133 мектеп салуға болар еді...» деп хаһи шу көтерген Қазыбек ақын бүгін тағы бір бише (вице) министрді «...сендер осылай келерде ҚР Парламенті деген адреске неге қарамайсыңдар, Ресейдің Думасында жүргендей өзге тілде сөйлеп...» деп қиыс кеткен Қиястың баласының орысшасына қуарып, тіпті құтқурлап, қуырып тастап,ашулы келе жатқан беті екен!?
ҚР Президенті жанындағы Ұлтық қоғамдық сенім кеңесі мүшесі тұрғысынан да депутаттық, азаматтық тұлға тарапынан да оның бұл жолғы әрекеттерінде еш сөкеттік жоқ. Керісінше төтен ерлік, жөн бағдар!
Қазақ тілі, қазақтың көші, қазақтың қаржысы аясында аянбай қатты «майданға» шыққан шын батырмен шынпейіл, риясыз әңгіме, шамалы ақылдас, сұқбат құрдық.
Сұраған Рахметұлы,
Фейсбук парақшасынан