Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын беру үшін менен жылда 10 мың доллар сұрайды - Баян Алагөзова
2021 ж. 11 тамыз
3486
0
Баян Алагөзова Қазақстанда еңбек сіңірген қайреткері атағын алғандардың бәрі өз еңбегімен жеткен адамдар емес деген ойын айтты. Продюсер жауапты адамдардың жыл сайын осы атақты ақшаға сатып алуын сұрайтынын жасырмады. Алайда ол атаққа ақшамен емес, әділдікпен жетпек.
Бұл туралы Баян Мақсатқызы Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.
“Жанар Дұғалова Türkvizyon 2014 ән байқауының жеңіп алған соң Қазақстанда еңбек сіңірген қайреткер атағын алды. Сенде әлі ондай атақ жоқ. Сенің емес, сенің шәкіртіңе осылай құрмет көрсеткеніне ренжімедің бе? Бізде Мәке, Сәке, Бәкенің көмегімен бәрінің шешілетінін өзің де білесің”, – деп сұрады Динара Сәтжан.
Баян ханым Қазақстанда атақтың өзі ақшаға сатылатынын мойындады.
“Жоқ, мен бұндайға назар аудармаймын. “Егер сенде бірнәрсе жоқ болса, сен оған әлі лайық емессің” деген принциппен өмір сүремін. Жанар алды, соған лайық болған шығар. Мен алмадым, мен оған лайық болмаған шығармын. Ол үшін кімге ренжимін. Мен бұл атақтың қалай келетінін білемін. Себебі, жыл сайын менен 10 доллар ақша сұрайды. Бастапқыда 10 мың доллар болатын. Қазір 5 мың доллар екен. Солай атақты болып шыға келесің. Мен 20 жыл осы салады жұмыс істеймін. Сөйте тұра мен оларға ақша беруім керек екен. Менде 5 мың да, 10 мың доллар да бар. Бірақ мен оны ешқашан сатып алмаймын. Маған ақшаға келген атақ керек емес. Мен оны әділ жолмен аламын. Сатп алғандардың бәрі өз ішінен оған лайық емес екенін біледі. Біреуі сатып алады, бірі жалынып, аяғына жығылып, не таныстар арқылы келісіп алады. Маған ондайдың бірі де керек емес”, – деді Мақсатқызы.
Дереккөз: alashainasy.kz