Беларусь елі Димашты қимай, қазақша әнмен шығарып салды (видео)
2021 ж. 22 шілде
3765
1
Витесбкіде Димаш Құдайбергенді шығарып салған әнсүйер қауым оның ана тіліндегі - қазақша әнін орындады, деп хабарлайды zakon.kz.
Көңіл толқытар ұмтылмас сәттің видеосын Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Айта кетсек, Димаш Құдайберген "Славян базары" ХХХ фестиваліне құрметті қонақ әрі қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылған еді. Биылғы байқаудың Гран-Приін жерлесіміз 22 жастағы әнші Рухия Байдүкенова иеленді. Кішкентай кезінен вокалмен айналысатын Рухия Талдықорған қаласының тумасы. Қазір ол Өнер институтында "эстрадалық вокал" факультетінің 3-курсында оқиды. Оның диапазоны бес октаваны құрайды.